Ассамблея

Ардагерлер қамқорлыққа бөленді

  • Ардагерлер қамқорлыққа бөленді

    Ардагерлер қамқорлыққа бөленді

Ассамблея мерекелік күндерге орай іс-шара өткізуден еш қалыс қалған емес. Осы орайда жақында Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен 9 мамыр – Жеңіс күніне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне арналған «Қамқор» акциясы болып өтті. Мерекеге орай ұйымдастырылған қайырымдылық акцияның мақсаты сұрапыл соғыс жылдары қиыншылықтарды қайыспай көтерген, елдің қамал-қорғаны болған ардагерлерді қадірлеу, жас ұрпаққа олардың ерен ерлігін паш ету болып табылады.


Маңызы жоғары акцияға облыстық этномәдени бірлестіктің белсенділері, мекеме қызметкерлері мен жастар белсене қатысты. Акция ұйымдастырушылары Ұлы Отан соғысының ардагерлері Любовь Колесник, Абдрахман Батиков пен тыл ардагерлері Зинаида Крыкова, Сабиля Мухамедшина, Ге Хак Рим, Михаил Шегайдың үйіне барып, сый-сияпат жасап, қарияларға мереке қарсаңында көңілді күй сыйлады. Айта кету керек, құрметке бөленген асыл жандардың ең жасы – 91 де болса, ең үлкені – 94 жаста. «Қамқор» акциясына мектеп оқушылары да қатысып, қадірлі де құрметті ардагерлерге өз өнерлерін көрсетті. Мұндай қайырымдылық акциялары алдағы уақытта да жалғасын таппақ!


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4262    Пікірлер: 0

жексенбі, 13.05.2018, 23:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31