Ассамблея

Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

  • Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

    Қоғамдық келісім – тұрақтылық кепілі

Қоғамдық келісім кеңестері бүгінгі таңда үлкен күшке айналып отыр. Халықтар достығын нығайтуда бұл институтқа этно-мәдени бірлестіктер енгізілген.


Қазіргі таңда этно–мәдени орталықтар осы кеңестер арқылы әлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғап, қарапайым халықты толғандыратын түрлі мәселелерді шешуде жергілікті атқарушы билікпен әріптес болып отыр. Мәселен, Кеңестің 2014-2015 жылдары өткізілген отырыстарында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуы, этносаралық келісімді дамытудағы этно-мәдени бірлестіктердің атқарған жұмыстары, қала округтерінде жүргізілген әлеуметтік сауалнама нәтижесінде анықталған халыққа қызмет көрсету саласындағы мәселелерді шешу жолдары жан-жақты талқыға салынған болатын. Сонымен қатар Қоғамдық келісім кеңесінде ҚР «Тіл туралы» Заңының қала инфрақұрылымында, қоғамдық көлік пен денсаулық сақтау мекемелерінде қолданылуы сараланған еді. Өз жұмысын түрлі үкіметтік емес ұйымдар және саяси партиялармен тығыз байланыста атқаратын Кеңес басқа да мәселелерге белсене араласады. Сондай-ақ сал ауруына шалдыққан балалардың денсаулығын жақсартуға арналған иппотерапия кешенінің құрылысын жүргізу үшін бастама көтерген-тін. «Жүректен жүрекке» әлеуметтік жобасы аясында пайдалануға берілген бұл кешен бүгінде тағдыр тәлкегіне ұшыраған жасөспірімдерге үміт сыйлап отыр. Қоғамдағы өзекжарды бұл мәселелердің шешілуінде этно-мәдени бірлестіктер жетекшілерінің белсенді түрде атсалысқанын ерекше атап өту қажет. 


Этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік және азаматтық институттардың өзара іс-қимылын жандандыру, осы өзара іс-қимылдың тетіктерін жетілдіру мақсатында шаралар да өткізіліп тұрады.Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді. Бұл Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясының өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдегені айғақтайды. Астана қаласында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңестері форумында елдік мұраттардың бір арнаға ұйысқан жолында тың идеялардың, жаңа жұмыс тетіктерін жан-жақты қарастырды. Бұл мақсат өзінің өміршеңдігін бүгінгі күні көрсетіп отыр.


Еркенұр ЕРЗИЯ




Көрілген: 5325    Пікірлер: 0

жұма, 18.05.2018, 02:27

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31