Ассамблея

ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандумға қол қойды

  • ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандумға қол қойды

    ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандумға қол қойды

Өткен айда медиация күніне орай ұйымдастырылған жиында Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиация саласын дамытуды көздейтін меморандумға қол қойды. Шын мәнінде бұл меморандумның маңызы зор. 


Өйткені бүгінгі күні медиация азаматтардың құқығын қорғауда тиімді жүйе болып отыр. Ал жүйені дамытуды көздейтін Қазақстан Халқы Ассамблесы барынша жүйені дамытуды жолға қоюға тырысуда. Астанада өткен жиында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып қана қоймай, басқа да мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Іс-шараға ҚХА төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Леонид Прокопенко, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Асқар Шәкіров, ҚХА мүшелері және адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері қатысты. «Бүгін біз ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен еліміздегі медиация саласын дамыту жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Осылайша, еліміздегі медиация институтын дамытуды көздейміз. 3 тамыз күні барлық Достық үйінде бірыңғай медиация күніне орай «Ашық есік» шарасы ұйымдастырылды. Шара 829 медиация кабинетінде өтті. Аталған институт аразданушы тараптарға мәселені бейбіт жолмен шешуге мүмкіндік береді», - деп Леонид Прокопенко жүйенің артықшылығын тағы да атап өтті. 


Жалпы бүгінгі күні құқық қорғау саласы да медиацияның дамуына айрықша көңіл бөліп отыр. Осы орайда жүйенің тиімділігі мен артықшылықтарын тізіп шықсақ, ең алдымен жүйе өте тиімді. 


Медиация дауды баламалы шешудің аса тиімді түрі болып табылады. Медиация рәсімі кезінде дауға қатысушы тараптар медиатордың тәжірбиесі мен білімі және біліктілігіне сүйене отырып, өзара тиімді шешімге өздігінен келеді. Даудың шешілуі дауласушылардың өз қалауларына толық байланысты болады. Медиацияның артықшылықтары қандай? Атап айтсақ, уақыт, ақша және дауға қатысушылардың эмоционалдық күшін үнемдеуге көмектеседі; медиация рәсімінің жағдайы, ұйымдастырылуы, регламенті және мазмұны жеке дара айқындалады; медиация дауласуға (кім кінәлі, кім кінәлі емес екендігін анықтау) немесе жеңу үшін емес, конструктивті шешімдерге келуге бағытталған; уақыт бойынша медиация қатысушылардың қажеттіліктеріне оңай ойластырылады және даудың эмоционалды және жеке аспектілерін ескереді және медиация процесі құпия процесс болғандықтан, қатысушылардың жеке мүдделері саласы толық қорғалады.

Медиацияның мақсаты - дауды шешудің медиацияның екі тарапын да қанағаттандыратын нұсқасына қол жеткізу және тараптардың дауласушылық деңгейін төмендету болып табылады. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай-ақ, аса ауыр емес ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істер медиация тәртібінде қолдануға болады. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар мен мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға бұл тәсілді қолдануға болмайды. Бітімгершілік – дауды шешудің озық әдісі болып табылады. Ұсақ түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі, қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Бұл сотқа да, халыққа да тиімді. Дауды шешудің озық жүйесі медиацияның, қоғамға келтірер тиімділігі мол боғандықтан бүгінгі күні оны кеңінен насихаттау басты мақсат болып отыр.


Медиация жүргізу үдерісінде тараптар қол жеткізген келісулер ерікті және тараптар келіскен мерзімдерде орындалады. Ал сот шешімдері кезінде тәжірибеде және Заң бойынша екі айға дейінгі мерзімде, сот шешімдері күтуге мәжбүр. Тіпті кейде одан ұзақ уақытта орындалады.

Екіншіден жүйені жүзеге асыру қымбат емес. Медиация рәсімінің пайдалануы сот шығындарының қажеттілігіне ұшыратпайды; тараптар медиация тәртібінде дауды реттеу туралы келісім жасаған уақытта төленген мемлекеттік баж заң бойынша белгілеген тәртіпте қайтарылады. 


Үшіншіден медиацияға келіскен жағдайда аз уақытта, дауды бірнеше сағатта реттеу мүмкіндігі бар.

Төртіншіден, іскери байланыстар сақталады. Бітімгершілікке келген жағдайда, тараптардың іскери қатынастары тек сақталып қана қоймайды, сонымен қатар одан әрі нығая түседі.

Бесіншіден әлсіз тараптар қорғалады. Әркім өз мүдделерін қорғау үшін әркез жоғары білікті заңгерлер жұмылдыру мүмкіндігіне ие емес.

Алтыншыдан бәрі тараптардың қолында. Шешім сотпен қабылданатын сот талқылауына қарағанда, медиация рәсімін пайдалана отырып, тараптар оларға келетін нәтижеге өз еркімен келеді.

Жетіншіден медиация рәсімі жариялылықтың жоқ болуымен сипатталады, ол дегені құпия ақпараттың жария етуінен құтылып кетуге мүмкіндік береді. Бәрі құпия сақталады.

Сегізіншіден тараптардың мүдделерін бағдарлау мүмкіндігі жоғары. Медиация рәсімін пайдалану қолданыстағы тараптар мүдделерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Тоғызыншыдан делдалды яғни медиаторды тағдау мүмкіндігі бар. Медиация рәсімін пайдалану барысында тараптар даудың реттелуіне ықпал ететін тұлғаны өз еркімен таңдауға құқылы, бұл дегеніміз тараптардың осындай тұлғаға сенім тудырады және бітісу нәтижесінің беделін нығайтады.

Оныншыдан, жайлылық, сенім, және ынтымақтастық бар жерде әділ шешім шығарына үміт мол. Процессуалдық форманың және сот атрибутикасының қажетті элементтерінің жоқ болуы дау қатысушылары үшін психологиялық жайлылығын, сенім және ынтымақтастық атмосферасын құрайды. демек қай жағынан болмасын медиация қоғамымызға қажетті жүйе. Сондықтандан барынша насихатын арттырып, қолданыс аясын кеңейте беруіміз керек. Осы орайда бүгінгі күні Қазақстан Халқы Ассамблеясының медиацияны дамытуға барынша күш салуы қуантады. 


 


Аталған меморандум еліміздегі қоғамдық келісім мен жалпыхалықтық бірлікті нығайтуға, адам құқықтарын қорғауға бағытталған міндеттерді іске асыруды, ұлтаралық және мәдениетаралық диалог бағытындағы іс-шараларды өткізуді көздейді. Алдағы уақытта ҚХА мен ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл меморандум аясында біріккен іс-шараларын жоспарын жүзеге асырмақ. Медиацияның дамуы осы жиын арқылы тағы да өркендеп, мәртебесі биіктей түсеріне сенеміз!


Еркенұр Ерзия


 


 



 




Көрілген: 858    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 18:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30