Ассамблея

«Латын әліпбиі – баршаға ортақ!»

  • «Латын әліпбиі – баршаға ортақ!»

    «Латын әліпбиі – баршаға ортақ!»

Дүниежүзінде көп ұлтты мемлекеттер баршылық. Алайда саяси-экономикалық өмір айнасындағы соңғы кездердегі дағдарыстардың салқыны көп ұлтты елдің береке-бірлігіне іріткі сала алмаған дәл Қазақстандай мемлекетті әлем бүгінде феномен ретінде қабылдайды. Қазақстан көпұлттық мәдениет пен бірлікті дамытуға бағытталған ішкі саясатты ұстанып келеді. Мұнда әр халықтың өз мәдениеті мен дәстүрін көркейтудің мүмкіншіліктер аясы кең.


Осы орайда Талдықорған қаласының Тіл сарайында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен «Латын әліпбиі – баршаға ортақ!» тақырыбында практикалық семинар өтті.

Шараға облыстық Ассамблея хатшылығы, «Достық Үйі –Қоғамдық келісім орталығының» басшылығы, қызметкерлері, А.Байтұрсынов атындағы лингвистика институтының ғылыми қызметкерлері, облыстық білім, мәдениет, тіл басқармалары, облыстық ҚХА жанындағы ЭМБ төрағалары, облыстағы аудан, қалалардың мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің, кітапханалардың басшылығы, БАҚ өкілдері.

Семинар Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбайдың төрағалағымен өтті.

Күн тәртібінде, латын әліпбиіне көшу бойынша облыс әкімінің іс –шаралар жоспарына сәйкес сала мамандарының ғылыми баяндамалары мен дәрістері арқылы іс –шараларды практикалық түрде жүргізуге атсалысу, қолдау болды.

«Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі» тақырыбында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Айсәуле Аманбаева, «Жаңа ұлттық әліпби негізіндегі жазу реформасының проблемалары» туралы А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Жанар Жұмабаева, «Латын қарпі: кеше және бүгін» І.Жансүгіров атындағы Жетісу Мемлекеттік Университетінің оқытушысы, «Ілиястану орталығының» директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұратбек Иманғазинов, облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер және сарапшылар клубының төрағасы, Қазақстанның құрметті Журналисі, облыстық «Огни Алатау» газетінің бас редакторы Атсалим Идигов, «Латын графикасын игертудің проблемалары мен шешу жолдары» жайында І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, философия докторы Айна Рахимова, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалиасқар Сарыбаев баяндама жасады.

Практикалық семинарда «Нұр Отан» партиясының жанындағы «Мирас» аймақтық кеңесінің төрағасы, облыстық «Жетісу» басылымы бас редакторының орынбасары Әбдірахым Нүсіпбай, облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың басшысы Айдар Башбаев, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлсара Исағұлова, облыстық татар және башқұрт мәдениеті бірлестігінің төрағасы Гриф Хайруллин сөз сөйледі.  


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4348    Пікірлер: 0

жексенбі, 20.05.2018, 01:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31