Ассамблея

Ақтауда корей этномәдени бірлестігі «Чхусок» мейрамын тойлады

  • Ақтауда корей этномәдени бірлестігі «Чхусок» мейрамын тойлады

    Ақтауда корей этномәдени бірлестігі «Чхусок» мейрамын тойлады

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласында «Чосон» корей этномәдени бірлестігі «Монтана бланка» мейрамханасында «Чхусок» мейрамын өткізді, - деп хабарлайды Алаш айнасы.

Дәстүрлі мерекеге Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы ассамблеясының басшылығы, Маңғыстау облысы әкімінің аппараты, «Қоғамдық Келісім» КММ қызметкерлері, этномәдени бірлестік өкілдері, РЖҚ «Жаңғыру жолы» өңірлік штабының жастарымен қоса қала тұрғындары қатысты. «Чосон» корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Маденова Раиса Ивановна келген қонақтарды корей халқының мәдениетімен, салт-дәстүрімен, өнерімен таныстырып өтті.

«Чхусок» мейрамында корей халқының ұлттық тағамдары және қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті. Салтанатты шарада ән шырқалып, би биленіп, қызықты ойындар да ойнатылып мерекені тамашалаушылардың көңілін көтерді.

Мерекелік жиында Маңғыстау облысы ҚХА хатшылығының меңгерушісі – Гүлжан Мақсұтқызы, МО ӘА «Қоғамдық Келісім» КММ директоры Аманкүл Әбдіғалиқызы және этномәдени бірлестік төрағалары корей халқын «Чхусок» мерекесімен құттықтап, жоғары деңгейде өткен мерекелік кеш үшін алғыстарын айтып, разылықтарын білдіріп сөз сөйледі.

«Чхусок» – қыркүйек пен қазан айының ортасында тойланатын корей халқының ең атаулы мерекесі. Кореяда бұл мереке 5 күн қатарынан тойланады. Мереке атауының мағынасына зер салсақ «чху» корей тілінен аударғанда - күзді, «сок» - кешті білдіреді екен, яғни «күзгі кеш» деп аударылады. Мереке ежелден күзгі жиын-терім жұмыстарының аяқталуына сәйкес тұста, ай толған кезде тойланады. Бұл мейрам ежелгі шамандық дәстүрдің рәсіміне жатады. Атаулы мереке арнайы жеміс-жидектердің, дәнді дақылдардың пісіп жетілген кезіне орайластырылып өткізілетін ырыс-берекені, еңбекті насихаттайтың думанды мереке. Салыстырмалы түрде қарасақ, қазіргі уақытта елімізде аталып өтетін «Алтын күз» мерекесіне ұқсайды. Бүгінде «Чхусок» мерекесі Кореяда да өзге елдердегі көптеген мерекелер сияқты өзгерістерге ұшыраған, яғни заман талабына қарай өзгерген. Сондықтан да қазір мерекеде көне салт-дәстүрлерді арнайы көріністер арқылы тамашалайды.

Негізгі дәстүр бойынша бұл мерекеде адамдар үйінің қабырғаларына, келер жылы егіндік жақсы өнім берсін деген ниетпен астықтың бір бумасын іліп қойған. Мереке аяқталғаннан кейін де бұндай безендірулер біразға дейін ілініп тұрған. Мұны өздері бабаларымызға көрсетілген сый-құрмет деп түсінген.

Айдың ортасы болып ай толған кезде түн ішінде де айнала жарқырап тұрады. Дәстүр бойынша сол уақытта ежелгі корей елінде айға ғибадат еткен. Мерекеде чимпень, чальток, сонпхён, күріш шарабы және басқа да ұлттық тағамдарды жасап, дастархан жаяды. Осы күні отбасы мүшелері мен жақын достар бір-біріне сыйлықтар берген.

Чхусок мерекесі кезінде ата-бабаларының моласына барып, сый-құрмет көрсету салты оларда әлі күнге дейін сақталған. Оны өздері «сонмё» дейді. Бұл салт бойынша ата-баларының бейітінің басын тазалап, жинап, қаулап өсіп кеткен шөптерді, бұталарды шабады. Көне дәстүр бойынша осы салт беделді адамның міндетті парызы болып саналған екен. Жаңа астықтан ата-бабаларына арнап сыйлықтар жасайды. Зиратқа барғаннан кейін, көптеген адамдар дәстүрлі ойын-сауықтарға қатысқан.

Сонымен қатар, мейрам күні таңертен әр үйде дастархан басында ата-бабаларының рухына бағыштап құрбандық шалу рәсімі өтеді. Оны – «чарэ» деп атайды. Таңертең ерте бүкіл отбасы бабаларының құрметіне құрбандық ошағына жиналады. Онда түрлі тағамдар жасалып, дастархан жайылады. Дастарханға күріш пен сорпа, жемістер мен көкөністер, ет тағамдары, күріш торты және сусындар, картоптан немесе астықтан жасалған сусын, тәтті дәмі бар күріш шарабы қойылған. Осындай жолмен ата-бабаларының рухына тәу етіп батасын алады. Олардың мұндай рәсімі жылына екі рет өтеді екен. Яғни «соллаль» күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесінде және Чхусок мерекесі кезінде жасалған.

Тағы бір рәсімі дәстүр бойынша қыздар барлық қонақтарға мерекеге арнайы дайындалған, күріштен жасалған «чимпень» деп аталатын жұқа нанан дәм татырады.

Чхусок мейрамындағы дәстүрлі тағы бір іс-шара – «кангансуллэ» биі. Оған әйелдер мен қыздар қатысады. Олар корейдің дәстүрлі «ханбок» киімін киіп, халық әндерін орындайды. Бұл дәстүр туралы қызықты аңыздар бар. Сол аңыздардың бірін айтып өтейік. Ли әулетінің заманында Кореяға дұшпандары шабуыл жасап, соғыс ашпақ болған кезде, барлық әйелдер әскери киім киіп алып, тауға шығып би биледі. Оларды көрген жау әскері бұлардың әскері айтарлықтай көп екен деп ойлап сескеніп қалады. Осы қулықтың арқасында корейлер жеңіске жетеді. Бұл бидің осындай тарихы бар.

Ал, балуандар «ссирым» деп аталатын күреске қатысып күш сынасады. Бұл корейдің көнеден келе жатқан ұлттық спорты. Ежелгі дәстүр бойынша күресте жеңімпаз атанған балуанға сыйлыққа өгіз тарту етілген екен.

Міне біз корей ұлтының дәстүрлі «Чхусок» мерекесіне біршама шолу жасап өткендей болдық. Қазіргі уақытта еліміздегі барлық этномәдени бірлестіктер осындай ұлттық дәстүрлерін ұмытпай насихаттап атап өтіп жатады. Бұндай шаралар елімізді мекен еткен әртүрлі ұлт өкілдері бір-бірінің дәстүрін жете танып, ынтымағы мен бірлігі, сыйластығы мен татулығы арта түсуіне ықпал ететіні сөзсіз. Бұндай ізгі іс тек қана бірлігі мен ынтымағы жарасқан елде ғана болады.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 601    Пікірлер: 0

жексенбі, 14.10.2018, 11:22

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30