Ассамблея

Ассамблея кезекті жиынын аналарға арнады

  • Ассамблея кезекті жиынын аналарға арнады

    Ассамблея кезекті жиынын аналарға арнады

Ақмола облысы әкімі аппаратының жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық сарайында Аналар күніне арнап және оқу жылының аяқталуына байланысты мерекелік іс-шара атап өтілді.


Айта кетер жайт, аналар мен балаларды негізгі қамқорлық жасау нысандарына айналдырған Қазақстан халқы Ассамблеясының облыстық филиалы бұл жолғы іс-шарасында оқу жылының аяқталуына орай аналарды құттықтауға қөңіл бөліпті.
Бала тәрбиесінде ананың рөлі жоғары екені даусыз. Ендеше Аналар күнінде олардың еңбегін ескерусіз қалдыруға болмайтыны анық. Сондықтан балалар мен аналарды жақындастыра түсетін шара Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен «Ақмола облысы поляктар қауымы» және Көкшетау қаласындағы поляк тілін оқыту орталығының ұйымдастыруымен өтті. Мерекелік іс-шараға Көкшетау қаласының қонақтары мен тұрғындары, этномәдени орталықтардың басшылары, оқушы жастар, ұстаздар және ата-аналар қатысты. Ақмола облысы поляктар қауымы төрағасының орынбасары Суховецкая Людмила барша аналарды және оқушыларды шын жүрегімен құттықтап,алдағы демалысты жақсы өткізуге тілек білдірді. Жақсы оқыған, белсенді оқушылардың аналары да аталып өтіп, сый құрметке ие болды.
Айта кетер жайт өңірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдағы түрлі атаулы күндерді елеусіз қалдырған емес. Осы орайда Аналар күні де қоғамымызда ассамблея тарапынан мейірімділік пен құрмет қалыптастыру бағытында ұйымдастырылып отырған шара деуге болады.


Кеш барасында Оқушылар және өнер ұжымдары мерекелік бағдарламаға атсалысып,өз өнерлерін көрсетті. Әсіресе «Арман поезді» қойылымы ерекше көңіл-күй сыйлады. Кеш салтанатты мараппаттау рәсімімен және жақсы көңіл-күймен аяқталды. 

Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3492    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 06.06.2018, 02:41

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31