Ассамблея

Елордамызда 19 қазан күні Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді

  • Елордамызда 19 қазан күні Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді

    Елордамызда 19 қазан күні Кавказ мәдениетінің фестивалі өтеді

Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының ұйымдастыруымен осы жылдың 19 қазанында Этнос күні аясында «Кавказ мәдениетінің фестивалі» өтеді, - деп хабарлайды Алаш айнасы. 


Салтанатты шара «Хан Шатыр» ойын-сауық сауда орталығында 17:00-де басталады. Фестиваль кавказ халықының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттауға, ұлттық мәдениеті мен тілін, сондай-ақ зияткерлікті, рухани-адамгершілік құндылықтарын дамытып қалыптастыру үшін ұйымдастырылмақ. Осындай мәдени шаралар еліміздегі әртүрлі этномәдени орталықтадың дәстүрі мен салтын, тұрмыс тіршілігін мәдениетін насихаттап дамыту мақсатында жыл сайын дәстүрлі түрде Этнос күні аясында өтіп келеді. Этнос күні – көпұлтты Қазақстан мәдениетінің өзегі іспетті. Бұндай мәдени шаралардың басты мақсаты ел ішіндегі ынтымақты нығайтып, татулықты арттыру.

Кавказ мәдениетінің фестиваліне Астана қаласындағы «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігі, «Ван» армян мәдени орталығы, «Хазар» әзірбайжан қоғамдық бірлестігі және «Колхети» грузин қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестіктері қатысады.

Мәдени шараның бағдарламасы бойынша этномәдени бірлестіктердің вокальдық және би ансамбльдері түрлі сарындағы дәстүрлі әндерді айтып, би билеп өнер көрсетеді. Ал, фестивальдің аяғында «Вайнах» шешен-ингуш ЭМО» қоғамдық бірлестігінің би ансамблі «Лезгинка» биін билейді. Осы ретте «Лезгинка» биі туралы да айтып өтейік. Бұл би лезгиндердің халық биі болып саналады. Бидің бұл түрі бүкіл кавказ халықтарына таралған дәстүрлі әрі ең танымал би. Атап айтсақ, қабарда, осетин, авар, шешен, ингуш, тағы басқа да халықтардың әрқайсысында «Лезгинканың» өзіндік түрлері бар. Ерте заманда оны жауынгерлер биі ретінде таныған, ал, бейбіт кезеңде ер адамдар семсер ұстап жеке шығып та орындаған. Бұл биді билеу үшін асқан ептілік, күш-қайрат және шеберлік қажет. Жылдам, екпінді түрде биленетін биді ер адам жеке немесе әйел адаммен жұптаса орындайды. Олардың мәдениеті бай және өзіндік ерекшеліктері мен көңіл аударады. Ұлттық құндылыққа негізделген кавказ билері мен қатар лирикалық әндері де ерекше әсер етіп сезім қылын шертеді.

Кавказ халықтарының тарихына зер салсаңыз, тамыры тереңде жатқаның байқайсыз. Қара теңіз бен Каспий теңізінің арасында жатқан Азиядағы тарихи өңірде 60-тан астам этникалық топ мекендеген. Үлкен Кавказдың биік таулы жоталары арқылы Ресей Федерациясымен арадағы шекара өтеді. Кавказ елдері Қара теңіз жағалауы арқылы Украинамен, оңтүстігінде Түркиямен, Иранмен, ал Каспий теңізі арқылы Түрікменстанмен шектесіп жатыр. Еуропа мен Азияның тоғысында жатуы және халықаралық теңіз жолдарына жақындығына байланысты Кавказдың географиялық орны барлық заманда да қолайлы болып саналған.

Ал Қазақстанға Кавказ халықтары диаспорасының қалай келгені жөнінде қысқаша айтар болсақ негізінен көпшілігі Ұлы Отан соғысының кезінде сол уақыттағы солақай саясаттың кесірінен жер аударылып келген. Әрине, одан бұрында тіршілік қамымен келіп өз еріктерімен қоныстанып қалғандар болды. Сонымен қатар, тың игеру науқанымен және әртүрлі өндіріс орындарының ашылуына байланысты да келгендер де бар.


Біздің еліміз – көпұлтты мемлекет. Отанымызда жүз отыздан астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекен етеді. Өздерінің құтты мекеніне айналған еліміз бен жерімізге олардың да құрметі шексіз. Ал, қазақ халқы да Елбасымыз жүргізіп отырған сындарлы саясаттың арқасында өзге ұлт өкілдерін бөлектемей, бауырларына басып туысқандық көңілмен, баурымалдық сезіммен ытымақ пен бірліктің артуына ерекше көңіл бөліп келді.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 846    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 15.10.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31