Ассамблея

Кечиөрен көшесі ашылды

  • Кечиөрен көшесі ашылды

    Кечиөрен көшесі ашылды

Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылынан Кечиөрен көшесі ашылды. Салтанатты шараға Жамбыл ауданының әкімі Анкара қаласы Кечиөрен ауданы губернаторы Мұстафа Ак, Түркия Муниципалитеттер ассоциациясының Бас хатшысы Хайреттин Гүнгөр, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Түркияның Қазақстандағы Бас консулы Рыза Қаған Йылмаз мырза, Анкарадан келген депутаттар, кәсіпкерлер мен мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Салтанатты шарада сөз сөйлеген Түркия Муниципалитеттер ассоциациясының Бас хатшысы Хайреттин Гүнгөр: «Түркия халқының саны – 81 миллион, елде 1398 әкімдік бар. ТМА осы 1398 әкімдікті түгел қамтиды. Ассоциация басшысы – Газиантеп губернаторы Фатма Шахин сіздерге сәлем айтты. Жамбыл және Кечиөрен аудандары арасындағы бүгінгі бастама көпшілікке үлгі болатыны сөзсіз. Түркиядағы 2 мыңнан астам қаланың басқа бауырлас қалалармен ынтымақтастықта. Олардың 200-і түбі бір түркі мемлекеттеріндегі қалаларға тиесілі. Қазақстан мен Түркияға келсек, 19 әкімдік арасында бауырластық байланыс орнатылған. Алдағы уақытта Түркия Муниципалитеттер ассоциациясы бұл көрсеткішті арттыруды мақсат етіп отыр», – деді.

Анкара қаласы Кечиөрен ауданының губернаторы Мұстафа Ақтың айтуынша, Анкарада Сүйінбай Аронұлы атындағы бақтан Сүйінбай Аронұлының ескерткіші ашылғанын айтты: «Қазақстаннан Кечиөрен ауданы атындағы көшенің ашылуы – қазақ пен түрік бауырлардың бірлігі мен достығының белгісі. Біз сондай-ақ, екі елдің ақын-жазушыларының шығармаларын аударуды қолға алдық. Бұл түбі бір түркі жұртының рухани-мәдени байланыстарын нығайтады».»

Бас Консул Рыза Қаған Йылмаз мырза 30 тамыз Түркияда Жеңіс күні екенін, ал Қазақстанда ҚР Конституциясы күнін тойлайтынын, сондықтан дәл осы екі мерекеде Қазақстаннан Кечиөрен көшесінің ашылуы тегін еместігін жеткізді: «Бүгінгі шараға атсалысқан Кечиөрен губернаторы Мұстафа Ак мырзаға, ТҮРКСОЙ басшысы Дүйсен Қасейінов мырзаға, Қазақстанның Түркиядағы Елшілігіне, барлық ықпалды азаматтарға алғысымыз шексіз. Қазір мемлекеттеріміз арасындағы саяси, экономикалық, дипломатиялық қарым-қатынастарымыз керемет. Әкімдіктер арасында да өзара ынтымақтастықтың болғаны қуантады. Осы байланыстарды күшейту – біздің міндетіміз. Бізде бір дана сөз бар: «Мемлекет өмір сүрсін десең, адамдардың өмір сүруіне жағдай жаса». Сонымен қатар «Халыққа қызмет – Хаққа қызмет», - дейміз. Әкімдіктеріміз – халыққа қызмет көрсететін өте маңызды құрылымдар. Халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, адамдардың жанына жалау болуға ұмтылатын да – әкімдіктер. Кечиөрен ауданы мен Жамбыл ауданының бүгін жүзеге асырған игі шарасын екі ел арасындағы рухани байлықтарымызды насихаттау деп білем».

Нәзия Жоямергенқызы


 




Көрілген: 754    Пікірлер: 0

жұма, 07.09.2018, 12:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31