Ассамблея

Бір атаның баласындай

  • Бір атаның баласындай

    Бір атаның баласындай

Жетісу өңірінде 105 этнос өкілдері бір атаның баласындай өмір сүріп келеді. Оның ішінде 26 облыстық этномәдени бірлестігі мен олардың аудандарда – 39, қалаларда 6 филиалдары (жалпы саны –71) тіркелген. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясында тұрақты негізде І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ғылыми-сараптамалық топ, ҚХА кафедрасы, этносаралық тақырып бойынша жетекші журналистер мен сарапшылардың клубы, этномәдени орталықтар, «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», «Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, жетекші журналистер клубы, «Жаңғыру жолы» жастар қауымдастығының облыстық штабы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істейді.


Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» биылғы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауы, «Президентің Бес әлеуметтік бастамасы» және Астананың 20 жылдығы аясында 40-қа жуық әртүрлі форматта іс шаралар өткізілді: 5 форум, 2 фестиваль, 13 кездесу, 8 дөңгелек үстел, 1 брифинг, 1 акция, 1 митинг, 1 ашық сабақ, 2 қайырымдылық концерт, 1 ашық есік күні, 5 отырыс ұйымдастырылды. Жыл басынан бері ұйымдастырылған іс-шараларға жеке жеке тоқталар болсақ:


11 – 31 қаңтар аралығында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауын Алматы және Талдықорған өңірінде облыстық Славян қозғалысы, «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы және «Полония» поляк қоғамы, «Туган тель» татар орталығы, «Видергебурт» Талдықорған немістер қоғамы бірлестіктігі, «Барбанг» күрд этномәдени бірлестігі, Өзбек этномәдени орталығы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелерімен талқылады.


12 қаңтар облыстық славян қозғалысы және облыстық орыс орталығының ұйымдастыруымен «Рождественские встречи» шарасы, 17 қаңтар «Преемственность поколения - гарантия национального единства» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.


9 ақпан «Күміс тамыр» қытай этномәдени орталығы шығыс ай күнтізбесіне сәйкес қытай жаңа жылына арналған мерекелік шарасы, 18 ақпан Славян қозғалысы және облыстық орыс орталықтары бірлесе «Масленица хороша, широка её душа» атты мерекелік шарасын ұйымдастырды.


24 ақпан «Туган тель» татар орталығының ұйымдастыруымен Жалпыәлемдік татар асханасының күні, 6 наурыз «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығы «Астана көктемі шақырады» облыстық форумы, 12 наурыз күні «Туган тель» облыстық татар орталығының Муса Джалильдің шығармашылығына арнап кездесу, 19 наурызда «Туган тель» облыстық татар орталығы «ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы» тақырыбында кездесу, 27 наурызда Облыстық дұнған этномәдени орталықтың ұйымдастыруымен «Береке бірлік бастауы – Наурыз!» атты фестивалі және «Балкария» балқар этномәдени орталығы «Астана – Мәңгілік Елдің бастауы» тақырыбында форумы өтті.


Облыс бойынша 627 Қоғамдық келісім кеңестері жұмыс істейді, 1 облыстық, 16 аудан және 3 қалалық, 252 ауылдық округте, 340 елді мекенде, 15 ірі кәсіпорында құрылған. Барлығы 4 209 мүшесі бар.


1 - тоқсанда облыс көлемінде 3 облыстық, 6 қалалық, 32 аудандық деңгейде, 252 ауылдық округте, 340 елді мекенде, 15 кәсіпорында, жалпы 663 шара ұйымдастырылды. Қоғамдық келісім кеңестері тарапынан әлеуметтік мәселелерге байланысты 59 өтініш қабылданып, шешімін тапты.


2018 жылдың алғашқы тоқсанындағы дерек бойынша Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан құрамында 876 мүшесі бар 265 Аналар кеңесі құрылған. 10 қаңтар күні Астананың 20 жылдығына арналған «Астана жүрегімде», 12 қаңтарда Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша бірыңғай республикалық күні аясында 120-ға жуық дөңгелек үстел, аудандарда кездесулер өтіп, 152582 адам қамтылған 289 шара ұйымдастырылды.


ҚХА жанынан құрылған ғылыми-сарапшылық топқа келер болсақ, қаңтар айында Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылау бойынша мемлекеттік органдардың қатысуымен дөңгелек үстел; ақпан айында «Жастардың бойындағы жауапкершілік пен патриоттық сезімді тәрбиелеу» тақырыбында кураторлық сағаттар; сонымен қатар, наурыз айында ғылыми-сарапшылық топпен «Татулық – бірлік бастауы» форумы мен «Президенттің бес әлеуметтік бастамасын» талқылауға байланысты дөңгелек үстел өтті.


Медиация саласында да қыруар жұмыстар атқарылуда.  Әкімдіктерде 20, соттарда 48 медиация кабинеттері жұмыс істейді. Тіркелген кәсіби емес медиаторлар 272, кәсіби медиаторлар 24.


Жалпы медиаторлармен 323 дау шешімін тапты. «Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріндегі медиацияның маңыздылығы» тақырыбында дөңелек үстел, және барлық аудан, қалалық медиация кабинеттерінде ашық есік күндері ұйымдастырылды.


Қайырымдылыққа қатысты да жасалып жатқан істер баршылық. «Достық дастарқаны», «Рождество», «Масленица» қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. «Қайырымды Ел» жалпыреспубликалық акциясы аясында 527 қайырымдылық шара ұйымдастырылып, 731 жағдайы төмен отбасы, 272 бөлек жеке тұлғалар (мүгедектер, қарттар, ардагерлер және т.б.), 1430 кәмелеттік жасқа толмаған жастар, жалпы 2433 адамға 24 689 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді.


2018 жылғы 1 тоқсан бойынша этносаралық тұрақтылық пен бірлікті қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік зерттеу жүргізілді.


Талдықорған қаласында фокус-топпен жұмыс ұйымдастырылып, эксперттік сауалнамалар арқылы әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Тұрғындардың ішінде 1000 респонденттен 2 тілде (Қазақ, орыс тілдері) «Face to face» тәсілімен сауалнамалар алынды.


Этносаралық арақатынас мониторингі көрсеткендей аудан және қалалардағы көрсеткіштер тұрақты және жағымсыз бағалаулар болған жоқ. Сауалнама жүргізілген тұрғындардың басым бөлігі мемлекеттік құрылымдарға сенімдерінің жоғары екендігін және этносаралық келісімді сақтау бойынша мемлекеттік саясатты қолдайтындықтарын, сонымен қатар барлық мемлекеттік бағдарламаларға қатысты құжаттармен уақытылы ақпараттандырылып отыратындықтарын көрсетті.Алдағы уақытта да бір атаның баласындай тату тәтті өмір сүріп, жетістерге жететініне сенімімз мол!


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 5079    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 18:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30