Ассамблея

Жетісулықтардың бірлігі көпке үлгі

  • Жетісулықтардың бірлігі көпке үлгі

    Жетісулықтардың бірлігі көпке үлгі

Алматы Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылғалы бері жемісті еңбек етуде. Олардың атқаратын жұмыстары да, ұйымдастыратын іс-шаралары да жыл өткен сайын ауқымданып келеді. Осы орайда өткен жылы облыста «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Аналар кеңесі», құрамына өңірге танымал 37 адам енгізілген «Облыстық Қоғамдық келісім кеңесі» және «Бірлік» жастар қауымдастығы, жетекші журналистер клубы, «Парасат» тіл жанашырлар клубы, «Өрнек» би ансамблі, “Полония” вокалды тобы, «Вайнах» шешен-ингуш ән-би ансамблі жұмыс істеген.


Өткен жылы Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жылдық жоспарына сәйкес, есепті мерзімде этносаралық татулық және қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға бағытталған әртүрлі форматта республикалық, облыстық, аудандық деңгейде жалпы саны: 200-ге жуық іс- шара ұйымдастырылыпты. Таратып айтар болсақ, 17 фестиваль, 31 форум, 13 конференция, 27 дөңгелек үстел, 37 кездесу, 18 кеңес, 24 семинар, 3 митинг, 1 ашық сабақ, 5 шығармашылық кеш, 9 байқау, 5 акция, 3 қайырымдылық концерт, 4 мега-жоба, 1 ғылыми-танымдық экспедиция, 1сессия және «Рухани жаңғыру» орталығының ашылуы тіркелген.


Жалпы Алматы облысы аумағында 627 Қоғамдық келісім кеңесі құрылған.


Оның: 19-ы аудандық, 3 қалалық деңгейде, 252 ауылдық округтерде, 340 елді мекенде және 15 кәсіпорындарда орналасқан.


Қоғамдық келісім кеңестерінің қызметінің тағы бір бағыты – қайырымдылық десек, 2017 жылы «Қайырымды Ел» жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы бойынша облыс көлемінде 71 367 адамға 1 млрд. 314 998 335 теңге көлемінде қайырымдылық көмек көрсетілген.


Облыста 265 Аналар кеңесі құрылған, оның: 1 облыстық, 16 аудандық, 3 қалалық, 245 ауылдық округтерде, жалпы мүшелерінің саны 876. Жыл бойы өткізілген іс шаралар саны – 271, 76 кеңес жиыны, 195 «Берік отбасы - берік мемлекет» жобасы аясында байқау, форумдар ұйымдастырылды.


Алматы облысы бойынша әлеуметтік мониторинг туралы этносаралық ахуалдың жағдайын, динамикасын, азаматтардың этносаралық мәселелер туралы пікірімен қалыптасқан этносаралық ахуалын зерттеу мақсатында 2017 жылы Қарағанды қаласының «ТИЕК жастарды дамыту орталығы» қоғамдық бірлестігімен 3 000 респонденттің қатысуымен кешенді әлеуметтік зерттеу жүргізілген. Әлеуметтік зерттеуге 18 жастан асқан әртүрлі категориядағы облыс тұрғындары қатысқан. Сонымен қатар, сарапшы болып бекітілген Г.Құсмолдаева әртүрлі этнос өкілдерінің қатысуымен облыс орталығы Талдықорған қаласында, Қаратал, Еңбекшіқазақ аудандарында «face to face» тәсілін қолданып фокус топтың жұмысын ұйымдастырды. Өткізілген әлеуметтік зерттеудің қорытындысы бойынша респонденттердің басым бөлігі позитивті әлеуметтік көңіл-күйге ие. Респонденттердің көпшілігі облыстағы этносаралық жағдайды ІІ тоқсанда-47,5%, ІІІ тоқсанда- 42,9% және IV тоқсанда 50,7%-ы «тыныш» деп бағалады. Сауалнамаға қатысушы респонденттер өзге этнос өкілдері арасындағы қарым-қатынасты II тоқсанда -35,6%,III тоқсанда- 47,9% және IV тоқсанда- 41,7% «өте жайлы» деп бағалаған.


Медиация саласы бойынша: 272 кәсіби емес және 23 кәсіби медиатор тіркеліп, соттар мен әкімдіктерде жалпы 68 медиация кабинеттері ашылған. Алматы облысы бойынша «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігі және «Медиация дамыту орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің филиалдары жұмыс атқаруда. Жыл көлемінде кәсіби және кәсіби емес медиаторлармен жалпы саны 1374 дау-жанжалдар шешімін тапты.

Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4215    Пікірлер: 0

жұма, 22.06.2018, 00:45

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31