Ассамблея

Медиация ұлтты ұйыстырушылық, біріктірушілік қызмет те атқарып отыр

  • Медиация ұлтты ұйыстырушылық, біріктірушілік қызмет те атқарып отыр

    Медиация ұлтты ұйыстырушылық, біріктірушілік қызмет те атқарып отыр

Елбасы судьялар одағының V съезінде сот тәртібімен қаралуға жататын дау­дамайларды азайту қажеттігіне назар аудартып, соттан тыс реттеудің баламалы әдістерін, яғни медиация үрдістерін енгізуді тапсырды. Осы тапсырмаға орай 2011 жылдың 28 қаңтарында «Медиация туралы» заңы қабылданды.

Медиацияны тараптардың келісімі бойынша сотта судья, не татуластыру рәсімдерін жүзеге асыратын медиатор жүргізеді. Медиация – еріктілік, тараптардың тең құқылығы, медиатордың тәуелсіздігі мен бейтараптылығы, медиация рәсіміне араласуға жол бермеушілік, құпиялылық, қолданыстағы заңнаманың талаптарына сай болуы қағидаттары негізінде жүргізіледі. Медиацияның артықшылығы неде? Мұнда тараптар уақытын үнемдейді, өйткені сот рәсіміне қарағанда медиация рәсімі қысқалау, мемлекеттік баж салығы төленбейді, дауласушы тараптар адвокаттың қымбат ақылы қызметіне жүгінбейді. Ең бастысы, қоғамдағы алауыздықты азайтып, ел бірлігін, тұрғындардың татулығын нығайта түседі.


Ел бірлігі демекші бірнеше жылдан бері медиацияның ел ішінде дамуын, кең таралуын, насихатын арттыру мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істейді. Қазіргі уақытта Қазақстанда медиация институтының жұмысы белсенді түрде жүргізілуде. Оның маңыздылығы туралы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен ҚР «Медиация туралы» Заң қабылданған болатын. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVI сессиясында Қазақстан Халық Ассамблеясының жұмысының маңызды бағдары — қоғамдық келісім кеңестері, қайырымдылық және медиация жұмыстарын күшейтуі қажет, — деп тапсырма берген болатын. Елбасы осы мәселеге үлкен зер салып, медация тәсілі адам құқықтарын ең қымбат қазынасы ретінде қастерлейтінін, мемлекеттің алғы шарты болу тиіс екенін атап көрсеткен болатын. Осының арқасында бүгінде медициялық істер қатары артып келеді. Жалпы медиация сөзі ағылшын тілінен қолданысқа енді еніп, атауы өзгеше естілгенімен, бұл бұрын қазақ қоғамында болғандығымен тәнті етеді. Бұрын ата­бабаларымыз ағайын, ел ішіндегі дау­дамайды, кикілжіңді билер соты арқылы шешіп отырған. Тарих қыртысына үңілсек, ондай мысалдарды көптеп табамыз. Аузы дуалы атақты Қазбек, Төле, Әйтеке билердің болғаны мәлім. Қазақ қашанда сөзге тоқтаған халықпыз. «Алдыңа келсе атаңның құны болса да кеш», «Ер шекіспей, бекіспейді», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деген мақалдар соның көрінісі іспеттес.


Бітімгерлік қазақ халқы үшін таңсық дүние емес. Дауды бітімгершілік жолмен шешкен ел ақсақалдары халқымыздың бірлігін сақтаған. «Жеті жарғы» талаптары бойынша дауды шешуде хан болмаған жағдайда талапкер мен жауапкер тұратын ауылдың билеушілері, жанына екі жақтан да арада жүруші екі адам шақырып дауды шешуге араласқан. Және айыпкер жағынан биге күдік болса биді ауыстыруға өтінім еткен. Медиация институтының дамуы еліміздегі сотқа дейінгі дауларды азайтып, даудың сотта тез шешілуіне септігін тигізетіні сот тәжірибесінен көрінеді. Қазіргі кезде аудандық, қалалық, ауылдық округ әкімдіктерінде медиация кабинеттері ашылған.


 Ақерке Нұрғабылова, Алматы қаласы №2 Бостандық аудандық сотының бас маманы, сот мәжілісінің хатшысы




Көрілген: 1172    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 26.09.2018, 16:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31