Ассамблея

Қарттарға қамқорлық көрсетілді

  • Қарттарға қамқорлық көрсетілді

    Қарттарға қамқорлық көрсетілді

Жақында Ақтөбе облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен «Алғыс айту — парыз» атты апталық басталды.


Аталған апталық шаралары аясында Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек көрсету мақсатында «Жылы жүрек» акциясы өтті. Бұл күні «Қоғамдық келісім» мекемесінің өкілдері мен ерікті жастар Ақтөбе қаласындағы бірнеше қарияның үйінде болып, азық-түлік өнімдерін үлестірді.


— Бұл датаның көктемнің алғашқы күнімен сәйкес келуінің де өзіндік себебі бар. Дәл осы күні Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. 1 наурызда тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этнос өкілдері қазақ жеріне, қазақ халқына алғыстарын білдіре алады. Бұл күн ынтымақтың, қайырымдылықтың, мейірімділік пен төзімділіктің белгісі.


Өткен жылы осы мақсатта Ақтөбеде 187 шара өткізілді. Аз қамтылған және көпбалалалы отбасыларға көмек көрсетілді. Биыл да бұл шаралар жалғасын табатын болады, — деді облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Еркін Құрманбек.


Корей ұлтының өкілі Елизавета Ким — ұзақ жылдар бойы білім саласына үлес қосқан педагог.


— Қазақстан — көпұлтты мемлекет. Бұл мереке адамдарды бір-біріне жақындастырып, бір-біріне деген құрметін арттырады. Барлық жеткен жетістігім, алдымен, еңбегімнің, екіншіден, қазақстандықтардың арқасында деп есептеймін. Осы жерде білім алып, қызмет еттім. Сондықтан айтар алғысым шексіз, — дейді ол.


«Қайырымдылық керуені» республикалық акциясы аясында биылғы жылы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен Қарттар үйінде мерекелік концерт өтті. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсету мақсатында қайырымдылық жәшігі орнатылды. Оқушыларға этномәдени бірлестіктердің музейіне экскурсия жүргізіліп, Ассамблея жанындағы тегін мемлекеттік және Қазақстан этностары тілдерін үйрететін жексенбілік мектептерге шығармашылық үйірмелерге шақырылды. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 5439    Пікірлер: 0

жұма, 11.05.2018, 02:06

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30