Ассамблея

Ассамблея және медиация

  • Ассамблея және медиация

    Ассамблея және медиация

Еліміздегі Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиацияның дамуына айрықша үлес қосты. Соның арқасында медиацияның қолданылу аясы қарқынды түрде өсіп, осы бағытта қыруар істер атқарылды.
Бірқатар мысалдар келтіре кетсек, жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен «Тұран» университетінің басшылығы ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды. Жалпы бұл Ассамблея мен ЖОО арасындағы бірінші меморандум емес, осыған дейін де бірлесе жұмыс атқару жөнінде бірнеше ЖОО-мен келіссөздерге қол қойылған болатын. Себебі Жоғары оқу орындарындағы жастармен бірлесе отырып, Ассамблея өзінің жұмыс бағытын кеңейте түсуге тырысуда. Мұндайда әрине идеясы мол, жұмыс істеуге талпынысы мықты жастармен жұмыс істеудің маңызы жоғары.
Ассамблея қанатының астынан құрылған «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының қарқынды жұмысы осыған дәлел. Жастардан құралған бұл ұйымының жұмысы Қазақстанның барлық өңірлерінде кеңінен қанат жайып келеді. Еліміздегі ірі ЖОО-лардың базаларында Ассамблеяның 40 кафедрасы мен орталығы ашылды. Олардың барлығы да жастармен бірлесе жұмыстарын жалғастырып жатыр. ЖОО-мен ынтымақтасудың басты себебі Ассамблеяның медиация бағытын одан әрі дамыту болып табылады. Осы орайда Тұран университетімен келісімге келу арқылы медиация саласын дамыту тұрғысынан да да «Тұран» университетімен бірлесе жұмыс атқарамыз деген сенімдемін», - дейді меморандумға қол қойған Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко. Алдағы уақытта Жоғары оқу орындарының барлығында медиация бағытындағы іс-шаралардың еселеп көбейе түсетініне сенім мол!

Айта кетсек,жақында Астана қаласында да медиацияны дамытуға арналған «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз етудегі медиацияның рөлі» атты Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен жиын өтті. Шара барысында Леонид Прокопенко еліміздегі медиация институтын дамыту үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық қоғамдық алаңдарын жұмылдыратынын мәлім етті. Демек алдағы уақытта медиаияның тынысы одан әрі ашыла түседі деген сөз.

Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің барлық қоғамдық алаңдарын алдағы уақытта медиация институтын насихаттауға жұмылдыратын болса медиация арқылы қаралатын істердің саны артып, бітімгершілік арқылы бітімге келетіндер көбейіп, медиацияның мәртебесі биіктей түсер еді. Осы орайда өткен аптада Атырау қаласында да медиацияны дамыту мәселесі талқыланды.
Мамандар «Бүгінгі таңда медиация институтының біздің қоғамда жыл санап мәртебесі артып келеді. Себебі, оның өзара кикілжіңі бар тараптарға беретін бірнеше басымдығы бар. Біріншіден, медиация арқылы адамдар көп уақытын үнемдейді. Медиативті процедура бірнеше айларға созылып кететін сот процедурасынан қарағанда адамдардың бар-жоғы бір-екі сағатын алады. Екіншіден, бұл тараптардың қаражаттарын да едәуір үнемдейді. Яғни, медиаторлыққа ден қойған тараптарға адвокат жалдаудың, қымбат сараптамаларды жүргізудің, апталап қонақ үй жалдап жатудың қажеті жоқ. Үшіншіден, медиативтік келісім тараптардың достастырып, бір-біріне деген ешқандай өкпе-назды қалдырмайды. Дәл осы артықшылық түбегейлі түрде медиацияны сот шешімдерінен ерекшелендіріп тұрады», - дейді. Расында да осы артықшылықтар медиацияның кең таралуына айтарлықтай ықпал етуде. Яғни қоғамның өзі қалаған жүйе деуге болады. Тек насихаттап, мүмкіндігінше басқалардың да көбірек мағлұмат білгені қажет. Негізі баяғыдағы билердің ізімен бітімгершілік жолын жаңғыртсақ, түрмесіз ақ тентегін тезге салған, бабалар жолымен демократиялық қоғам құрар едік. Шетелден алып келдік деп әспеттеп жүрген жүйеміз айналып келгенде түп төркіні өзімізден шыққан соң да ел ішіне тез сіңіп жатыр.
Сотта жеңген және жеңілген тараптар бар. Ал медиацияда тараптардың бәрі ырза. Яғни, медиация қоғамның шиеленіссіз дамуының кепілі бола алады. Медиация арқылы шешімін тапқан істе екі жақта риза болып тарқауға күш салынады. Бастысы осы. Яғни Медиация институты - қоғамдық сананың жаңғыруы жолындағы маңызды элемент, қоғамымызға нағыз керекті жүйе. Өйткені, медицияға ден қойған адамдар өздерінің құқықтық мәдениетін паш етеді. Тәртіпке бағынатынын көрсетеді. Бұл - қоғамдағы тұрақтылықты да қамтамасыз ететінін айта кету керек. Медиация жүйесінің жолы жарқын болғандықтан бүгінде шетелдіктер жүйені барынша насихаттауда.
Жалпы Қазақстан Халқы Ассамблеясы Медиция саласында соған қатысты барлық институтпен келісімге келуде. Нақтырақ айтқанда, Жоғарғы сотпен, Адвокаттар коллегиясымен, басқа да құрылымдармен келісімдерге қол қойылған. Медиацияның болашағы жарқын болып, ел ішінде кеңірек сіңіп кету үшін бар жағдай жасалуда. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев та сол үшін Қазақстан Халқы Ассамблеясының бір жұмыс бағыты ретінде медиацияны белгілеуі сондықтан. Сондай-ақ жақында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. ҚХА мен омбудсман мекемесі арасындағы меморандумның маңызы зор! Мемлекет басшысы өзінің бағдарламалық құжаттарында барлық жетістіктердің негізі азаматтық бейбітбітшілік пен жалпыұлттық келісім екенін үнемі айтып келеді. Бұл меморандум елімізде медиацияны дамыту саласына негізделген тағы бір бағыт деуге болады. Яғни адам құқықтарын өз дәрежесінде қорғау, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету, жалпыұлттық бірлікті нығайтуға арналған бастама деуге болады.
Осы жылдар ішінде елімізде Медиацияға арналып заң да қабылданды. Медиаторлар дайындалуда. Медиацияны жан жақты дамытқанның арқасында, бірлескен жұмыстардың жарқын көрінісі ретінде жақында 3 тамыз күні Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірыңғай медиация күнін» атап өтуі де жүйенің кең таралып келе жатқанын айғақтайды.
Бүгінде елімізде Достық үйлеріндегі, Қоғамдық келісім кабинеттерінен 800-ден астам медиациялық кабинеттер ашылған. үш мыңға дейінгі қоғамдық медиаторларымыз осы бағытта жұмыс істеуде. «Бірыңғай медиация күні» бүкіл ел бойынша кеңес сұрап, мәселесін алға тартып 5 мыңға тарта адам Достық үйлеріне арнайы келді. Бір күннің ішінде 150-ге тарта медиативтік келісімдер жасалды. Шын мәнінде бұл айтарлықтай табыс, жетістік. Алдағы уақытта медиацияның насихатын арттыра беру айтылуда. Бұл туралы Қазақстан Халқы Ассамблеясының басшысы Прокопенко «Медиацияның мүмкіндіктері, мақсаты мен пайдасы туралы барлығы да білуі керек. Міне, сондықтан ҚХА өзінің барлық қоғамдық алаңдарын медиация институтын дәріптеу бағытындағы ақпараттық-түсіндірмелі жұмыстарға арнайды» дейді. Жалпы медиацияның келешегінен мол үміт күтеміз. Медиация дамып, мәртебесі биіктеп, азаматтарымыздың да құқығы өз дәрежесінде қорғала бергей!

 Еркенұр Ерзия




Көрілген: 807    Пікірлер: 0

жұма, 21.09.2018, 22:13

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30