Ассамблея

Ассамблея тәжірибесі еуропа елдеріне ұсынылмақ

  • Ассамблея тәжірибесі еуропа елдеріне ұсынылмақ

    Ассамблея тәжірибесі еуропа елдеріне ұсынылмақ

Қазақстан халқы Ассамблеясы – іргетасы берік, бейбітшілігі тұрақты рухани келісім мәдениетінің құтты шаңырағы. 22 жылдық тарихы бар ұйым елдің саяси жүйесінің маңызды бір бөлігіне айналып, ол Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттар мен этностардың мүдделерін, құқықтарын бір арнаға түйістірді.

Әрбір ұлттың тегіне, дініне, көзқарасына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерінің бұлжымай сақталуын қамтамасыз етіп отырған Ассамблея еліміздегі халықтардың тұрмыстық деңгейдегі ұлтшылдықтың пайда болуына жол бермейтін, бір-бірін төзімділікке, шыдамдылыққа тәрбиелеуді дәріптейтін ең маңызды ұйымның бірі болып саналады. Осының нәтижесінде әрбір қазақстандық кең ауқымды ойланып, достық пен өзара түсіністікті бағалауға жетелеу жолында жемісті еңбек етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясы өзге елдерге үлгі көрсетіп қана қойған жоқ, бірліктің қазақстандық бірегей үлгісін қалыптастырды. Қазақ жерін мекен еткен әрбір адам үшін ең басты жетістігіміз – егемен ел болғанымыз. Тіпті, елімізге келген өзге елдің өкілдері ұлттар арасындағы тұрақтылық пен татулықты көріп, сүйсініп кетіп жатты. Себебі 140-тан астам ұлттың адамын бір анадан туған балалардай етіп, тең қарап, қамқорлық танытып отырған Қазақстандай ел ешбір мемлекетте жоқ.


Тіпті Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлтаралық татулық көпке үлгі. Әсіресе, мигранттар мәселесі басты тақырыпқа айналған елдер үшін маңызды. Осы орайда Қазақстан халқы Ассамблеясының тәжірибесі Еуропа елдеріне ұсынылмақ. Конрад Аден-Ауэр атындағы қордың өкілдері осындай бастама көтерді. Неміс сарапшыларының айтуынша, «Еуропа қазіргі таңда көші-қон мәселесімен бетпе-бет келіп отыр. Жүздеген ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына жинаған Қазақ елінен үйренеріміз бар»,-дейді.


ТОМАС ХЕЛЬМ, КОНРАД АДЕНАУЭР АТЫНДАҒЫ ҚОРДЫӉ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨКІЛДІГІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:


 - ҚХА тәжірибесі көпке үлгі. Мұнда 130-дан астам ұлт пен ұлыс өзара қарым-қатынас орнатқан. Қандай да бір мәселе туындай қалса, тез арада шешуге мүмкіндік береді. Ал, Германияда Ассамблея жоқ. Әрине, біздің елімізде этникалық топтардың мәселесімен айналысатын топтар бар. Бірақ, олардың ауқымы кішкентай. Ал, Еуропаны, соның ішінде Германияны миграциялық дағдарыс жайлаған кезеңде Қазақстанмен тәжірибе алмасу аса маңызды болып отыр. Ұлтаралық келісімнің қазақстандық тәжірибесіне Польша да қызығушылық танытып отыр

Қазақ жерін мекен еткен әр ұлт пен ұлыс өкілдеріне Қазақстан азаматы ретінде тең құқық берілген. Олар білім алу, емделу, жоғары лауазымды қызмет атқару мүмкіндіктеріне ие. Сонымен қатар, оларға өз мәдениетін дамытып, салт-дәстүрлерін сақтауға лайықты жағдайлар жасалған. Олардың әрқайсысының ұлттық мәдени орталықтары тұрақты жұмыс істейді. Мәдени орталықтар әр халық өкілдерінің өз ұлттық дәстүрлерін сақтауға зор ықпал жасауда. Сонымен бірге, көпұлтты Қазақстанның мәдени жағынан әртарапта дамуына үлес қосып келеді. «Бақ та, тақ та таласқанға бұйырмайды, халықтық істе жарасқанға бұйырады», - деген дана бабаларымыз. Сондықтан да, атқаратын игілікті істеріміз халқымыздың болашағын бірлігімізбен берік етсін. Бір шаңырақ астында тұрып, Тәуелсіз Қазақ елінің ертеңі үшін аянбай еңбек ету - әрбір қазақстандықтың міндеті. Бірлігіміз жарасып, тұрақтылығымыз мәңгі болғай! 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3370    Пікірлер: 0

сенбі, 12.05.2018, 22:10

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31