Ассамблея

Ассамблея 11 жобаны қолға алады

  • Ассамблея 11 жобаны қолға алады

    Ассамблея 11 жобаны қолға алады

Алматыда Қазақстан халқы ассамблеясы құрылымдарының өкілдері, Мәслихат депутаттары, Аналар кеңесі мен Қоғамдық келісім кеңесінің жетекшілері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылады.


Қазақстан халқы ассамблеясы Төра­ға­сы­ның орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Дар­хан Мыңбай жиынды жағымды жаңа­лық­пен ашқысы келетінін жеткізіп, Анкара қа­ла­сындағы Еуразия Жазушылар қауым­дас­тығының ұйымдастыруымен драматургия са­ласы бойынша өткен Қорқыт ата атындағы ха­лықаралық байқауда «Шарбақ» пьесасымен І орын иеленген Қазақстанның еңбек сіңір­ген қайраткері, жазушы Ахметжан Ашириді жеңімпаз атануымен құттықтады. Түркия Ре­спубликасы Мәдениет және туризм ми­нистр­лігінің қолдауымен өткен шарада Қа­зақстанның атын түркі әлеміне танытуға тағы бір мәрте үлес қосқаны үшін қаламгердің иы­ғына шапан жауып, алғысхат тапсырды.

Бұдан кейін Елбасы Жолдауындағы мін­деттерді жүзеге асыру мәселесіне тоқтала ке­ліп, Ассамблея жастармен жұмыс істеуді не­гізгі басым бағыттарының бірі ретінде алып отырғанын атап өтті.

– Этно-мәдени орталықтардағы озық ой­лы жастардың ресурсы мол. Біз алдағы 15 наурызда барлық жастар бірлестіктерінің же­текшілерін екі күнге Астанаға жинап, «Жаң­ғыру жолы» қозғалысының жұмысын бас­таймыз. Штаб құрылып, оның атқаратын жұ­мыстары нақтыланады. «Жаңғыру жолы» жас­тар қозғалысы «Рухани жаңғыру», «Қа­зақ­станның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бә­секеге қабілеттілік» бағдарламаларындағы мін­деттер арқылы жастардың дамуын қамта­ма­сыз етеді. Елбасы айтып өткендей, «Өзінің тарихын, тілін, мәдениетін білетін, сондай-ақ заманына лайық, шет тілдерін меңгерген, озық әрі жаһандық көзқарасы бар қазақ­стан­дық біздің қоғамымыздың идеалына айналуға тиіс».

Екіншіден, Қазақстанның 100 жаңа есі­мін таныту мақсатымен қоғамдық саяси ба­ғыт­та ассамблеяның атқаратын 11 арнайы жо­басы бар. 11 жобаның барлығы жастарға ба­ғыт­талған. Үшіншіден, Қазақстан халқы ас­самблеясының 26-сессиясын өткізгеннен кейін, біз «Жаңғыру жолы» республикалық фо­румын қолға аламыз. Онда ҚХА тарапынан әзір­ленген жастардың әлеуметтік жобаларын та­ныстырамыз. Сонымен қатар 1 наурыз «Ал­ғыс айту» күнін мерекелеуді дәстүрге ай­нал­­дырып, Бейбітшілік және келісім са­райын­да сән-салтанатымен атап өтетін бо­ла­мыз. Оған қоса, «Қайырымды көршіге рах­мет» акциясын тұңғыш рет жүзеге асыр­мақ ниеттеміз. Бұл – бір шаңырақ астында бірге өмір сү­ріп жатқан қауымдастықтар мен түрлі этностардың бірлігін нығайтатын тағы бір игі бастама деп ойлаймын. Іс-шарада көр­ші үй­лер, ауылдар мен аудандарда тұратын ха­лық­тар­дың кездесуін ұйымдастыру көз­дел­ген. Өлкетану музейлерін аралап, айналаны кө­­гал­­дан­дыру, киелі мекендердің бейнеро­ли­гін жасау сияқты жұмыстарды да қамту жос­­пары­мызда бар.

