Ассамблея

Медиацияға арналған семинар өтті

  • Медиацияға арналған семинар өтті

    Медиацияға арналған семинар өтті

Жақында Талдықорған қаласындағы Тілдер сарайында Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының ұйымдастыруымен «Қоғамдық келісім, Аналар кеңестері және «Жаңғыру жолы» ҚХА жастар қозғалысының қызметіндегі медиация институты» тақырыбында республикалық семинар өтті.


Еліміздегі Қазақстан халқы ассамблеясының медиация институтын кеңірек қолданысқа енгізуге мұрындық болып жүргелі біршама уақыт өтті. Осы орайда халық арасында медиация туралы кеңірек түсінік беру мақсатында семинарлар мен жиындар өткізудің маңыздылығы артып отыр. Семинардың мақсаты: өңірдегі қоғамдық медиаторлар жұмыстарының белсенділігін арттыру, татуластырудың тиімді тәсілдерін жетілдіру және медиаторлардың жұмысындағы өзекті мәселелерді, ұсыныстарды талқылау болатын.


Маңызды шараға ҚР Президенті Әкімшілігі жанындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-і медиация және халықаралық әріптестік секторының және облыстық сот, прокуратура, әділет департаменті, этномәдени бірлестіктер, Аналар, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен белсенділері, аудан, қалалардың кәсіби емес және кәсіби медиаторлары, БАҚ өкілдері қатысты.


Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Тұрсынбай Ғабит Тұрсынбайұлы семинарды ашып, ұйымдастырылып отырған жиынның мақсатын түсіндірді. Одан соң ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының бас маманы, медиация үйлестірушісі Раһимзаде Инара Раһимгызы, Алматы облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Жақиянов Оралбек Нұрсейітұлы, Сарқан ауданының кәсіби емес медиаторы, Ана медиатор Калиева Күлшарбан Мырзабайқызы, Алматы облыстық сотының судьясы, медиация саласы бойынша үйлестіруші Жекенова Нұргүл Жекенқызы,  Облыстық прокуратура қоғамдық мүдделерді қорғау бойынша басқармасының прокуроры Мақашев Нұрбосын Тәжібайұлы,  Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Дауылбаева Айнұр Тұрарбекқызы, Алматы облыстық орыс орталығы төрағасының орынбасары Котельникова Лариса Леонидовна, Медиация орталығының меңгерушісі, Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының заңгер-медиторы Махмет Айбүбі Қанатбекқызы – секілді мамандар қатысып өз саласына қатысты медиацияның пайдасы мен қолдануға қатысты түйткілдерді ортаға салып, баяндама жасады. 


Қазақ халқының дәстүрінде бұрыннан бар медиация - бітімгершілік қағидасын жаңғыру жолымен қолданысқа енгізу арқылы, тиімді дәстүрді жалғаудың маңыздылығын бүгінде түсініп отырмыз. Тәжірибе кезінде жүйенің қаншалықты пайдалы екенін байқағандықтан алдағы уақытта медиацияны әлі де болса дамыту мақсат болып отыр. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4346    Пікірлер: 0

сейсенбі, 26.06.2018, 16:51

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31