Ассамблея

Аналар кеңесі қайырымдылық шарасын өткізді

  • Аналар кеңесі қайырымдылық шарасын өткізді

    Аналар кеңесі қайырымдылық шарасын өткізді

Алматы қаласы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қайырымдылық керуені» жалпыұлттық акциясы аясында қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Алматы қаласы ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырған шараға жергілікті этномәдени бірлестіктер белсене атсалысты. 


Айта кетер жайт, еліміздегі ассамблеялықтар үшін қайырымдылық шаралары үйреншікті шараға айналған. Әртүрлі форматта ұйымдастырылатын мұндай шаралардың басты мақсаты қоғамымызды қайырымдылыққа үндеу, көмек қажет ететін қоғамымыздың әлсіз мүшелеріне көмек қолын созу болып табылады. Осы орайда Достық үйінде ұйымдастырылған шараны алғы сөзімен Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы Ниязова Нурия Исмагиловна ашты. Ол өз сөзінде әйел-аналардың қайырымдылық қызметте алар орнын, сонымен бірге жиынға  қатысушыларға қалалық Аналар кеңесінің өмірдің қиын кезеңдерін бастан кешіріп жатқан балалар мен көп балалы отбасыларға қол ұшын беру мақсатында жүргізген шаралар мен акциялары жайлы кеңінен ақпарат берді. Қайырымдылық акциялары мен қайырымыдылық концерттерін ұйымдастыру нәтижесінде түскен қаржының қай жаққа кетіп жатқаны туралы есеп берілді. 


Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, Алматы қаласы «Щинсын» Дұнған мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абубекерова Зухра Хакимовна, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі, «АХЫСКА әйелдері» Түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Хусеинова Зульфия Шахмуратовна сөз сөйлеп ұйымдастырылып жатқан қайырымдылық шараларының маңыздылығын атап өтті. Кеш соңында ҚазМемЦирктің цирк қойылымына билеттер және Алматы қаласы Кәмелеттік жасқа толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілеріне сыйлықтар үлестірілді. 


«АХЫСКА әйелдер» ҚБ Түрік этномәдени бірлестігінің өкілдері емделуге мұқтаж балаларға қайырымдылық конвертін табыстады. Сонымен қатар, «Алматы локоматив эксплуатационндық депосы» ұжымы, Алмапы қаласы түрік және кәріс этномәдени бірлестіктері де мұқтаж жандарға көмек қолын созды.


Алматы қаласы этномәдени бірлестігінің өкілдері емделуге мұқтаж балаларға сертификаттар табыстады. Іс-шара соңында Алматы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы қоғамымыздағы әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтарды қолдау ісінде ынтымақтастық көрсеткені үшін шараға қатысушыларға алғыс айтты. Акцияны ұйымдастырушылар алдағы уақытта қайырымыдылық шаралары жалғасын табатынын айтты. 


Еркенұр Ерзия


 


 




Көрілген: 5733    Пікірлер: 0

сейсенбі, 19.06.2018, 17:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30