Ассамблея

Атырау қаласындағы Ассамблеяның жұмысы жетістікке толы

  • Атырау қаласындағы Ассамблеяның жұмысы жетістікке толы

    Атырау қаласындағы Ассамблеяның жұмысы жетістікке толы

Еліміздің әр өңіріндегі Қазақстан Халқы Ассамблеясының өңірлік бөлімшелері әрқашан да белсенді. Ресми түрде медиация, қайырымдылық секілді игі істерден бөлек, отбасы құндылығының артуына да ықпал етіп жүрген өңірдегі Ассамблея бөлімшелерінің іс-шаралары көңіл сүйсінтеді. 


Осы орайда жақында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және Атырау облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» мекемесі, Құрманғазы ауданы Аналар кеңесі, аудандық мәдениет үйі, Абай атындағы жалпы орта мектебі, аудандық кітапханамен бірлескен түрде ұйымдастырылған отбасы күніне орай «Отбасы - ұлағат мектебі» атты шара өткізді. Шараға аудандағы округтердегі аналар кеңесінің төрайымдары мен мүшелері, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, Әкелер кеңесі, ұлағатты ұстаздар, мәдениет, кітапхана қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараның басты мақсаты – қоғамдағы имандылық, адамгершілік құндылықтарды дәріптей отырып, асыл қазынамызды барша жұртшылыққа үлгі ету арқылы ондағы отбасының алар орнын насихаттау болып табылады.

іс-шара барысында алғашқы құттықтау сөзді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жалғасбай Шамбузов шараға қатысушы қонақтарды мерекемен құттықтады. Кездесуге арнайы шақырылған қонақтарға сөз беріліп, өмірлерінен сыр шертіп, бастан өткен оқиғалары айтылып, ұрпақтары жайлы да сөз болды. Бүгінгі таңда бар ұрпақтарымен мақтанып отырған жандар болашақ жастардың қолында екенін тілге тиек етіп, жастарға өз ойларын ашық айтты. Кештің сәнін келтірген мәдениет үйі қызметкерлері Раушан Сәрсенова, Толыбай Қажыгереев, Болатбай Нұрбайұлы және мектеп оқушылары әнмен шашу шашты. Кеш соңында аудандық Аналар кеңесінің төрайымы Балғаным Хасенова қатысушыларға ризашылығын білдіріп, шақырылған қонақтарға Қазақстан Халқы Ассамблеясының кітабын табыстап, алғыс хатымен марапаттады. Шараға 90-ға жуық адам қатысты. Жиынға жиналғандар мұндай шараның маңызы зор екенін айтып тарқасты. 


Кеше ғана осы өңірде отбасы құндылығын дәріптейтін «Ақ орамал» акциясы да өткізілді. Бұл шараны өткізу арқылы қазақстандықтарды этностық шығу тегіне, әлеуметтік, діни немесе басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, бейбітшілік идеясы аясына шоғырландыруды насихаттайды. Осы мақсатта Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және Атырау облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен  «Ана өмір шуағы» тақырыбында «Ақ орамал» республикалық акциясы өткізілді. Мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеген Мақат ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Телеубаева Сания Көшенқызы аналық ақ тілегін білдіріп, абзал ана болсын деген ниетпен кешке қатысушы 40 жас анаға «Ақ орамал» тарту етті. Ауданымыздағы отбасылық-демографиялық саясаттың дамуына үлесін қосқан жас, іскер, көпбалалы 7 анаға, Елордамыз Астананың 20 жылдық мерей тойы қарсаңында дүниеге сәби әкелген 3 анаға Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан «Алғыс хат» табысталды. Шара соңы мерекелік концертке ұласты.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 631    Пікірлер: 0

сейсенбі, 25.09.2018, 19:28

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31