Ассамблея

«Масис» армян этномәдени бірлестігі Оралда Армян мәдениеті фестивалін ұйымдастырды

  • «Масис» армян этномәдени бірлестігі Оралда Армян мәдениеті фестивалін  ұйымдастырды

    «Масис» армян этномәдени бірлестігі Оралда Армян мәдениеті фестивалін ұйымдастырды

  • «Масис» армян этномәдени бірлестігі Оралда Армян мәдениеті фестивалін  ұйымдастырды

    «Масис» армян этномәдени бірлестігі Оралда Армян мәдениеті фестивалін ұйымдастырды

Батыс Қазақастан облысының орталығы Орал қаласында «Масис» армян этномәдени бірлестігі өкілдерінің ұйымдастыруымен Армян мәдениетінің фестивалі болды, - деп хабарлайды Алаш айнасы.


Салтанатты жиынды Батыс Қазақастан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Ғ.Қапақов ашып, сөз сөйледі. Ол өз сөзінде осындай ұлттық мәдениет күндері облыста өмір сүріп жатқан түрлі халықтар арасында тату көршілік қарым-қатынас орнатуға ықпал ететіндігін және әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін, дәстүрін және әдет-ғұрыптарын жақсы түсінуге септігін тигізетініне тоқталды. Сондай-ақ, жиналғандар Арменияның тарихы, оның керемет мәдени ескерткіштері, армян халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, ұлттың біртуар тұлғалары жайлы әңгіме қозғап, пікір алмасып, емен-жарқын ой бөлісті.


Мерекелік іс-шараға қатысушылар армян халқының ұлттық тарихына және мәдениетіне арналған көрмені тамашалап, Арменияның мәдениеті мен көрікті жерлері және көңілді армян мерекесі туралы бейнефильм үзінділерін көрді. Көрермендер арнайы дайындалған концерттік бағдарламаға қатысушылардың өнеріне де разы болып, қол соқты. 


Сонымен қатар, Армян мәдениеті апталығы аясында  №16 мектепте және Х.Есенжанов кітапханасында суреттер көрмесі мен сыныптық сағаттар және Армения туралы көптеген іс-шаралар да ұйымдастырылған. Ал, осы фестивальда «Қазақтану» жобасы бойынша қазақ халқының құдалық рәсімінің бірі «Сырға салу» дүстүрінен арнайы қойылым көрсетілді.  Жалпы  фестиваль аясында өткен барлық шаралар көрермендердің көңілінен шығып, жиналған қауым ұйымдастырушыларға разылықтарын білдіріп тарқасты. 


Осы орайда елімізде армян диаспорасының 48 мыңдай өкілі бар екенін айта кетен жөн. Олар Қазақстанға тың игеру жылдар және әр түрлі оқиғалар мен жағдайларға байланысты  өз еріктерімен келіп қоныстанған. Міне бүгінде елміздегі әртүрлі ұлт өкілдерімен бірлесіп армян диаспорасының өкілдері де ұлтаралық татулықты нығайтуға өз үлестерін қосып келеді.


Нұрлы Еділов


 




Көрілген: 840    Пікірлер: 0

сейсенбі, 09.10.2018, 13:02

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31