Ассамблея

Ассамблея ауыр дертке шалдыққан балаларға арнап кеш өткізді

  • Ассамблея ауыр дертке шалдыққан балаларға арнап кеш өткізді

    Ассамблея ауыр дертке шалдыққан балаларға арнап кеш өткізді

Солтүстік Қазақстан облыстық «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қолдауымен қайырымдылық балы ұйымдастырылды. Аталмыш қайырымдылық балына Қызылжар өңірімен қатар Астана қаласы мен Ресейдің көршілес облыстарынан да үш жүзге жуық қолы ашық азаматтар қатысты.


Бұл өңірдегі ассамблеялықтардың өткізіп отырған бірінші қайырымдылық кеші емес. Осыған дейін де түрлі көмекке мұқтаж жандарға арнап қайырымдылық акциялары ұйымдастырылған болатын.


Ауыр дертке шалдыққан балаларға қаржылық демеу көрсетуді мақсат еткен кеш Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХҮІ сессиясында Елбасы белгілеп берген қайырымдылық қағидаттары аясында өтті. Қайырымдылық ту еткен Қазақстан халқы облыстық Ассамблеясы ұйымдастырған қайырымдылық балында әсем ән де шырқалып, мың бұралған биге жалғасты.  Концерттік бағдарламадан кейін аукцион өтіп, 30 лот ойналды. Оған есімдері төрткүл дүниеге жақсы таныс спортшылар Серік Сәпиев пен Жанат Жақияновтың футболкалары, Александр Винокуровтың өмірбаяны жазылған кітап қойылды. Жерлесіміз Жанаттың спорттық жейдесін петропавлдық кәсіпкерлер Андрей Исаков пен Оксана Захарова 800 мың теңгеге сатып алды. Жергілікті суретші Әлия Мұқышеваның картиналары 220 мың теңгеге сатылды. Алты өрімді таспа қамшының бастапқы бағасы 15 мың теңге болса, 60 мың теңгеге алушысы табылды.


Нәтижесінде бірер сағаттың ішінде 4 миллион 642 мың теңге жиналды. Жиналған қаражат Әмір Ғабдуллин, Карина Баймолдина және Владислава Головырина деген ем-домды қажет ететін балаларға теңдей бөлініп берілетін болды.


Еске сала кетсек «Облыстық ассамблея «Бірлік–қайырымдылық» ұранымен бұған дейін екі қайырымдылық балын өткізп, бес миллион теңге жинаған болатын. Бұл қаражат жеті баланың денсаулығын жақсартуға жұмсалған. Мұндай игілікті шаралар алда да жалғасын табады», дейді «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Әсемгүл Есқожа. Айта кетер жайт, қайырымдылқ балын өткізу арқылы Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы науқас балаларға көмек көрсетіп, кеш ұйымдастырылыуына түскен қаржыға басқа балаларға қайырымдылық көрсетіп, екі қайтара ұтып отыр. Сондықтан өңірдегі басшылар да қолдан келгендерінше көмек көрсетіп, мұндай қайырымдылық балдарын жоғары бағалайды.

Кеш соңында науқас балалардың ата-аналары Облыстық ассамблеяға алғыстарын жаудырды.

Еркенұр Ерзия



 




 




Көрілген: 5079    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 17:14

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30