Ассамблея

Еліміздегі этностар тек бірлік пен татулықты ту етеді

  • Еліміздегі этностар тек бірлік пен татулықты ту етеді

    Еліміздегі этностар тек бірлік пен татулықты ту етеді

Елімізде өмір сүріп жатқан барша ұлт өкілдеріне қатысты дұрыс саясатты ұстанып отырғанымыздың айғағы - еліміздегі барша ұлт пен ұлыс тек қана татулық пен бірлікті ту ететін іс-шаралар ұйымдастырып, өз достықтарын паш етуде. Соның айғағы жақында Павлодарлық немістер мен әзірбайжандар «Бір отбасында тұрамыз» фестивалін кең көлемде атап өтті. Іс-шараның жоғары дәрежеде өткені соншалық жиынға қатысқандар мұндай мерекелік шараларды көбейту туралы ұсыныс айтып тарқасты.


Осы орайда айта кетер жайт Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды көпұлтты
отанды мақтан тұтуға үнемі шақырады. «Ұлтаралық қарым-қатынас әрқашан нәзік материя болып келеді. Мұнда нақты маңыз беріп, ештеңені жіберіп алмау керек. Әрине, әр ұлттың, халықтың ұлттық мақтанышы, ұлттық көңіл-күйі бар. Бұның жіп-жіңішке мембранадан, ұлтшылдықтың шеңберінен өтпегені маңызды. Ол мүлде басқа мәселе. Біз, қазақстандықтар, халқымыз бен елімізді мақтан тұтамыз, бірақ біз басқа да халықтардың мәдениетін, дінін, дәстүрлерін де құрметтейміз. Міне, осынау әртүрліліктің ішінде өсімнің керемет нүктесі бар. Олай өмір сүру де қызықты. Егер кенеттен барлық нәрсе бірдей болып кетсе, кез-келген жерге барудың қажеті болмаса бұл әлемде өмір сүрудің өзі қызықты болмас еді. Сондықтан біз барлығын да құрметтеп, осы мәдениеттерді түйсінгенде ғана бақытты боламыз », - дейді Мемлекет басшысы.
Осы ұстаныммен елімізде барлық этномәдени бірлестіктердің салт-дәстүр, ұлттық әдет ғұрып, ұлттық тіл, ұлттық мерекелерінің және тағы басқа ұлттық құндылықтарының ұмытылмасы үшін жұмыс жасалынуда. Еліміздің түкпір түкпірінде этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық келісім кеңестерінің ұйымдастыруымен медиациялық жиындар, қайырымдылық іс-шаралары, күзгі мезгілде сабантой секілді науқандарды да мерекеге айналдырып, өздерінің ұлттық мерекелерін де ұмытпауда.
Павлодарда алдымен «Возрождение» неміс этномәдени бірлестігі мерекелік жиында қойылым көрсетсе, келер күні «Ватан» облыстық әзірбайжан этномәдени орталығы қала тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады. Бұл күні сахна төрінде неміс, әзірбайжан және қазақ тілдерінде әндер шырқалды, хорегорафиялық және вокалдық ұжымдары өз өнерлерін ортаға салды.


Мереке ұйымдастырушылары көрермендерді әзірбайжан және неміс халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарымен таныстырып қана қоймай, ұлттық тағамдардан да дәм татырып, қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастырды.
Жалпы Павлодар облысының этномәдени бірлестіктерінің жыл бой жинаған тәжірибесін жазда, фестиваль барысында халықтың назарына ұсынуы игі дәстүрге айналған.
Сонымен қатар, Баянауылда өтетін «Бiрлiк.Единство.kz» халықаралық жастар этнофорумы өтіп, іс-шараға еліміздің барлық өңірлері мен шекаралас Томск, Новосібір, Тюмень облыстары мен Алтай өлкесінен барлығы 120-ға жуық қатысушы келген. Сондай-ақ, жиынға «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының мүшелері, Парламент мәжілісінің депутаттары мен ҚХА мүшелері қатысқан.
Солтүстік Қазақстан облысында да кеше ғана жергілікті әкімдіктің тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан халқы тілдерінің ХХ облыстық фестивалі аясында мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және дамыту мақсатында «Тілдарын» республикалық фестивалін өткізді.
Елордамыз Астанада да өткен аптада неміс мәдениетінің күні аталып өтті. Бұл іс-шараға елордалық Қазақстан халқы Ассамблеясы қолдау білдірген. «Берлинская полька» флешмобымен басталған мерекелік шара неміс мәдениетіне арналған көрмемен жалғасқан. Іс-шараға келушілер «Қазақстандағы немістер» атауымен ұйымдастырылған көрме арқылы Астана мен Ақмола облысындағы немістер тарихы жайында тың деректермен танысты.
Мұның барлығы еліміздің түкпір түкпірінде күнделікті өтіп жатқан этносаралық шаралардың бір бөлігі ғана. Бастысы еліміздегі барша ұлт өкілдерінің достық пен бірлікті насихаттап, ұлтаралық татулықты арттыратын жиындарға деген ынта ықыласы көңіл қуантады.
Еркенұр Ерзия


Көрілген: 916    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 17.09.2018, 23:47

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30