Ассамблея

Медиацияның маңызы арта түспек

  • Медиацияның маңызы арта түспек

    Медиацияның маңызы арта түспек

Уақыт өткен сайын медиация жүйесі қанатын кең жайып келеді. Осыған дейін еліміздегі құқық қорғау орындары мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы медиацияның тиімділігн ел ішінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, мүмкіндігінше көбірек қолдану, медиация арқылы қаралатын істердің санын арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізген болатын. 


Құқық қорғау органдары өздеріне келіп түсетін істерді медиаторларға бағыттау арқылы жұмыс істесе, Қазақстан Халқы Ассамблеясының жер жердегі бөлімшелері Достық үйлерінен ашылған медиация кабинеттерінде істердің бітімгершілік арқылы шешім табуына жол сілтеп отырды.


Енді Имамдар да сотқа дейінгі татуластыруға тартылмақ. Елімізде билер институтын жаңғырту бағытында Жоғарғы сот пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлескен жобаларды жүзеге асыруды мақсат етіп отыр. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Жоғарғы сот төрағасының кеңесшісі Сағатбек Сүлейменмен кездесті.


Кездесуде Жоғарғы Сот төрағасының кеңесшісі Бас мүфтиге елімізде билер институтын жаңғырту бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруды ұсынды. Азаматтарды сотқа дейін татуластыру, бітімге шақыру, араағайындық дәстүрді қайта жаңғырту үшін бірлесіп мәселені шешу сөз болды. Сағатбек Сүлеймен бұл бағыттағы жобаларды жүзеге асыруда мүфтият қызметкерлері мен имам, молдалардың ықпалын айрықша атап өтті.


«Халықты бірлік пен ізгілікке, татулық пен мейірбандыққа үндеу – мүфтияттың негізгі міндеті. Біз бұл бағытта бірлесе жұмыс жасауға әзірміз. Халықты ымыра мен бітімге, өзара келісімге шақыру – түрлі мекемеде түрлі миссияны атқарып отырған жетекші тұлғалардың парызы. «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» деп текке айтпаса керек. Біз біріксек, ізгі іс-шаралар мен игі жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыратын боламыз» деді Серікбай қажы Ораз.


Басқосуда тараптар Жоғарғы сот пен ҚМДБ арасында арнайы меморандум қабылдауға уағдаласты. Сондай-ақ, жұртшылық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, конференциялар мен дөңгелек үстел, арнайы басқосулар өткізуге келісті. Қазақстанда татуластыру және дауды сотқа дейін реттеу шарасын қолдану аясын кеңейту мақсатында 2015 жылы Елбасының бастамасымен Азаматтық процестік кодексі қабылданған еді. Алдағы уақытта бүкіл қоғамды жұмылдыру арқылы медиацияның қолданылу аясы кеңейе береріне сенім мол!


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 660    Пікірлер: 0

бейсенбі, 04.10.2018, 18:46

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30