Ассамблея

Бес әлеуметтік бастамаға арналған қоғамдық кеңес құрылды

  • Бес әлеуметтік бастамаға арналған қоғамдық кеңес құрылды

    Бес әлеуметтік бастамаға арналған қоғамдық кеңес құрылды

Бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асырылуын бақылайтын қоғамдық кеңес құрылды. Оның құрамына түрлі партия өкілдері, үкіметтік емес ұйымдардың, Ассамблея мүшелері енді.


Кеңестің басты міндеті – әлеуметтік бастамалардың жүзеге асырылуына қоғамдық мониторинг жүргізіп, тұрақты бақылауда ұстау. Отандық ғалым, қоғам қайраткері, ректор Рахман Алшанов Алматыда тұрады. Бірақ, бүгін Астанаға арнайы келді. Ол құрылған Қоғамдық кеңестің мүшесі енді.


Рахман Алшанов, «Тұран» университетінің ректоры:


- Судың да сұрауы бар дегендей, қаншама үлкен қаражат бөлінеді. Бұл жерде қалмауы керек. Партияның қазір мүмкіншіліктері зор.


Өткір де өзекті мәселелерді дер кезінде Үкіметтің құлағына жеткізіп жүрген жанашыр депутаттардың бірі - Нұртай Сабильянов. Ол да енді бес әлеуметтік бастаманың жүзеге асуына бақылау жасайтын кеңеске мүшелік етеді. Бұл кеңес Елбасының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының мұрындық болуымен құрылды. Аты бар да заты жоқ, саны бар да сапасы жоқ, тек қағаз жүзінде жұмыс істейтін кеңес емес. Ал, оның мүшелері кімдер? Депутат та, елдегі бар партиялардың өкілдері де, Ассамблея мүшелері, кәсіподақ, белсенді азаматтар, жастар, сарапшы мамандар, жанашырлар, барлығы 26 адам. Бастысы, Президенттің бастамаларын ұзаққа созған шенеуніктер тиісті жауап береді. «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарының айтуынша, Қоғамдық кеңес жанынан құрылатын немесе жемісті еңбек етіп жатқан сарапшылық топтардан ақпарат жиналады. Бұл жұмысқа үкіметтік емес ұйымдар мен кәсіподақтарды, өңірлердегі Демократиялық күштер коалициясын тарту көзделуде. Тұрғындар да бұл орайда бей-жай қалмауы керек. «Нұр Отанның» қабылдау бөлімдеріне хабарласуға болады. Партияның веб-порталында бес бастамаға арнайы айдар ашылған. Ақпарат жинау мақсатында жақында арнайы мобильді қосымша шығады «Нұр Отан» партиясының орталық және өңірлердегі ресурстарын барынша пайдалануды және қадағалаудың технологиялық мүмкіндіктерін жасауды ұсынды. Қоғамдық кеңес аясында әлеуметтік бастама бойынша 5 топ құрылды. Кеңеске Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов төрағалық ететін болды. Бес бастама халықтың игілігі үшін атқарылып жатқан сан-салалы әрекет. Баспананың тауқыметін тартып жүргендердің кеудесіне үміт гүлін егіп, жігеріне жігер қосары сөзсіз. «Несиеге ет жесең, сүйегі қарныңды теседі» дегеннің кері келіп, алған несиесін өтеуге бар тапқан несібесін беріп отырғандарға да жетеді. Бүгін осы және баспана жайы Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында талқыға түсті.


Бақытжан Әбдірайым, ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы:


- Қазіргі таңда Қазақстанда миллионнан астам адамның несиесінің төлем мерзімі өтіп кеткен. Бұл адамдар бағдарламаға қатыса алмайды деген сөз. Бұл орайда Ұлттық банк қалай қолқабыс ете алады?


Олег Смоляков, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары: - Кезінде шетелдік валютада несие алып, теңге бағамы өзгерген соң несие көлемі ұлғайған. Біз өзіміздің бағдарлама арқылы шетелдік валютада ипотека алғандардың 98 пайызының қарызын жабу көзделуде.


Бес әлеуметтік бастаманы жүзеге асырудағы Үкіметтің тұжырымдамалық ұстанымдары бар. Соның сапалы орындалуы енді жіті қадағаланады. Үкімет мүшелері кеңестің барлық сұрақтарына жауап береді. Босаңсуға негіз жоқ. Өйткені, мына аумалы-төкпелі заманда халықтың әл-ауқатын жақсарту, экономиканың тамырына қан жүгірту керек. Ал, бүгін ғана жұмысын бастаған Қоғамдық кеңес енді тұрақты түрде отырыс өткізіп, жиі кездесуге келісті.


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 5066    Пікірлер: 0

жұма, 25.05.2018, 19:52

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30