Ассамблея

Көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті

  • Көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті

    Көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы өтті

1 маусым Балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласындағы «Lumiera Cinema» кинотеатрында мерекелік іс-шара өтті. Алматы қаласының этномәдени бірлестіктерінің көп балалы отбасыларына арналған қайырымдылық акциясы негізінде балаларға түрлі мерекелік қойылымдар да ұйымдастырылды.

Іс-шараға Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары – Мамсуров Казбек Владимирович, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры – Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің активтері мен жетекшілері, қала тұрғындары мен қонақтары және басқалар қатысты. 


Барлық атаулы күндерде елеусіз қалдырмай қайырымдылық акцияларын ұйымдастырып жүретін этномәдени ұйымдар 1 маусым – Балаларды қорғау күнін де ұмытпапты, 1950 жылдан бері барлық елдерде атап өтілетін бұл мерекеде көп балалы жанұяларды қуантуды мақсат еткен. Бұл балалар үшін ең қуанышты мерекелердің бірі, сонымен бірге ата-аналарға балаларын жақсы көріп, ересектерге қамқорлық пен қорғау қажет екенін еске салуға мүмкіндік беру. Сондай-ақ, бұл мейрам мүгедек балаларға мерекеде толықтай қуаныш сезінуге жағдай жасау мүмкіндігі болып табылады. Іс-шара аясында балалар арасында сурет конкурсы өткізілді. Және ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Балаларға анимациялық фильм көрсетіліп, «Unilever» компаниясынан тәттілер мен «Буратино» сусындары берілді.


Іс-шара барысында Қазақстан халқы Ассамблея төрағасының орынбасары Казбек Владимирович пен Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Жаннат Шарапханқызының сәлемдесу сөздерінен басталды. Олар балалар мен ата-аналарына қатысқаны үшін алғысын айтып, балаларға бақытты балалық шақ пен зор денсаулық тіледі.


Сондай-ақ  «Мәдениеттер диалогы» халықаралық жобасының мектептермен жұмыс жасау бойынша үйлестірушісі – Юрченко Татьяны Владимировнаның ұйымдастыруымен №73 мектеп-гимназиясының оқушыларына ойын-сауық шоу бағдарламасы көрсетілді. Бағдарлама аясында мектеп оқушылары, әр түрлі жануарлар кейіпкерлерінің киімдерін киіп, балалармен бірге билеп, ән айтты. Шоу бағдарламасы балаларға көп күлкі, бақыт пен қуаныш әкелді. Олар ризашылықтарын білдіріп, алғыстарын жаудырды.


Шара соңында балалар арасында сурет конкурсының жеңімпаздарына жүлделер мен мадақтамаларды беру рәсімі өтті. Конкурсқа Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің 90-нан астам балалары қатысып, нәтижесінде 16-сы түрлі марапаттарға ие болды. Жеңімпаздармен қатар оқу жылын үздік бітірген балалар да мадақтамалар мен жүлделер алды. Балаларға көрсетілген кино да олардың ойынан шықты. Адамнық ең жақын досының өмірі мен қызықты оқиғалары көрсетілген «Псы под прикрытием» киносын балалар беріліп көрді.


Балалар кинозалдан қуанышты көңіл-күйлерімен шықты, ал олардың ата-аналары ұйымдастырушыларға керемет мереке жасағаны үшін алғысын білдірді. Этномәдени бірлестік өкілдері алдағы уақытта да мұндай шаралардың жалғасын табатынына сендірді.


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 5209    Пікірлер: 0

жұма, 08.06.2018, 14:57

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30