Ассамблея

Бірлік аркасы бой көтереді

  • Бірлік аркасы бой көтереді

    Бірлік аркасы бой көтереді

Түркістан қаласында бас қосқан этномәдени бірлестік өкілдері түркі дүниесінің Астанасында бірлік аркасын салу туралы ұсыныс айтты.


Бұл ұсыныс Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-дың Мәдениет орталығында Қазақстан халқының тілдері мен мәдениеті және салт-дәстүрі күні мерекесіне арналған «Мәңгілік елдің – мәңгілік тілі» атты мерекелік шарада айтылды.


Аталмыш шараны облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармалары ұйымдастырған. Шара кезінде облыстық этномәдени бірлестіктердің қолөнер бұйымдары мен ұлттық аспаптарынан көрме ұйымдастырылды.


Мерекелік жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков өңір тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтады.«Қазақстан халқының тілдері күні» мерекесіне орай түркі дүниесінің қарашаңырағы – Түркістанда өтіп жатқан тұңғыш облыстық тіл фестивалі құтты болсын! Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, ұлттық құндылықтардың қазыналы діңгегі. Түркістандықтар тіл мен дәстүр, тарих пен тәрбие тұрғысында байтақ еліміздің барлығына үлгі-өнеге болуы керек, — деді ол.


Жиын барысында өңірде тіл саясатының жүзеге асуына лайықты үлес қосып жүрген бірқатар азаматтар марапатталды. Сондай-ақ, облыстық күрді этномәдени бірлестігінің төрағасы Азимбай Надиров сөз алып, түркі әлемінің мәдени-рухани астанасында қазақстандықтардың татулығын паш ететін Орталық Азияда теңдессіз көрікті «Бірлік» аркасын салуды ұсынды.


Бұл өз кезегінде туристердің тамашалайтын көрікті орнына айналатындығын және бірліктің бір нышаны болатындығы жөнінде атап өтті. Сонымен қатар, облыстық, республикалық Абай оқулары байқауының жүлдегері, облыстық корей этномәдени бірлестігінің мүшесі Тимур Пак оңтүстік жұртшылығына ақеділ алғысын жеткізді. Тілдер мерекесінде келешекте облыс орталығында бой көтеретін «Достық» үйінің алғашқы жәдігері ретінде «Достық кілемі» сыйға тартылды. Салтанатты шарада қазақстандықтардың берекелі бірлігін дәріптейтін «Шаңырақ» поэтикалық-хореографиялық композициясы сахналанып, этномәдени бірлестіктердің жанындағы шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.


Айта кететін жайт қазіргі таңда облыстың барлық аудан, қалаларында мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын орталықтар жұмыс істейді. Өңірдегі этнос өкілдерінің 84 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген. Тіпті өзге ұлт өкілдерінің өзі қазақ тілін еркін меңгеріп, қазаққа айналған деуге болады. Елбасының түркі дүниесінің Астанасында бір бір ғимарат салу туралы идеясына орай аталмыш арканың жақын уақытта бой көтереріне сенеміз!


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 708    Пікірлер: 0

жұма, 05.10.2018, 01:18

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31