Ассамблея

Қыркүйек айы елімізде қайырымдылық айындай

  • Қыркүйек айы елімізде қайырымдылық айындай

    Қыркүйек айы елімізде қайырымдылық айындай

Елімізде бірнеше жылдан бері жаңа оқу жылында "Мектепке жол" қайырымдылық акциясы өтуі қалыпты жайтқа айналды. Биыл да еліміз бойынша мыңдаған бала қайырымдылық акциясы аясында киініп, жаңа оқу жылының құрал жабдықтарымен қамтамасыз етіліп мектепке жол тартты. Бұл қайырымдылық акциясына еліміздің түкпір түкіпіріндегі жергілікті Қазақстан Халқы Ассамблеясы бөлімшелері де атсалысты. Өйткені бірнеше жылдан бері еліміздегі Ассамблея ұйымдарының бір жұмыс бағыты қайырымдылық болып бекітіліген еді. Соның арқасында қайырымдылық жасауда біртұтас ел ретінде, бір атаның баласындай қайырымдылық көрсету әдетке айналған. Акцияны өткізудің он жылы ішінде 2 млн.-нан астам балаға жалпы сомасы 17 млрд. теңгеден астам материалдық көмек көрсетілген.
Жалпы еліміз бойынша қайырымдылық бағыты айтарлықтай өркендеп келе жатқаны байқалады. Осы орайда айта кетер жайт, еліміз қайырымдылыққа жиналатын қаржы мөлшері бойынша, 2014 жылы 140 елдің ішінде 101-орында болса, 2015 жылы 56, 2016 жылы 96-орынға тұрақтағанын көреміз. Жақсы-ақ көрсеткіш. Демек қайырымдылық секілді асыл қасиет елімізде кең көлемде насихатталып жатыр. Ассамблея аясында да талай қайырымдылық шаралары өтті. Осыдан бірнеше жыл бұрын Мемлекет басшысы Үкіметпен, Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен, барлық өңірлердің әкімдерімен бірлесе отырып, Қазақстан халқы Ассамблеясының аясында елдегі барлық қайырымдылық акцияларын үйлестіру мәселелерін тапсырған болатын. Осыдан соң еліміздегі Қазақстан халқы Ассамблеясы қайырымды істер жасауда бірден бір көшбасшы ұйым ретінде танылды. Осылайша қайырымдылық жұмыстары тіпті жандана түсті. Негізінен еліміздегі 140-тан астам ұлттың басын біріктіруші, татулық пен ынтымақтастықты сақтауды мақсат тұтқан, ұлттар достығын ту еткен ұйымның басқа да көптеген міндеттері бар екенін көпшілік біле бермейді. Басқалар ассамблеяның негізгі міндеті бірлік пен ұлтаралық татулық сақтау деп ұққанымен бұл институттың 2025 жылға дейінгі даму тұжырымдамасында қайырымдылық саласын дамыту басты міндеттерінің бірі болып саналады. Осылайша еліміздегі ассамблея ұйымы бүгінде қайырымдылықпен белсене айналысатын ұйымға айналды.
Мысал келтірер болсақ, бір ғана Қарағанды облысы бойынша акция шеңберінде мыңдаған көп балалы немесе аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке баруға қаржылай және заттай қолдау көрсетілген. Өткен оқу жылында 3400 балаға қайырымдылық көмек көрсетілген. Жиналған 12 миллион қаржының тең жартысы демеуші азаматтардан түскен. Жамбыл облысында да тоғыз жылдан бері үзілмей келе жатқан қайырымдылық шарасы аясында биыл да тұрмыс жағдайы төмен отбасылар мен атааналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсетіледі.Өткен жылы қайырымдылық шара шеңберінде 29411 балаға демеушілер тарапынан 221 млн. 360 мың теңгеге материалдық көмек көрсетілсе, биыл көпбалалы отбасылар мен ерекше қолдауды қажет ететін 28307 балаға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.Акцияға үлес қосамын деген жандар болса, облыс мектептеріне киім-кешек, оқуға қажетті құрал-жабдықтар табыстай алады. Ал көмек алуға үмітті ата-аналар мен балалар тізімі жергілікті жердегі мектептерде бекітіледі. Баласының болашағына бейжай қарамайтын ата-ана егер мектепке қажетті киім-кешек, құрал-жабдық аламын десе, сонда өтініш білдіруіне болады.
Тамыз айының басынан басталған акция қыркүйек айының аяғына дейін жалғасады деп жоспарланған. Дәл осындай акция барлық облыстарымызбен, аудандарымызда, үлкен қалаларымызда болып өтуде. Бұл жиналған қайырымдылық шараларының ішінде Ассамблеяның да қосқан үлесі бар.

