Ассамблея

Ассамблеяның медиациялық қызметінің маңызы зор!

  • Ассамблеяның медиациялық қызметінің маңызы зор!

    Ассамблеяның медиациялық қызметінің маңызы зор!

Жақында республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы жандарынан құрылған медиациялық кабинеттердің нәтижелі жұмысына орай барлық өңірде арнайы жиындар болып өтті. Медиация күніне орай ұйымдастырылған жиындар ҚР "Медиация туралы" заӊы күшіне енген күніне орайластырылып отыр. 


Жалпы Ассамблеяның жұмыс бағыттарының бірі ретінде медиациямен айналысу міндеті енгізілгелі бері жыл өткен сайын олардың бұл қызмет түрі жанданып келеді. Мәселен өткен жылы Алматы қалалық Ассамблеясы жанынан құрылған медиациялық кабинеттерде 132 іс қаралған болса, оныӊ ішінде 52 азаматтық, 31 қылмыстық және 49 әкімшілік іс қаралып иедиация арқылы шешімін тапқан. Ал биылғы жылдыӊ бірінші тоқсанында Алматы қаласы бойынша Ассамблея жанынан құрылған медиациялық кабинеттерде 29 іс қаралып үлгерген.


Жалпы медиация қызметінің қоғамымызда маңызы зор екені уақыт өткен сайын дәлелденіп келеді. Елімізде медиация институтын одан әрі дамыту Қазақстан халқы Ассамблеясының басты қызметтерінің бірі болып қала бермек.

Республика бойынша барлық өңірде Қазақстан халқы ассамблеясы медиаторларының қызметі нәтижесінде түрлі даулар мен қақтығысты жағдайлар оң шешілуде. Айта кетер жайт, азаматтардың берген өтініштерінің ішінде этносаралық келіспеушілік пен шиеленіс бойынша мәселе кездеспегенін айта кету керек. Көпшілік Ассамблеяның медиациямен айналысуын көп жағдайда этносаралық шиеленістермен немесе ұлтаралық қақтығыстармен байланыстырады. Алайда ел ішіндегі дауларды шешуге де Ассамблея белсене кіріс отыр. Сондықтан алдағы уақытта медиация институтының бүгінгі жағдайы, даму мәселелері, медиаторларды көбейту секілді мәселелерді шешу уақыт талабы болып отыр.

Жалпы медиация - бітімгершілік қазақ халқының салтында ежелден бар үрдіс. Қазақ даласында жер дауы, жесір дауы сияқты ушыққан таластардың өзін ақсақалдар алқасы, билер әділ түрде шеберлікпен тарқатып, халық оған бұлжытпай құлақ асқан. Бабаларымыз ешкімнің ала жібін аттауға болмайтынын қатаң ескертіп, жағдайды үнемі адамгершілік таразысына салып отырған. Сондықтан құқықтық реформа саласында ғана емес, қоғамымыздың барлық саласында медиация оңай сіңісіп келеді. Қазіргі уақытта медиация институты қоғамда және кәсіби заңгерлер тарапынан қолдау тауып отыр. Ал медиация қызметін қолданысқа кеңінен енгізу ісімен айналысып жүрген мамандардің мәліметіне сүйенсек, ағымдағы жылы ымыраға келтіру арқылы шешілген істер былтырғыға қарағанда екі есеге жуық артқан.

Президент медиация желісін дамытуды Ассамблеяға жүктеген уақытта Ұйым жанынан Медиация кеңестері құрылып, өңірлердегі Достық үйлерінде 17 медиация кабинеттері ашылып, елімізде қызмет ететін 640 кәсіби, 3 583 кәсіби емес медиаторлардың дерекқоры жасалды. Ассамблея мен Жоғары соттың арасында өзара ынтымақтастық меморандумы түзілді. Одан бері медиациямен жұмыс істеуге тиімді жағдай қарастырылып, медиаторлар саны артып, қаралатын істер қатары да көбейіп келеді.

Бітімгершілік – бітімге келудің берекелі жолы екенін дәлелдеп келеді. Ескеретін тағы бір жайт: медиация азаматтық, еңбекке қатысты, отбасылық және басқадай құқықтық қатынастарға байланысты істерді шеше алады. Сондай-ақ, ауырлығы шағын және орташа қылмыстық істер жөнінде туындаған дауларды да осы жолмен шешуге болады. Дәл қазір медиация тараптар арасында туындаған кикілжіңді тиімді реттеудің балама жолы болып отыр. Қаржыны үнемдеуге келсек, қорғаушыға ақша шығындалмайды, арлы-берлі жол жүрудің қажеті жоқ. Медиатордың қызметі екі есе арзан әрі мемлекеттік баж салығы 100% толық қайтарылады. Сотта мәжбүрлеу жағы басым болса, медиацияда барлығы ерікті түрде жүзеге асады.


Осы орайда қай жағынан алса да тиімді медиация жүйесін Ассамблея арқылы да дамыту туралы Елбасы шешімінің тиімді болғанын сеземіз.


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 736    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 05.09.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31