Ассамблея

Қазақ пен түрік достығы дәріптелді

  • Қазақ пен түрік достығы дәріптелді

    Қазақ пен түрік достығы дәріптелді

Алматы қаласындағы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз «Қазақстан мен Түркия арасындағы достық байланыс» тақырыбында елші сағатын өткізді.


Екі ел арасындағы достық талай жылдан бері жалғасын тауып келеді. Екіжақты ынтымақтастықтың өсу қарқыны Қазақстан мен Түркияның барлық деңгейдегі диалогының бай мазмұнымен және үдемелілігімен сипатталады. Бұл қатынастар, саяси, экономикалық, қорғаныс, мәдени, ғылыми-техникалық, білім беру, экологиялық, ақпараттық және денсаулық сақтау салаларында бірлескен әрі үйлестірілген қызметті жүзеге асыру мақсатын көздейді.


Бас консул Рыза Қаған Йылмаз Түркия мен Қазақстан арасындағы достық, ортақ тарихи мәдени байланыстан бастау алатындығын, жаһандану жағдайындағы тәуелсіз Қазақстан мен Түркия Республикасының өзара байланысы және оның болашағына деген сенімінің мол екендігін жеткізді. Сондай-ақ ол қазіргі таңдағы ең басты мәселе екі ел қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, Қазақстан мен Түркияның достық қарым-қатынастарын одан ары нығайтып дипломатиялық, экономикалық, халықаралық, мәдени ықпалдастықты, ғылым мен білім саласындағы байланыстарды күшейту керектігін атап өтті. Демек алдағы уақытта да бұл достық жалғасын таба бермек. 


Шара аясында жиналған қауым екі ел арасындағы байланыс жайлы мол мағлұмат алып, өзара сыйластық пен сенімділік ахуалы негізінде бауырлас екі елдің дамып гүлдене беруіне тілектестігін жеткізген консул шараны өткізуге мұрындық болған ҚазҰУ-дың шығыстану факультеті ұжымына үлкен алғысын білдірді. Жалпы елші сағатының жиналғанқауымға берері көп болды.




Көрілген: 3579    Пікірлер: 0

жұма, 15.06.2018, 18:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31