Ассамблея

Ассамблея институтының қызметі мен маңызы зор!

  • Ассамблея институтының қызметі мен маңызы зор!

    Ассамблея институтының қызметі мен маңызы зор!

Еліміздегі тұрып жатқан ұлт өкілдерінің арасындағы ұлтаралық достық пен бірлік, ең алдымен, елімізде дұрыс жүргізіліп отырған саясат пен қазақ халқының табиғи кеңпейілдігінің арқасында екендігі даусыз.

Еліміз ең алғаш Тәуелсіздік алған кезеңде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алдында елімізді біртұтас ұлт ретінде қалыптастыру, жүзден астам ұлтты бір шаңырақ астында ұйыту міндеті тұрған болатын. Аяғынан енді тұра бастаған еліміздің ұстанымы ең алдымен татулық болмаса 100 ден астам ұлттың басын қосып ұстап отыру, сыртқы саяси күштердің ол ұлттарды іштен ірітіп, өз мүддесіне жұмыс істетуі секілді мәселелер алдымыздан шығар еді.


Сондықтан Тәуелсіздік ала сала Мемлекет басшысы Қазақстандағы барлық этнос өкілдерінің мүддесін қамтамасыз етуші ұйым құру туралы идеяны 1992 жылдың желтоқсанында өткізілген Қазақстан халқының бірінші форумында айтты. Аталған форумда Мемлекет басшысы баяндама жасап, Қазақстан дамыған елдер қатарына қосылу үшін, ел тұрғындары бай, әл-ауқаты жоғары өмір сүру деңгейіне жету үшін халықтың ынтымағы, бірлігі мен татулығының негізгі рөл атқаратынын ерекше атады. Осыдан соң 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды.


Қазіргі таңда Қазақстан Халқы Ассамблеясы этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырушы маңызды құралға айналып, елімізде тұрмыс кешіп отырған барлық этностардың өзара тең құқықты қатынасын қамтамасыз етуші алаң рөлін атқаруда. Одан бөлек еліміздегі мемлекеттік бағдарламалар мен Елбасы Жолдауларын, Үндеулерін насихаттауда жетекші рөл атқарып отыр. Биыл Қазақстан Халқы Ассамблеясының құрылғанына 23 жыл толды. Осы уақыттар ішінде Ассамблея институты қоғамдағы тұрақтылықты сақтаушы, берден бір органга айналғанын уақыттың өзі дәлелдеп отыр.

Ассамблеяның негізгі бағыты барлық этностық топтарды ортақ мақсатқа жұмылдыру болып табылады.


Ассамблеяның өміршеңдігінің ең басты ерекшелігі – ол этностық топтардың қызметін бақылаумен айналысатын қарапайым ұйымға ғана айналып қоймай, сонымен қатар еліміздегі барлық ұлт пен ұлыстың мүдделерін бір арнаға тоғыстырушы, барлық азаматтардың этностық, діни ерекшеліктеріне қарамастан құқығы мен бостандығын сақтаушы толыққанды саяси институтқа айналуында. Оның институт ретінде маңызды рөл атқарып отырғанының айғағы бүгінде оның жанынан құрылған Медиация кабинеттері, Журналистер клубы, Қоғамдық келісім кеңестері, Аналар кеңесі, Әкелер кеңесі секілді сантүрлі қызметі бар органдарды бір шаңырақ астында ұйытып отыруы. Мұндай сан салалы қызметі бар институт сирек.

Кеңес Одағының сүлдесінен шыққан егемен Қазақ еліне көптеген беделді сарапшылар ядролық қаруға сүйене отырып, қатал державалық саясат жүргізеді деп баға беріп, қауіп күткені белгілі. Алайда қоғамда демократиялық құндылықтар орнату және азаматтық қоғам құру бағытында батыл іс-қимылға көшкен Қазақстанның Семей ядролық полигонын жабуы, әлемде төртінші орында деп ресми бағаланған ядролық арсеналынан бас тартуы ғаламдық саясаттағы қайталанбас оқиға ретінде мойындалды. Бұл басқа елдердің алдында еліміздің абыройын арттыра түсті. Шын мәнінде Қазақстанның өзінің алдына қойған негізігі мақсаты бейбіт өмір, келісімді қоғам, ынтымақтастық пен бірігу екенін уақыт өте дәлелдеді.


