Ассамблея

Бірліктің қазақстандық моделінің мәні зор

  • Бірліктің қазақстандық моделінің мәні зор

    Бірліктің қазақстандық моделінің мәні зор

Бүгінгі күні қоғамымызда біртұтас татулық пен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі деген түсінік қалыптасқан. Тіпті осынау бірегей, өзіндік ұстанымымызға бүгінде талай ел қызығып, халықаралық сарапшылар тәжірибемізбен бөлісуді сұрауда. 


Ал Қазақстандағы бір атаның баласындай жұмылған біртұтастықтың сырын Орталық Азия өңіріндегі Этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығы басшысының орынбасары Дастан Көшербаев:"Еліміздегі ұлттар бірлігінің басты сыры қазақ ұлтында дейді. Қазақтардың кең пейілі, дархандығы, бауырмалдығы, қонақжайлығы, қазақи менталитетінде, болмысында" дейді. Маман биылғы жылы қолға алынып жатқан Қазақтану жобасының да негізгі идеясы осы екенін жасырмады. Яғни алдағы уақытта Қазақтану жобасы аясында ел бірлігіне ықпал етіп отырған қазақы менталитет, мінез-құлық, болмыс секілді қазақ халқына тән барлық асыл қасиеттер жете зерттеліп, ашыла түспек.


Еліміз басқа ешқандай мемлекетке ұқсамайтын, өзіндік қалыптасу тарихы бар мемлекет. Ұлы қазақ даласы кезінде тағдырдың тауқіметімен тоғысып, бүгінде біртұтас елге айналып отырған 140-тан астам мемлекеттің құтты ордасы, туған жері. Бүгнінде еліміз көпұлтты мемлекет ретінде барша әлемге танылып отыр. Бұл тіпті еліміздің ата Заңында да анық көрсетілген. ҚР Ата Заңында «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып...», - деп басталу негізі де осында жатыр. Осы орайда айта кетер жайт, кезінде Сингапурдың тұңғыш президенті Ли Куан Ю: «Біз – біртұтас ұлт, біртұтас халықпыз. Елімізде әртүрлі ұлттардың және әртүрлі тілдердің болуы – біздің кемшілігіміз емес, артықшылығымыз», - деген ұстанымын ашық жария еткен болатын. Бүгінгі күні біздің еліміздің ұстанымы да осы. 




 




Көрілген: 592    Пікірлер: 0

сенбі, 27.10.2018, 00:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31