Ассамблея

«Қазақтану» мен «Рухани жаңғыру» үндесіп жатыр

  • «Қазақтану» мен «Рухани жаңғыру» үндесіп жатыр

    «Қазақтану» мен «Рухани жаңғыру» үндесіп жатыр

«Қазақтану» жобасының идеясы ең алғаш рет Қазақстан Халқы Ассамблеясының XXVI сессиясының отырысында айтылған болатын. Одан соң аталмыш жоба қоғамнан қызу қолдауға ие болды. Осы орайда бұл жоба еліміздегі барша ұлттардың арасында жергілікті ұлт қазақтардың салт-дәстүрін, адамгершілік принцптерін, менталитетін, ұлттық құндылықтарын, қазақи арттықшалықтарын дәріптеуге арналғаны барша жұртқа аян. Бүгінде «Қазақтану» жобасы аясында көптеген іс-шаралар өтуде. Яғни «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Қазақтануға» арналған іс-шаралар барша қазақстандықтардың ортақ мәдени кодының, біртұтас құндылықтарының, ортақ тарихи санасының негізінде жалпы халықтың бірлігін нығайтуды көздейді.

Әйтсе де «Қазақтану» жобасының ауқымын кеңейтіп, бүгінде әр қырынан ашуға тырысу байқалады. Жалпы «Рухани жаңғыру» арқылы бүгінде ұлтымыздың рухани құндылықтарын, ұмытылып бара жатқан тарихи айшықтарын қайта жаңғыртып, сананы жаңғырту міндеті тұрса, «Қазақтану» арқылы қазақ халқының ұлт ретіндегі ұлттық менталитетін, бүгінгі ұлттар бірлігін сақтаудағы рөлін ашып көрсету басты мақсат болып отыр. Жахандану заманында рухты жаңғырту арқылы, заманауи үрдістерге жұтылып кетпей, ұлттық, рухани артықшылықтарымызды, сақтап қалу әрекеті бүгінде қоғам тарапынан үлкен қолдауға ие болуда. Өткенімізге үңіліп, жоғымызды түгендеп, ұлттық рухты дүр сілкінтуге бағытталған бұл шаралардың қайсысы болмасын еліміз үшін қымбат. Осы орайда «Қазақтанудан не күтесіз?» деген сауалды осы салада жүрген мамандарға да қойып көрген едік.

Наталья Романова, Ассамблея мүшесі, Шымкент Оқушылар сарайының директоры:

- «Рухани жаңғырту» арқылы бүгінде жаңаруға тиіс ұлттық құндылықтарымыздың жетерлік екенін сезініп жатырмыз. Осы орайда қазақ халқының даналығы, дархандығы, кең пейілділігі мен бауырмалдығы, қонақжайлылығы, бірлік сүйгіштігі барша ұлтты ұйыстырушы, байланыстырушы негізгі құрал болып отыр. Өз басым Қазақстандағы біртұтастықтың негізін қазақ халқының осындай мінезінен, болмысынан іздеймін. Сондықтан «Рухани жаңғыру» өткенімізге үңілу, жаңарту болса, «Қазақтану» қазақ ұлтының жанына үңілу, қазақи болмысты зерттеу, оны паш етіп, осы елде өмір сүріп жатқан басқа ұлттарға, ұлыстарға үлгі ету деп білемін. Біз қазақ жеріндегі жылдар бойына жалғасқан бірліктің кілті қазақ халқының болмысында жатқанын қазір сезініп келеміз. Сондықтан «Қазақтану» арқылы соны сезініп, «Алғыс айту» күні арқылы, өзіміздің ризалығымызды, алғысымызды жеткізіп жатырмыз. Осы сыйластықтың сақтау парыз.


«Қазақтану» жобасының авторы, Ассамблея мүшесі, Наталья Романова осылай дейді. Яғни «Қазақтану» жобасы, қазақ жеріндегі сан жылдарға созылған бірлік пен бейбітшілікке көрсетіліп отырған құрмет.

Ал әрқашан қазақ халқына деген құрметін айтудан жалықпайтын, Асылы Әлиқызы, «Қазақтану» қазақ халқының асыл қасиеттеріне деген құрмет қана емес, тілін білуге, қазақ болуға ұмтылу» дейді.

Асылы Осман, қоғам қайраткер, тіл жанашыры:

- Мен бұрыннан қазақ халқының жүрегінің кеңдігін, көңілінің дархандығын айтып келе жатырмын. Бүгінгі мамыражай тіршілігіміздің сырын, қазақтың болмысынан іздеу керек деп сан рет қайталап айтып келемін. Осы орайда қазақты танып қою аз, оның тілін меңгеріп, қазақ ұлтына деген құрметімізді көрсетуіміз керек. Қарап отырсақ, қазақтың салт-дәстүрінің өзі басқаларды бауырмалдыққа, қайырымдылыққа баулиды. Мәселен «Асар» дәстүрі, барша адамның жұмылып біреуге көмекке келуі, «бітімгершілік» бүгінгі медиация. Дауласқан жандардың тезірек бітімге келіп, өзара татуласып, ешкімді түрмеге қамап, жазаламай-ақ ат-шапан айыбын төлеп, өз кінәсін мойындауы. «Ерулік» жаңадан көшіп келген жанды сыртқа теппей, бауырға тартып, тезірек сіңісіп кетуі үшін қонаққа шақырып, сый құрмет көрсетуі. Осы секілді ұлттық салт-дәстүрлердің барлығында үлкенге құрмет, кішіге ізет, татулық, бірлік, сыйластық, қайырымдылық секілді ізгі қасиеттер көрініс табады. Осындай қазақ халқының керемет болмысын ашатын, дәстүрі тұрған кезде, ел ішінде береке-бірліктің болмайтынына күмәнмен қараудың түк қажеті жоқ. Осындай қазақ халқының керемет болмысының арқасында 140 ұлт сіңісіп, бір шаңырақ астында өмір сүріп келеді. «Қазақтану» арқылы осының барлығын ашып көрсетіп қана қоймай, нақты іс-әрекеттер жасалып, қазақ ұлтының мәртебесін көтеретін шаралар жасауымыз керек.


Жасыратыны жоқ, қоғамымызда Ассамблеяға қатысты сын пікірлер де көп айтылады. Өзге ұлт өкілдерінің елімізде сан жылдардан бері тұрып жатса да, тілімізді үйренуге тырыспайтыны, оларға барлық жағдайды жасап жатсақ та Ассамблея ұйымына қатысты сын пікірлер айтылып қалып жатады. Алайда осындай кезде өзге ұлт өкілдері тарапынан «Қазақтану» жобасының қажеттілігі жайлы, пікірлер айтылып, олардың тілімізді де білуге қатысты ұмтылыстары да қуантып тастайды. Олар құр сөзбен емес, өздерін іс-әрекеттермен де дәлелдеуде. Соның айғағы бүгінде еліміздің түкпір түкпірінде өтіп жатқан «Қазақтануға» қатысты іс-шаралар.

 




Көрілген: 870    Пікірлер: 0

сейсенбі, 30.10.2018, 11:46

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30