Ассамблея

Жер жаннаты Жетісу барша ұлтқа жайлы болып отыр

  • Жер жаннаты Жетісу барша ұлтқа жайлы болып отыр

    Жер жаннаты Жетісу барша ұлтқа жайлы болып отыр

Жер жаннаты Жетісу жеріндегі көпұлтты өңірдің бірі - Қаратал ауданы. Бүгінде 43 ұлт пен ұлыс өкілдері, олардың ішінде: қазақтар - 28760 (60,14 %), орыстар - 11176 (23,37), корейлер - 3967 (8,3), күрділер - 1874 (3,9), шешендер - 613 (1,2), үйғырлар - 404 (0,8), немістер - 252 (0,5) және 778 өзге ұлттар киелі мекенде бір атаның баласындай тату-тәтті өмір сүріп, халықтар достығының дәнекері болуда.


Тарихқа көз жүгіртсек, 1989 жылы ауданымызда әртүрлі ұлттың өкілдері бас қосып, өңірде «Достық» атты қоғамдық үйым құру туралы шешім қабылданған екен. Ол үйымға орыс, кәріс, күрді, шешен, неміс ұлтының өкілдері кірген. Кейіннен «Достық» ұйымы жеке-жеке ұлттық- мәдени орталықтарға бөлініп, өз жұмыстарын бастай, әрбір ұлт пен ұлыстың салт-дәстүрлері мен әдет- ғүрыптарын сақтауға кең жол ашқан. Татулық пен ауызбірлікті ерекше бағалайтын киелі мекендегі әртүрлі үлт өкілдері бірлік пен өзара ынтымақты басты назарда ұстап, ауданның жан-жақты дамуына өзіндік үлестерін қосуда.


Ішкі саяси тұрақтылықты сақтауда этникааралық келісімнің алар орны ерекше. Бұл ретте аудандағы 6 этномәдени бірлестіктің, атап айтсақ «Славян этномәдени бірлестігі» ҚБ, Қазақстан корейлер ассоциациясы Алматы облыстық филиалының өкілдігі, «Алматы облыстық ұйғыр этномәдени бірлестігі» ҚБ-нің Қаратал аудандық филиалы, Республикалық «Барбанг» күрді ассоциациясы қоғамдық бірлестігі Талдықорған филиалы, «Талдықорған немістер «Видергебурд» қоғамы» қоғамдық бірлестігінің аудандық бөлімшесі, Республикалық «Вайнах» чешен этномәдени бірлестігі Талдықорған филиалы Қаратал аудандық бөлімшесі өкілдерінің атқарып жатқан істері айтарлықтай. Этномәдени бірлестіктер ауданның қоғамдық- мөдени өміріне де белсене араласып, жергілікті басқару органдарымен тығыз байланыста жұмыс атқаруда.


Сондай- ақ, диаспора өкілдері өздерінің ұлттық мейрамдарын еркін әрі белсенді түрде өткізіп тұрады. Мысалға, Корей ЭМБ-гі жыл сайын жаздық «Овель тано» мерекесін, шығыс күнтізбесі бойынша жаңа жылды ерекше қарсы алды. Славян ЭМБ-гі «Рождество», «Масленница» мейрамдарын тойласа, шешен ұлты мәдениет күндерін кең көлемде атап өтуді дәстүрге айналдырған. Мұның бәрі өзге ұлт өкілдерінің тәуелсіз Қазақстан туының астында емін-еркін тыныстап, қанат жая ғүмыр кешуін айғақтайды. Қаратал ауданын өзінің туған жеріндей көретін өзге ұлт өкілдері шағын және орта бизнесті дамытып, аудан экономикасын көтеруге де септігін тигізуде.


Ең қуанарлығы - уақыт өткен сайын өзге ұлт өкілдерінің ынта-ықылас білдіріп, мемлекеттік тіл үйрену курсына жазылып, оны толық меңгеруге деген қүлшынысының артуы. Бұл -қазақтың қасиетті жерінің суын ішіп, топырағын таптаған этнос өкілдерінің қазақ халқына деген қүрметі болса керек. Қалай десек те, қараталдықтардың татулығы мен тұрақтылығы әрдайым өзгелерге үлгі-өнеге болары анық. «Елдестірмек - елшіден» демекші, елімізде татулық пен түрақтылықтың мызғымастай орын алуы - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың сындарлы да сарабдал саясатының нәтижесі.


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 3585    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 17:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31