Ассамблея

Ассамблея ерекше институт

  • Ассамблея ерекше институт

    Ассамблея ерекше институт

Еліміздегі ұлттар бірлігі мен бір жұдырық болып жұмылған ерекше татулығының арқасында елімізде ұлттар бірлігінің қазақстандық моделі қалыптасты. Бүгінде бұл қазақстандық модель әлем елдерінің назарын аудартып, өзіндік тәжірибемен бөлісуді сұрап жатқан елдер жетерлік. Ал осы бір қазақстандық модель неден бастау алып еді?
Тәуелсіздікке қол жеткізе сала 1992 жылы Тәуелсіздігіміздің бір жылдығына арналған Қазақстан Халқының бірінші форумында Ассамблея ұйымы керектігі туралы ұсыныс айтты. Одан соң Қазақстан Халқы Ассамблеясы Мемлекет басшысының 1995 жылғы 1 наурыздағы жарлығымен Президент жанындағы консультативтік-кеңесші орган ретінде құрылды. Одан бері жиырма үш жылдық тарихында Ассамблея қарқынды түрде дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді, сан түрлі қызмет атқара бастады. Ең бастысы жоғарыда атап өткеніміздей оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Жиырма үш жылдың ішінде Қазақстан Халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты. Халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Сондай-ақ бүгінде Ассамблея ел президенті төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл – оның ерекше мәртебесін айқындайды. Ассамблея жанынан этномәдени бірлестіктер, ҚХА ғылыми сараптамалық кеңесі, ҚХА медиация кеңесі, ҚХА Журналистер кеңесі, ҚХА Қоғамдық кеңесі, ҚХА Аналар кеңесі құрылып, жұмыс істейді.

Осы орайда кез келген мемлекет үшін қоғамдық келісімнің маңыздылығы ерекше. Халық үшін бейбіт заманда мамыражай өмір сүруден артық ешқандай бақыт жоқ. Сондықтан елімізде татулық пен тұрақтылыққа Тәуелсіздік алған жылдан бастап ерекше мән беріліп келеді. Қазақстанда өмір сүріп жатқан этнос өкілдерінің мүддесі Елбасымыздың тікелей қадағалауында. Сондықтан қазіргі таңда Ассамблея этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші рөлге ие бірден-бір ұйымға айналды. Жиырма үш жылдық тарихында аталған құрылым қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы құралға айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылатындығын атап өткен Елбасы Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі - ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана емес, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналғандығын бірнеше рет атап айтты.


Ассамблеяны 2020 жылға дейін дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырылуда. Соның негізінде аталмыш органның қайырымдылық, медиация бағытындағы жұмыстары жанданып келеді. Ассамблея дүниеге келген жиырма үш жылдан бері атқарған қызметі мен жүріп өткен сара жолы қазақстандық этносаралық және конфессияаралық келісім үлгісінің әлемдік қауымдастық алдында беделді ұйымға айналып, ел қоғамының құрамдас бөлігіне айналғанын көрсетті. Сондықтан Қазақстан халқының бірлігін бұдан әрі жетілдіру міндеті мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналып отыр. Қазақстанның экономикалық дамуы, этносаралық қатынастардың әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалуы, ең алдымен, қазақ ұлтының еншісінде екендігі анық.


Қазақстан Халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстырып, елімізде тұрақтылықты сақтау мен оның дамуына аса зор үлес қосып келеді. Ең бастысы, Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі нәтижесінде елімізде этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциялық һәм азаматтық құқықтары мен еркіндігін толық қолдана алатын этносаралық және конфессияаралық келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты.  


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.10.2018, 08:21

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30