Біздің ұранымыз – бір-бірімізге алғыс ай­тып, ескі өкпе-реніш болса ұмытып, кешірім сұрау болуы тиіс. Жақын орналасқан мекеме ұжым­дарымен де танысып, араласуға мүм­кін­дік туады. Осы жобаға барлығыңызды ат­са­лысуға шақырамын, акцияны өткізуде өз­гелерге алдымен өзіміз үлгі көрсетіп, рес­пуб­ликалық, өңірлік шараларды ұйымдас­тыруымыз қажет.

Бұдан бөлек, 1 наурыздан бастап Ақпарат жә­не коммуникация, Білім және ғылым ми­нистрліктерінің қолдауымен екі ақпарат­тық жоба іске қосылады. Оның алғашқысы – Қазақстан халқы ассамблеясының муль­ти­медиялық порталы, екіншісі – «Қазақстан хал­қы» интерактивтік тарихи картасы. Пор­талда әр этно-мәдени бірлестік өз парақ­ша­сын ашып, жаңалықтарымен бөлісіп отыра алады. Электронды басылым шығарамын деушілердің де ұсынысын қолдаймыз. «Қа­зақстан халқы» тарихи картасы «Ұлы Дала тарихы», «Тәуелсіздік жо­лында: Қазақстан хал­қының қалыптасу тари­хынан», «Алғыс айту күні» және басқа бөлік­тер­ден құралады.

Сәуір айынан маусымға дейін Қазақстан хал­қы ассамблеясының 26-сессиясына дайын­­дық жұмыстарына кірісеміз, – деді Дархан Мыңбай.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев өз сөзінде Президент Жол­дауының еліміздің дамуы мен болашағы үшін маңызды міндеттер жүктеп, нақты ба­ғыт-бағдарын айқындап бергеніне тоқталды.

Өткен жылы елімізде саяси және эко­но­микалық реформалармен қатар, кең көлемді «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» бағ­дарламасы іске қосыл­ға­нын тілге тиек етті. Қалада атқарылып жат­қан жобаларды таныс­тырып, «Жаңғыру жо­лы» қозғалысын қол­дайтынын білдірді.

Республикалық «Айқын» газетінің Бас ре­дакторы Нұртөре Жүсіп:

– Мемлекет басшысының 2018 жылғы 10 қаң­тардағы Жолдауы мән-маңызы жағынан осы заман шындығымен толық үйлеседі. Уа­қыт бір орнында тұрмайды. Алға жылжу, алға ұмтылу – қай халыққа да керек. Осы тұрғыдан алғанда, Елбасы Жолдауы уақыт тынысын тап басып отыр деуге болады. Біз саяси тұрақ­тылық пен қоғамдық келісімнің арқасында эко­номикамызды, саясатымызды және са­на­мызды жаңғыртуға кірістік. Технологиялық жә­не инфрақұрылымдық тұрғыдан дамудың жа­ңа кезеңіне тың серпін берілді. Кон­си­титуциялық реформа билік тармақтары ара­сындағы балансты нақтылай түсті. Біз ұлттық сананы жаңарту үдерісін бастадық. Бұл ба­залық үш бағыт Қазақстан жаңғыруының жүйе­лі үш тұғыры болып саналады. Біз жаңа за­манға сай болу үшін Төртінші өнеркәсіптік ре­волюция жағдайындағы тарихи өрлеу бас­тауында тұрған біртұтас ұлт болуымыз керек.

Президентіміздің «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласында, биылғы Жолдауда бір мәселеге аса маңыз берілді. Ол – «Ұлттық сана» және «Біртұтас ұлт» деген мә­селе. «Қазақ тілін халықаралық деңгейге жа­­қын­дату керек. Латын қарпіне көшу бұл мә­се­лені реттеуге мүмкіндік береді» деді.

