Ассамблея

«Жұлдызы жарқыраған Жетісу» облыстық форумы

  • «Жұлдызы жарқыраған Жетісу» облыстық форумы

    «Жұлдызы жарқыраған Жетісу» облыстық форумы

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жоспарына сәйкес,«Жұлдызы жарқыраған - Жетісу» облыстық форумы аясында Достық үйінің алаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының алғашқы жиыны, «Жеңіс» саябағында сенбілік, Ұлыстың Ұлы күніне арналған мәдени-көпшілік шарасы өтті. Облыс халқы көпшілікке арналған іс-шараның куәсі болды. 


Шараға Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, Алматы облыстық ҚХА мүшелері, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» қызметкерлері, облыстық, аудан-қалалық Қоғамдық келісім, Аналар кеңесі, «Ұлағат» ардагерлер кеңесі, жетекші журналистер мен сарапшылар клубы, ғылыми-сарапшы топ, этномәдени бірлестіктер төрағалары мен белсенділері, студенттік Ассамблея, білімгерлер, қала тұрғандары және БАҚ өкілдері қатысты.


Форум аясындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы облыстық штабының алғашқы жиынында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай, Алматы облысының «Құрметті азаматы», «Ұлағат» ақсақалдар кеңесінің төрайымы Светлана Гаитова, облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының төрағасы Руфина Усанова, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы облыстық штабының төрағасының орынбасары Бронислав Другов сөз сөйлеп, жастарға сәттілік тілеп, «Жеңіс» саябағына сенбілікке шықты.


Ұлыстың Ұлы күніне арналған мәдени-көпшілік шарада құрметті қонақтар құттықтау тілектерін айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Сондай-ақ, шараның сәнін ұлттық ойындар, салт-дәстүр бойынша сұрақ-жауап викторинасы, облыстық ҚХА хатшылығы, Достық үйі, Қазақ мәдениеті мен салт-дәстүрлер орталығы, облыстық, аудан-қалалық Аналар кеңесі, Талдықорған қалалық заң колледжінің қатысуымен «Еншісі бөлінбеген дастархан» атты байқаулар келтірді.


Іс-шара соңынан байқау қорытындыланып, қатысушылар номинациялар бойынша бағалы сыйлықтар және алғыс хаттармен марапатталды. Айта кетер жайт, Алматы облыстық ассамблеясының бұл бірінші іс-шарасы емес. Осыған дейін де ассамблеяның талай іс-шараға мұрындық болғаны белгілі. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4222    Пікірлер: 0

сенбі, 12.05.2018, 22:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31