Ассамблеяның қайырымдылықпен айналысуы құжат бойынша еліміздегі бірлік пен ынтымақтастықты азаматтық қағидат негізінде нығайтудың бір жолы ретінде көрсетілген. Осы орайда соңғы жылдары еліміздегі этномәдени орталықтар қайырымдылық концерттерін ұйымдастырып, «Қайырымдылық керуенін», қайырымдылық акцияларын өткізіп, қайырымды істер жасауда да алда келеді. Қайырымдылық шаралары Ассамблеяның жұмыс бағыттарының бірі деп танылғаннан кейін «20 игі іс» әлеуметтік акциясының шеңберінде талай қайырымдылық шаралары ұйымдастырылды. Айта кетер жайт, осыған дейін қайырымдылық шаралары Аналар кеңесі тарапынан ұйымдастырылса, енді Ассамблея жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңестері арқылы жүзеге асуда.
Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің басты факторы ретінде қоғамда мейірімділікті, гуманизм мен өзара риясыз көмек жасауды орнықтыру, қазақстандықтардың, солардың ішінде балалардың, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір жағдайлары мен денсаулығына қамқорлықты күшейту мақсатында «Қайырымдылық керуені» ұйымдастырылды. «Балаларға қуаныш сыйла» және «Қамқор» акциялары арқасында мыңдаған көмекке мұқтаж балалар, мейірімділікке бөленді. «Ақ ниетпен» тақырып аясында қайырымды жандардың, меценаттардың арқасында балалар үйлеріне, қарттар мен мүгедектерге арналған интернат-үйлеріне, оңалту мекемелеріне Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан көмек көрсетілді. Түрлі этномәдени орталықтар жыл сайын Астанада «Асар» республикалық әлеуметтік тілектестік акциясын өткізеді. Акцияның мақсаты – қарт адамдар мен ардагерлерге, көмекке мұқтаж жандарға, халықтың әлеуметтік осал топтарына қайырымдылық көмек көрсету болып табылады. Қайырымдылық акциясы барысында азық-түлік қоржындары таратылады.

Еліміздегі түрлі этномәдени орталықтар мен түрлі ұлт өкілдерінің театры да маусыз сайын қайырымдылық концерттерін өткізіп, түскен қаржыны көмекке мұқтаж жандарға береді. Осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздің әр өңірінде су тасқыны орын алып, жергілікті халық қиын жағдайға түскенде де Қазақстан халқы Ассамблеясы «Қайырымды ел» акциясы аясында қайырымдылық шараларын ұйымдастырды. Әлеуметтік желіде «қайырымды ел» хэштегі арқылы қолдау тапқан шараға бүкіл халық үн қосты. Нәтижесінде азық-түлік, киім-кешек пен қажет дәрі-дәрмек тиелген жүк көліктері су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға жіберілген болатын. Тұңғыш Президенті күніне орай Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық – қайырлы іс» іс-шарасы ұйымдастырылып, көмекке мұқтаж жандар мейірімділікке бөленген болатын. Жалпы Ассамблея мүшелерінің қатысуымен түрлі қайырымдылық шаралары, мүмкіндігі шектеулі жандарды өмірге икемдеу, заңгерлік көмек көрсету сияқты игілікті істер жалғасын табуда. Айта берсек Қазақстан халқы Ассамблеясының түрлі форматта ұйымдастыратын қайырымдылық шараларының маңызы зор!

Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында ассамблея қоғамымыздағы біршама игі істермен белсене айналысып, елімізде 20 жылдан астам уақыт тиімді жұмыс істеп келе жатқан бірегей институт, бүгінде БҰҰ, ОБСЕ секілді халықаралық ұйымдар таң қалып қарайтын бірегей ұйымға айналып отыр. Ассамблея ұйымының ұлттар арасындағы татулықты ту етіп, 140-қа жуық ұлттың басын қосып, бірлігіне себеп болып қана қоймай, қайырымдылық секілді игі шаралардың басы-қасында жүруі өзгелер үшін таңдай қағып, қызығушылығын арттырар әрекет болып отырғаны рас.

Жалпы елімізде қайырымдылық жұмыстары өте көп жасалады екен. Тұрмыс салтымызға сай оны көпшілік адамдар жасырғанымен, осы бағытты зерттеуші сарапшы мамандар еліміздегі жергілікті халықтың қайырымдылық жасау әдетіне айналғанын жасырмайды. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дегендей, қазақ халқының қайырымдылық қасиеті елімізді мекен еткен өзге ұлт өкілдеріне де «жұға» бастағанын осыдан аңғарамыз. Қайырымдылық жасаудың үздік модулін қалыптастырып отырған Қазақстан қоғамында қайырымдылық жұмыстары Ассамблеялықтар арқылы тіпті жандана түскенін байқаймыз. Жалпы қазақстандықтардың қайырымдылық жасау ідетіне айналған, жұмыла жасайтын тірлігіне айналғанын түсінеміз.

КСРО тарағаннан кейін қайырымдылық бірлестіктерінің функцияларын атқарып тұрған мекемелер кешені өз қызметін тоқтатқан. Алайда уақыт өте қайырымдылық практикасы қалпына келтіріліп, қоғам сұранысына сай бейімделген. Осы орайда «Асар» дәстүрі тек қазақ елінде ғана емес, сондай-ақ, Қазақстанның барлық этностары арасында кең танымалдыққа ие болып, және әлеуметтік практикаға айналды. Жылу, сыбаға сияқты қазақ халқына ғана тән әдет-ғұрыптар жаңа мәнге ие болды. Қазақстандағы барша үлт өкілдері асар, жылу секілді қайырымдылық жасау бағытында қолданатын ұғымды жаппай қолданып, қайырымдылықпен жұмыла айналысты. Ұлттық ұғымдар еліміздегі барша ұлт өкілдеріне тән қасиетке айналды. Біртұтас елге айналып, «бір халық, бір ел, бір тағдырға» айналуымыздың басты көрінісі де осы емес пе еді?!

Негізінен қайырымдылықтың даму деңгейі елдің жалпы әлеуметтік-экономикалық өркендеу дәрежесіне тікелей байланысты. Халықтың әл-ауқат деңгейі жоғары, бизнес сектор мықты және тұрақты болған сайын, қайырымдылық қызметінің қалыптасуына және дамуына тиімді жағдай болатынын байқаймыз. Осы уақыт ішінде елімізде милилиондаған теңгеге қайырымдылық жұмыстары жасалды. Талай адам шетелде ем алып, материалдық көмек көрсетіліп, қайырымдылық аясында мәдени сауықтыру нысандары халықтың пайдалануына берілді. Дегенмен де, Қазақстандағы қайырымдылық институты әлі де қалыптасу үстінде. Сондықтан қоғамды ізгілендіре түсетін игі іс, қазақстандағы барша ұлт өкілімен жаңа мәнге ие болып, жандана беретініне сенеміз!


Еркенұр Ерзия

 




Көрілген: 663    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 10.09.2018, 16:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31