Ассамблея

Конфессияаралық келісім мен ұлтаралық достықтың қазақстандық моделі басқаларды қызықтырып отыр

  • Конфессияаралық келісім мен ұлтаралық достықтың қазақстандық моделі басқаларды қызықтырып отыр

    Конфессияаралық келісім мен ұлтаралық достықтың қазақстандық моделі басқаларды қызықтырып отыр

Қазақстан ел бірлігі мен татулығын сақтау жолында біршама өзіндік тәжірибесі мен өзіндік даму жолын қалыптастырған мемлекет. Сондықтан еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясының даму жолы, ұлттар достығын сақтаудағы табысты тәжірибесі бүгінде көптеген шетелдік сарапшыларды қызықтырып отыр. Жақында өткен Қырғызстандағы «Этносаралық келісім мен конфессияаралық толеранттылықтың қазақстандық және қырғызстандық модельдері» атты дөңгелек үстел барысында да  көрші айырқалпақты ағайын, еліміздің осы саладағы бай тәжірибесімен бөлісуді сұрады. 


 Қырғызстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Бектемір Мурзубрайымов әсіресе басқа ұлт өкілдерінің   қазақ халқының мәдени дәстүрлеріне қызығушылық танытып, мемлекеттік тіл қазақ тілін үйренуге деген ықыласын жоғары бағалады. «Қырғызстан халқы Ассамблеясындағы этникалық топтар өкілдеріне қазақстандық әріптестеріміздің осы тәжірибесін назарға алуды ұсынар едік. Басқа халықтардың рухани мәдениеті мен тілдерін меңгеру - бірлік пен этносаралық үйлесімге жетелейтін жол екені белгілі. Көршілеріміздің тәжірибесін зерттеу біздің бұл саладағы жеке тәжірибемізді байытатыны сөзсіз», - деп мәлімдеді Ол.


Осыған дейін де бірнеше шет мемлекеттердің сарапшылары еліміздегі Ассамблеяның тәжірибесін зерттеуге қызығушылық танытып, ұсыныс білдірген болатын. Осы орайда көрші елдегі аталмыш басқосудың еліміздің осы саладағы бай тәжірибесіне арналуы да тегіннен тегін емес. Демек еліміздегі 100 ден астам ұлт пен ұлыстың тілін тауып, ұлтаралық татулық пен бірліктің өзіндік қазақстандық моделін қалыптастыруда үлкен жетістікке жеткеніміздің белгісі болса керек. Көршілеріміздің осы саладағы тәжірибе бойынша елімізді мойындауы осыны аңғартады. 


«Ыйман» рухани мәдениетті дамыту қоры басқармасының төрағасы Нұржігіт Қадырбеков: «Қазақ пен қырғыз халықтарының тамыры мен құндылықтары бір, мен сонымен мақтанамын. Біз мәдениаралық және ұлтаралық келісім тақырыптары бойынша бір-бірімізбен жиі өзара әрекеттесуіміз қажет. Орталық Азия аймағы қашанда түрлі мәдениеттер өлкесі болған. Соның арқасында ол қазіргі кезде мәдени орталыққа айналған, бұл - негізгі байлық», - деп біздің олармен тәжірибемізді бөлісудің маңызы зор екенін атап өтті. Негізі екі елдің этносаралық жағдайы ұқсас. Қазақстан мен Қырғызстанда да жүзден астам ұлт мекендейді.  100-ден астам ұлт өкілдері тұрып жатыр. Сондықтан алдағы уақытта Ассамблея институтының еліміздегі бірлік пен татулықты сақтауға ықпал етіп қана қоймай, ел дамуы жолында атқарып жатқан игі шаралары басқа елдердің тәжірибесінде қолданылуы да бек мүмкін.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 689    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 17.10.2018, 10:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30