Ассамблея

Жетісулықтар мерекелік іс-шара өткізді

  • Жетісулықтар мерекелік іс-шара өткізді

    Жетісулықтар мерекелік іс-шара өткізді

Жетісу өңірі еліміздегі мерекелік күндерді атаусыз ұалдырған емес. І. Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің №2 ғимаратында Қазақстан Халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Жеңіс күніне арналған «Ұранды елдің ұрпағы қайсар» атты мерекелік іс – шара өткізілді.

Сахна төрінде университет әскери кафедрасының подполколковнигі Зиннур Рафаелевич Галиев рапорт беріп, ҚР гимні орындалды. Сонымен қатар 21-751 әскери бөлім сарбаздары өз өнерлерін көпшілікке тарту етті.

Алғашқы сөз университет ректоры, г.ғ.д., профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым Академиясының құрметті академигі Қуат Маратұлы Баймырзаевқа және Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайұлына берілді. Сонымен бірге жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беріп, еліміздің дамуы мен кемелденуіне үлес қосқан оқу орындарының әскери мамандарына Алғыс хаттар табысталды.


Ұлы Отан соғысына қатысып, Жеңіс туын желбіретіп, ерліктерін көрсеткен ата-бабаларымызды еске алу мақсатында бір минут үнсіздік жариялады. Шара соңында білімгерлердің дайындаған шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3547    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 14.05.2018, 00:29

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31