Қазақстанның жүргізіп отырған ТМД шеңберіндегі бірігу, ЕурАзЭК, АӨСШК, Әлемдік діндер съезі сияқты тың бағыттары еліміздің халықаралық қауымдастықта танымал елге айналып, посткеңестік кеңістіктегі экономикалық, саяси тұрғыда ең қарқынды дамушы мемлекет ретінде бағалануына өз оң ықпалын тигізді.


Алып мемлекет ыдырап, оның аумағынан жас, егемен елдер пайда болған мезетте ел басшылығы алдында жүзеге асуы өте қиын маңызды міндеттер тұрды: орталықтанған жүйеден шыққан, мешел күйге түскен шаруашылықты аяғына тұрғызу; бодандық сана-сезімнен, тоталитарлық жүйенің бойды әбден меңдеген енжарлық, масылдық қамытынан шыққан қоғамға демократиялық тетіктерді енгізу; нарықтық өтпелі кезеңде әлеуметтік ауыр жағдайдың негізінде туындауы мүмкін ішкі этностық қатығыстарға жол бермеу, т.б.


Жұрттың бәрі байыбына бара алмаған, шексіз бостандықтар берілген тәуелсіздіктің алғашқы жылдары мемлекетаралық егестерге, ұлтшылдық сезімнің өріс алмауына, қоғамдағы бір топтың келесі топқа қысым жасауына жол бермеу қажеттілігі күн тәртібіне шықты. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың басты мақсаты қоғамдағы барлық этностардың толықтай құқығы мен бостандығын сақтай отырып, жергілікті, байырғы ұлтқа негізделген жоғары әлеуетті қоғам құру болды.


Тоқсаныншы жылдардың алғашқы жартысында елдегі жаппай орын алған әлеуметтік-экономикалық дағдарыс саяси дағдарысқа ұласты. Қазақстанда елдің болашақ даму жолын, мемлекеттің саяси бағдарын таңдау жөнінде пікірлер сан-салаға жарылып, түрлі саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар сан алуан жолдарды жүзеге асыруды талап етті. Партияаралық күрес белең алып, әр тарап аталған үдеріске тұрғындарды өз жағына тарту мақсатында іс-әрекет жасады. Қазіргі уақытқа дейін кейбір проблемалары шешілмей келе жатқан мемлекеттік тіл, мемлекеттік сәйкестілік, жерге деген жеке меншік құқық мәселелері туралы қоғамда тұтас пікір қалыптаспай, түрлі топ жан-жаққа тартты.


Сондықтан тәуелсіздіктің ең алғашқы күндерінен бастап Қазақстан халқын ортақ мақсатқа жұмылдыру, барлық этностық топтардың тең құқықта тұрмыс кешуіне жағдай жасау мемлекеттік ұлттық саясаттың басты, басым бағытына айналды. Ал кез келген мемлекеттің саяси, экономикалық тұрақты дамуының басты шарты тату этносаралық қарым-қатынасты қалыптастыру екендігі тарихи тұрғыдан өзін толық дәлелдеген.


Жоғарыда аталған жағдайлар тұрғысынан қарасақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы еліміздегі этносаралық қатынастар саласын реттеп, жүйелеп отыратын жүйені қалыптастырды. Сонымен қатар Ассамблея сол кезеңде демократиялық жаңаруларды бастан кешіп жатқан Қазақстандағы азаматтық қоғамның алғашқы қарлығашы болғаны даусыз.


Қазіргі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясының тікелей күш салуымен этносаралық қатынастар саласын саясаттан тыс сақтап, азаматтық қоғам қалыптастыру мақсатында жұмыс жүргізіп отыр. 


Еркенұр Ерзия


Көрілген: 607    Пікірлер: 0

сейсенбі, 11.09.2018, 12:06

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31