Ассамблея

Ассамблея Жолдауға қолдау білдірді

  • Ассамблея Жолдауға қолдау білдірді

    Ассамблея Жолдауға қолдау білдірді

Бүгін Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевтың күні кеше жолдаған «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауындағы міндеттерді іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының орны мен рөлі тақырыбында ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.


Аталмыш отырысты ҚХА Төрағасының орынбасары – ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Л. Прокопенко ашты. «Елбасының Жолдауын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – бейбітшілік пен келісім тұрақтылығын қамтамасыз ету. Өйткені жаңа Жолдаудың ерекшелігі – қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін және сапасын арттыруға нақты бағытталған. Жолдаудың басты басымдығы – қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру. Жалпы Жолдаудың ерекше мән беретін бірқатар ерекшеліктерін атап өткен жөн. Біріншіден, ең алдымен басымдықтарды орналастыруға назар аудару қажет. Екіншіден, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ең төменгі жалақыны 1,5 есеге, яғни, 28-ден 42 мың теңгеге дейін көтеру, сондай-ақ ең төменгі жалақыны ең төменгі күнкөріс деңгейіне теңемеу – маңызды әлеуметтік инновация болып табылады. 2025 жылға дейін Бизнестің жол картасы жалғасады. Бұл 3 жыл ішінде қосымша 22 мың жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. ТКШ және табиғи монополиялар қызметтерінің тарифтеріне тәртіп орнату бойынша шешуші шаралар қабылданатын болады. Президент ұсынған басқа шаралармен қатар, мұның барлығы халықтың табысының өсуіне ықпал етуге бағытталған. Үшіншіден, өмір сүру сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар ұсынылды. Олар білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй, әрбір қазақстандық отбасының жайлы және қауіпсіз өмір сүру мәселелеріне қатысты. Атап айтқанда, 5 жыл ішінде барлық қаржы көздерінен білім беру, ғылым және денсаулық сақтау шығындарын ЖІӨ-нің 10 % - ға дейін жеткізу міндеті тұр. Осылайша, осы параметрлер бойынша біз ЭЫДҰ елдеріне жақындап келеміз. Мен мемлекет басшысының келесі жылы «Педагог мәртебесі туралы» заңды әзірлеу және қабылдау туралы тапсырмасына ерекше тоқталғым келеді. Бұл – үлкен әлеуметтік маңызы бар оқиға, өйткені мұғалім еліміздің адами капиталын қалыптастырудағы басты тұлға, қоғамдық сананы жаңғырту және экономикалық жаңғырту бағаналарының бірі болып табылады. Бұл қадам Ұстаздар күні қарсаңында тікелей қолға алынғаны өте жақсы болды. Мен шын жүректен ҚХА кеңесінің атынан еліміздің барлық педагогтарын осы тамаша сыйлықпен құттықтаймын!», – деді Л. Прокопенко.


Іле шала сөз алған, Кеңестің мүшесі, Қарағанды облысы бойынша ҚХА төрағасының орынбасары Бекзат Алтынбеков: «Президенттің кешегі Қазақстан халқына Жолдауы үлкен тарихи құжат. Ол 2019 жылы Қазақстан халқының алдына қандай мақсат қою керек деген мәселенің шешімін табу жолдарын айқындайтын құжатпен таныстырды. Елбасы халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайына әрдайым көңіл бөліп, оны жақсарту бағытын ұсынып отыратыны көңіл қуантады. Жалпы осы Жолдауда айтылған әрбір ой мен тапсырма қазақстандықтардың бақытты өмір сүруіне бағытталған.Мені әсіресе ұстаздар туралы айтқаны қатты әсерлендірді. Жиырма жеті жыл бойы ұстаздар қауымының ойында жүрген мәселе ауқымды талқыланды. Яғни, келесі жылы Үкіметке мұғалімдердің мәртебесі жөнінде заң жобасын жасау тапсырылды. Жалпы арнайы заңмен мұғалімдердің тұлғалық мәртебесі анықталуы, білім беру саласында үлкен өзгерістер алып келеді. Онда мұғалімге деген құрмет артып, олардың өз кәсібіне жауапкершілігі күшейетіні ақиқат. Сонымен қатар балабақша мәселесі көтерілді. Қазіргі уақытта Қазақстанда 95 % мектеп жасына дейінгі бала балабақшамен қамтамасыз етілген. Ал енді сол балабақшаның қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақы мөлшері қандай деген сұраққа келетін болсақ, балабақша тәрбиешісінің жалақысы 49 мың теңге құрайды. Сондықтан жалақыны қайта қарап, оның орташа мөлшерін көтеру – педагогтардың жұмысқа деген ынтасын көтеру деген сөз. Ұлт болашағы – ұрпақты тәрбиелеуде еңбек етіп жүрген педагогтардың қадірін арттырсақ, қазақ халқының қадірі де артады. Кәсіпкер ретінде Елбасының кәсіпкерлердің әлеуметтік жуапкершілігін арттыру керек дегеніне байланысты, елдің ішінде кәсіпкерлер барлық саланы қамти отырып, ғимараттарды салуға, оның сапасына көңіл бөлуге жауапкершілік алуы керек дегім келеді. Бұған дейінгі Жолдаулардағы айтылған басымдықтардың шешуші қадамы айқындалған осы жолғы Жолдау айрықша», – деп пікір білдірді.


Жиынға жиналғандар Жолдауда айтылған мәселелерді жоғары бағалап,онда сөз болған мәселелердің дер кезінде шешімін табуы үшін атсалысатындарын жеткізді. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 1012    Пікірлер: 0

сенбі, 06.10.2018, 22:58

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31