Айтқандай, мен 2010 жылы Қазақстан хал­қы ассамблеясының кезекті сессиясында латын қарпіне көшудің қажеттілігі туралы мәселе көтерген едім. Арада 7 жыл өткенде, бұл мәселе өмірдің шындығына айналды. Мұ­ны мақтаныш тұтамын. Президент «2025 жылға дейін білім берудің барлық деңгейінде ла­тын қарпіне көшудің нақты кестесін жа­сау қажет» деді. 2019 жылдан 10-11-сы­нып­тар­дағы жаратылыстану ғылымының же­ке­леген пәндерін оқытуды ағылшын тіліне кө­шіру басталатын болады. Нәтижесінде, біз­дің барлық түлектеріміз елімізде және жаһандық әлемде өмір сүріп, жұмыс істеуі үшін қажетті дең­гейде үш тілді меңгереді. Сонда ғана на­ғыз азаматтық қоғам құрылады. Қазақстан – бәріміздің ортақ ме­­кеніміз. Ұлт пен ұлыс өкіл­дері бірігіп, бір мақ­сатқа – Қазақстанның гүлдеп, өркен­деуіне атсалыса алады. «Қа­зақ­стан бір­тұтас ұлтқа ай­налады» деді Елбасы. Қо­лымыз жетпей жат­қан нәрсе болса – осы!

Қазақстан халқы ассамблеясы мен оның белсенді мүшелері Президент көрсетіп отыр­ған «Біртұтас ұлт» бағытын батыл қолдауы тиіс. Ұлт біртұтас болуы үшін – оның тілі біртұтас болуы қажет. Осы ретте мемлекеттік тілді білу, меңгеру және қолдану ісінде ас­самблея мүшелері қоғамның алдыңғы сапын­да болғаны жөн деп есептеймін. Дархан Қам­забекұлы нақты бағдарды айқындап бер­­ді. Өз тарапымнан «Рухани жаңғыру» аясында қолға алынған «Қасиетті Қазақстан», «Туған жер» деген акцияларды жаңа Жол­дау­мен үйлестіруді ұсынамын. Барша ағайын­­ды, оның ішінде Қазақстан халқы ас­самблеясы мүшелерін дәйекті іс-қимыл жасауға, Елбасы белгілеген «Біртұтас ұлт» төңірегінде топ­тасу­ға шақырамын, – деді.

Жиын соңынан Дархан Қамзабекұлы этномәдени орталықтардың редакторлары­мен кездесіп, Достық үйіндегі жаңа баспасөз залының тұсаукесеріне қатысты. Шара бары­сында «Ахыска» түрік этно-мәдени орталы­ғы­ның төрағасы Зиятдин Касанов, «Коре ильбо» газетінің бас редакторы Константин Ким, «Уйгур Авази» газетінің бас редакторы Ершат Асметов, «Дустлик» Қазақстан өзбек­тері қоғамдық бірлестіктер ассоциациясы төра­ғасының орынбасары Абдулла Исма­тул­лаев сөз сөйлеп, көкейкесті мәселелерді ор­таға салды. Ресми мәліметтерге жүгінсек, елі­мізде тіркелген этникалық бұқаралық ақ­парат құралдарының жалпы саны – 52. Олар 15 тілде басылады екен. Соның ішінде Алматы қаласында шоғырланған басы­лым­дардың саны – 17. Жұмысын ерекше атап өтетін мерзімді басылымдар: «Коре ильбо», «Ұйғыр Авази», DAZ, «Ахыска» газеттері.

– Қоғамның әр саласын модерни­зация­лауда, азаматтардың бүгінгі өзгерістер тала­бы­на сәйкес санасы мен мәдениетін қалып­тастырып, «Рухани жаңғыруына» әсер ететін құрал – Бұқаралық ақпарат құралдары. Сондықтан елді дамыту мен демократиялан­дыру үрдістері ақпараттық даму үрдістеріне тікелей тәуелді.

Этножурналистика Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ұлтаралық татулық пен тұрақ­тылық, қоғамдық келісім мен достастық м­о­делін күнделікті іске асыруда маңызды орын­ға ие. Оның негізгі мақсаты да, міндеті де – осы.

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік ре­волю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүм­кіндіктері» Қазақстан халқына Жол­да­уын­да көрсетілген жетінші бағыт – адами ка­­­пи­тал­ды да­мытуда БАҚ-қа, әсіресе этно­журналистерге аталған Жолдаудың мән-ма­ғынасын, қазіргі заманда өзектілігі мен қа­жет­тігін түсіндіріп, елді жұмылдыру ісін абы­­роймен атқарып шығу үлкен сын болмақ, – деп қорытты Дархан Мыңбай. 




Көрілген: 4982    Пікірлер: 0

сейсенбі, 22.05.2018, 10:43

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30