Ассамблея

«Достық» орденімен марапатталды

  • «Достық» орденімен марапатталды

    «Достық» орденімен марапатталды

23 мамыр күні, «Астана Опера» театрында ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipгeн ерен еңбегі үшін қазіргі таңдағы ең атақты сценографтардың бірі – Эцио Фриджерионы ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.


Айтулы сценографтың есімі барша әлемге әйгілі. Эцио Фриджерионың өнерге қосқан үлесі ұшан-теңіз. Заманауи хореографияның дамуындағы елеулі оқиға – оның музыкалық театр саласындағы жұмыстары. Фриджерионың Джорджо Стрелермен бірге жүзеге асырған Дж.Вердидің «Симон Бокканегра» (1971 ж.) және «Фальстаф» (1980 ж.), Р.Вагнердің «Лоэнгрин» (1981 ж.), В.А.Моцарттың «Фигароның үйлену тойы» (1973 ж.) және т.б. опера қойылымдары әлемдік танымалдылыққа ие болып, ХХ ғасырдағы опера театрының классикасына айналды. Ол «Астана Опера» театры сахнасындағы көптеген атақты балет және опера спектакльдерінің сценографиясын жасады. Өзінің жұбайы – «Оскар» сыйлығының иегері, костюмдер бойынша суретші Франка Скуарчапиномен бірге қазақстандық музыкалық театрдың дамуына елеулі үлес қосты. Елордалық театрдағы қойылымдарға жасаған бірегей жұмыстарының қатарында – А.Жұбанов, Л.Хамидидің «Абай», Дж.Пуччинидің «Мадам Баттерфляй», Ж.Бизенің «Кармен», С.Прокофьевтің «Ромео мен Джульетта», П.Чайковскийдің «Ұйқыдағы ару», «Аққу көлі», Б.Асафьевтің «Бақшасарай бұрқағы», М.Петипаның «Баядерка», Л.Минкустың «Дон Кихот» туындылары бар. - Сіздің «Астана Опера» театрына арнап жасаған спектакльдеріңіз – қазақстандық өнеріміздің маңдай алды туындылары. Олар опера және балет жауһарларының әлемдік қазынасына енері сөзсіз. Одан әрі жемісті серіктестікке сенім білдіре отырып, сізге ұзақ өмір, зор денсаулық тілейміз, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. Өз кезегінде, Эцио Фриджерио еліміздің басшылығына, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына, «Астана Опера» театрының дирекциясына осынау жоғары марапат үшін алғысын білдіріп, «Достық» орденімен марапатталған тұңғыш итальяндық атануы ол үшін үлкен мәртебе екенін атап өтті. Сценограф Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстандағы мәдениетті қолдаудағы маңызын ерекше баса айтты. Қоюшы сценографтың сөзінше, соңғы жылдары Қазақстан мен Италия арасындағы мәдени көпір нығайып, одан сайын берік бола түскен. Еске салар болсақ, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Эцио Фриджерио халықтар арасындағы бeйбiтшiлiктi, достық пен ынтымақтастықты нығайтуға ciңipгeн ерен еңбегі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапатталған еді. Достық ордені – Қазақстан Республикасының мемлекеттік марапаты. Онымен қоғамдағы өзара келісімді сақтау жөніндегі жемісті жұмысы, бeйбiтшiлiктi нығайтуға cіңірген еңбегі үшін марапатталады. 




Көрілген: 4968    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 17:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30