Ассамблея

Ассамблея игі істер институты

  • Ассамблея игі істер институты

    Ассамблея игі істер институты

Этномәдени бірлестіктер көп­теген ТМД елдерінде де, алыс шет ел­дерде де бар, бірақ олардың ұйы­су тетіктері қоғамдық негізде ғана қаланған. Тек Қазақстанда ғана ол конс­титуциялық орган ретін­де қ­ұ­рылып, тұтастық пен тұрақ­ты­лықты сақтаудағы рөлі мен маңы­зы мемлекет деңгейінде жоғары баға­ланып отыр.


Ассамблеяның негізгі мақсаты – қазақ халқының төңірегіне топтасуды түпкі өзегі ете отырып, қазақ­стан­дық патриотизм мен біртек­тілік­ті берік орнықтыруға және этнос­­аралық келісімді қамтамасыз ету­ге қызмет ету. Осы мақсатқа жету жо­лын­да оның жүздеген шара­ла­ры іске асып, қазақстандық тұтас­тық бүгінгі күні күнделікті өмір­лік нор­маға айналып келеді. Қазақ­­стан­ның спорттағы, өнердегі жетіс­тік­теріне, алған табыстарына бар­лық қазақ­стан­дықтар бір үйдің бала­сын­дай қосыла шаттанғанын көргенде Ассамблея жұмысының оң нәтижесін көргендей боласыз. Барлық этномәдени орта­лық­тардың мыңдаған шара­ларындағы этностық дара ерекшеліктер мен өнер­лер көрсе­тілгенде олардың қазақ өнерімен ұйысушылығы қатар жү­ріп, қазақстандық патриотизмнің бұ­рауын қатайта түсуде. Сахналардан түрлі этнос өкілдерінің қазақ әндерін шырқап, күйлерін тартқанын естіп, қазақтың салт-дәстүрлерін көрсеткен қойылымдарын тамашалағанда қазақстандық тұтастықтың ұйытқысы болып отырған осы ұйымға әбден риза боласыз. Сонымен бірге, этно-мә­де­­ни бірлестіктер өздерінің бел­сен­­ді­ліктерін де жылдан-жылға арт­тырып, қазақстандық патриотизм мен біртұтастықты сақтауға өздерінің де үлес қосып жатқанын көрсетуге тырысушылықтары артып келеді. Өзара бәсекелестік пен жарыс та жоқ емес. Өңірлердегі белсенді жұмыс істей­тін кіші ассамблеялар олардың өнер­лерін ұштап, ынталандыру шара­ларын да жасап отырады. Бұрын бар екені көзге ілінбей жүретін аз сан­ды этнос өкілдері енді бірін-бірі та­нып, мәдени орталықтарын құрып, бас­қа әріптестерімен бірге аймақтық ассамб­леяларда өздерінің орындарын табуда.

Біздің елімізде 100-ден аса этнос өкілдері тұрып жатыр. Ассамблея осы этностардың этно-мәдени бірлестіктерінің құрылып, Қазақстан халқы бірлігінің сақталуына олардың қызметтері мен мақсаттарын жұмылдырып отыр. Қазір осындай этномәдени бірлестіктердің саны 820-ға жетті. Ассамблея мүшелерінің саны 400 адамдай бол­ғаны­мен оның белсенді жақтаушылары 70 мың адамға жуық. Олардың жасаған түрлі шара­ларына, мерекелік қойылымдарына жыл сайын 3 мил­лионнан астам адам қатысады.


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 3495    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.05.2018, 08:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31