Ассамблея

Этнос оқушылары арасында коммуникативтік тренинг өтті

  • Этнос оқушылары арасында коммуникативтік тренинг өтті

    Этнос оқушылары арасында коммуникативтік тренинг өтті

Кеше  Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының «Асыл сөз» мектебі» аясында коммуникативтік тренинг өтті. «Тіл- ел бірлігінің кепілі» тақырыбындағы шара қаладағы №10 «Білім инновация» лицей интернатында болды. Оған қаладағы 8-10 сыныптағы аралас мектептерден 16 этнос оқушысы қатысты. Аталған жобаның мақсаты – өзге этнос өкілдері арасында мемлекеттік тілді үйрету арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.


Белгіленген тақырып бойынша мәселелерді қарау, талқылау, нәтиже шығару. Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып, елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады.

Сұрақ-жауап, ойын, пікір алмасу форматында өткен тренингте оқушылар «Өрмекші торы» ойыны арқылы бір-бірімен танысып, өзара байланыстарын нығайтты. «Ішкі түйсік» әдісі арқылы алдын-ала аяқталмаған жағдаяттар дайындалып, оқушыларға қойылды. Мәселен, «Мен білім министрімін...», «Уақыт машинасына тап келсең, қай кезеңге барар едің, неге?», «Мемлекеттік тіл үйренудегі мен үшін кедергілер..» деген сынды сұрақтарға қатысушылар белсенді түрде жауап беріп, келелі ойларын ортаға салды.


Сонымен бірге, көп тілді меңгеру жолдары, тілді өздігінен үйрену әдістері өткізіліп, бірнеше бағыттағы коммуникативті жаттығулар ойнатылды. «Мың бала» облыстық мәдени-ағартушылық жобасының «Авторлық жоба» байқауының 2017 жылғы жеңімпазы Гүләйім Байназар оқушылардың үш тілділігін дамыту үшін интерактивті тақта арқылы ойындар ойнатты.


Тілдік мәртебені көтеру, бірлікті нығайту ниетінде өткен шара соңында «Қоғамдық келісім» КММ аға сарапшысы Шакизат Абдраманова аралас мектеп оқушыларын марапаттап, сый-сияпат көрсетті.




 





Көрілген: 5000    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 23.05.2018, 10:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30