Ассамблея

Қоғамдық келісім еліміздің басты ұстанымы

  • Қоғамдық келісім еліміздің басты ұстанымы

    Қоғамдық келісім еліміздің басты ұстанымы

18 қазан – елімізде «Рухани келісім күні» – деп белгіленген. Содан бергі уақытта бұл күн Қазақстанда ұлттық мереке ретінде аталып келеді. Бұл күн – Достас­тық мемлекеттері арасында рухани келісім мәселесін ту етіп көтерген күн ретінде де аса маңызды болып отыр. Әлемде қайталанбайтын мұндай мереке онда тұратын халық­тарды ортақ идея аясында біріктіріп, достастыра түсетіні анық.


Қазақстан көшбасшысының «Қа­зақ­стандықтар болашағы біртұтас ұлт, Қазақстандық біртектілікті одан әрі нығайту қажет. Барлық азаматтар құқық­тың бір көлемін пайдалануы, жауапкершіліктің бір жүгін арқалауы және тең мүмкіндікке қолжетімділікті иеленуі керек. Біз өзіміздің тұрақтылық және келісім моделін дамытуда айтар­лықтай табыстарға жеттік» деуі шы­най­ылықтың белгісі болып табылады. Мұнда жалпыадамзаттық құндылықтар шеңберінде барлық қазақстандықтарға ортақ «Мәңгілік Ел» идеясына ерекше мән берілген.


Рухани келісім, ұлттар мен дәстүрлі діндер арасындағы бірлік — баға жетпес байлық, ал тұрақтылық тұғыр. Қазақ елі бүгінгі берекелі күнге бірліктің арқа­сында жетіп отыр. Елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіші халықтардың өзара татулығы негізінде дами түсетіні түсінікті. Ел басқарған парасатты басшылар қашан да бірлік пен татулық­қа аса мән берген. Тәуелсіздік жылда­рында көңілі дархан, қолтығы кең қазақ даласын мекен еткен бірде-бір ұлыстың өкілі өзінің туған тілін жоғалтпауы өзгелерге үлгі болуы тиіс. Саны ең аз саналатын этнос өкілдеріне дейін тілі мен ділін сақтап, қал-қадерінше дамытуына барлық жағдай жасалып келеді екен. Демек, мемлекеттің қасиет­ті қазақ жерінде өсіп-өнген кез-келген ұлыс өкілінен қазақ тілін барынша меңгеруін, мемлекеттік тілді құрметтеп, сыйлауын талап етуге құқығы бар.


Бүгінде жер жаһандағы күрделі жағдайлар этностардың түсініспеуші­лігінен туындап отыр. Оған әсте жол беруге болмайды. Қазақстанда этностық топтардың бейбіт өмір сүруі қалыптас­қан дәстүр. Тәуелсіздік алғаннан бастап, Қазақстан Президентінің қолда­уымен бұл бағытта үлкен жұмыстар атқарылып келеді. Оны әлем көріп отыр.


Қазақстандағы халықтардың поли­этностық құрылымы жағдайында тұрақ­тылық пен азаматтық бейбіт­шілікті сақтау үшін ұлттық саясат пен діни сенім­дері әр түрлі адамдардың арасын­дағы толеранттылық мәселелері елеулі маңызға ие. Бұл тұрақтылықты сақтау­дағы басты фактор. Президенттің ұлт­аралық келісім басты құндылық екенін үнемі айтып отыруы жақсы­лыққа бас­тай­тын жол. Тәуелсіздік жылдарында теңгерімді және сарабдал ұлттық саясат жүргізудің арқасында Қазақстанда ұлтаралық және конфес­сияаралық татулықтың орнығуына, ұлттық-рухани жаңғыру мен елдегі барлық этностар­дың тең құқылы дамуына жол ашып отыр.


«Біздің еліміз өзінің табысты даму моделімен тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің қаншалықты маңызды екенін көрсетті», деп атап өтіпті Пре­зидент өзінің «Ұлт Жоспары қазақ­стандық арманға бастайтын жол» атты бағдарламалық мақаласында. Қазақстан халқы осы жолдан айнымауы керек.


Бүгінде Қазақстанның барлық аймақтарында Достық үйлері жұмыс істеп тұрғанын байқаймыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Қазақстанда тұрып жатқан барлық ұлттар бірегей мәдениетін сақтап қалу мүмкіндіктеріне ие болуы керек» деген пікірі осында тұратын халықты бір тудың астына жиналуға үндеп отыр. Достық үйлері – қоғамдық келісім бағытындағы жұмыстарды үйлестіруші орталық. Қазіргі таңда Қазақстанда жалпы саны 33 Достық үйі бар екен. Алматыдағы республикалық Достық үйінде болған мәдени-көпшілік шара­ларға қатысып, одан өзіме рухани азық алғаныма ризамын. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 1003    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 12.09.2018, 13:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30