Ассамблея

«Мың бала» жас өскіндерді отаншылдыққа баулиды

  • «Мың бала» жас өскіндерді отаншылдыққа баулиды

    «Мың бала» жас өскіндерді отаншылдыққа баулиды

Қарағанды қаласындағы Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасын қорытындылау үшін салтанатты жиын өтті.

«Мың бала» жобасы еліміздегі әртүрлі ұлт өкілдерінің балаларына қазақ тілін үйретіп, халқымыздың әдет-ғұрпы мен салт-дәстүріне қызығушылығын оятып, еліміздің тарихымен таныстырып, болашақта туып-өскен Отанын құрметтеуге баулуды мақсат тұтады. Осындай игі жобаның атқарар ісі орасан. Өйткені тұрып жатқан елінің тарихы мен тілін, әдет-ғұрпын біліп өскен жеткіншек болашақта ел іргесінің бүтін болуы үшін қызмет істейтін азамат болып қалыптасатыны сөзсіз. Кішкентайынан осындай тәрбие көріп өскен баланың бойында елге, жерге деген құрмет болады. Тіл ұлт пен ұлтты, адам мен адамды жақындастыратын құрал екені белгілі. Сондықтан мемлекеттік тілді білген адам әрқашан да ортасына қадірлі. Оны күнделікті өмірде көріп біліп жүрміз. Қазақ тілінде сөйлейтін өзге ұлт өкілін әртүрлі салада кездестіруге болады. Олар еліміздің мақтанышы деуге болады. Өзіне деген құрметті сезінген қазақ елі оларды әрдайым қадір тұтып төрге оздырады. Сондықтан да «Мың бала» жобасының маңызы ерекше. Бұл жоба татулық пен бірліктің, ынтымақтың алтын бастауы. Өйткені Қазақстан сан түрлі ұлт пен ұлыстың басы қосылған көп ұлтты ел. Әртүрлі ұлт өкілі елімізде бейбіт өмір сүріп, өзінің ұлттық тілін, дәстүрін, мәдениетін сақтауына барынша жағдай жасалған. Елімізде жүргізіліп жатқан саясат әр ұлт өкіліне өте тиімді. Елбасымыздың сындарлы саясатының арқасында атқарлып жатқан істер қаншама?! Мемлекет басшысының өзі құрған Қазақстан халық Ассамблеясы осындай игі істерді ұйымдастырып тұтастық пен тұрақтылықтың ұйытқысы болып келеді.

Осы ретте «Мың бала» жобасын Қарағанды облысында ұйымдастырып, іс-шараны жоғары деңгейде өткізіп отырған облыстық білім басқармасы мен Қарағанды облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің жұмысын ерекше айтып өткен жөн. Жобаға қатысқан үміткерлер барынша сұрыпталып, лайықты деп танылғандар Қарағанды облыстық білім басқармасының қорытындысы бойынша жеңімпаз атанды.

Атап айтар болсақ «Тіл мектебі» қазақ тілін оқытудың авторлық бағдарламалар номинациясының жеңімпазы Сүлейменова Аяулым Турагұлқызы мен шәкірттері Мунтян Данил мен Больщаков Владимир. Аяулым Турагұлқызы Н.Нұрмақов атындағы мамандандандырылған мектеп –интернаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі және «Тіл таным», «Сөз таным» т.б. бағдарламалардың авторы. Сонымен қатар, 6-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі оқулығының сараптамашысы.

«Тиімді тілдік орта» ойын алаңы номинациясының жеңімпазы Қарағанды қаласындағы №93 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің жоғары санатты мұғалімі, орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқытатын мұғалімдердің шеберлік орталығының тренері Кубекова Құралай Төлепбергенқызы.

«Асыл сөз» мектебі шешендік өнер номинациясы жеңімпаздары: Кузнецов Владимир – Приозерск қаласындағы №2 жалпы білім беретін орта мектебінің оқушысы, Бұқар жыраудың 350 жылдығына арналған «Даланың дара данасы» облыстық байқауының жеңімпазы.

Ким Джейсан – Қарағанды қаласындағы №101 мектеп-лицей. Ол облыстық, республикалық қазақ тілі пәні олимпиадасының жеңімпазы, «Балалар мемлекеттің болшағы» республикалық байқауы, «Сарыарқаның киелі жерлері» жобасының авторы.

«Еркін сөйле» үздік бейнероликтер байқауының жеңімпаздары: Рейникова Дарья – Нұра ауданындағы Шайменов атындағы орта мектеп. Ол Халықаралық «Тұлға» байқауының, Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының жеңімпазы.

Валиев Анвар – Н.Нұрмақов атындағы мамандандырылған мектеп-интернаты. Ол облыстық пәндік олимпиадалық конмандасының жеңімпазы, юниор олимпиадасының жеңімпазы, «Тіл таным» зертханасының мүшесі.

Жеңімпаздар сахна төрінде арнайы дипломдармен, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Салтанатты жиынға қатысушы қауым ерекше көңіл күйде болды.

Қарағанды облысында осы бағытта көптеген шаралар ұйымдастырылып игі істер атқарлып жатқанын ерекше айтып өткен жөн. Аталмыш шараның алдында ғана Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Хатшылығы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Бұқар жырау Қалқаманұлының 350 жылдығына арналған «Даланың дара данасы» атты облыстық байқау өткен болатын. Байқау өңірдегі этномәдени бірлестіктердің мүшелері арасында Бұқар жырау шығармашылығын насихаттау үшін ұйымдастырылған еді. Салтанатты шараны Марина Галяс жүргізді. Облыстық деңгейде өткен шараға өзге елдің азаматтары да ниет білдіргенін ерекше айта кеткен жөн. «Мың бала» жобасы жеңімпаздарының бірі Владимир Кузнецов осы байқауда да жеңімпаз атанып бірінші орынды иеленген болатын. Осындай таланттарды насихаттап, өнері өрлей беруіне мүмкіндік жасау үшін тіл мәртебесін көтеу бағытындағы іс-шаралар көптеп ұйымдастырылса нұр үстіне нұр болар еді. Өйткені мұндай шаралар жас өскіннің қазақ тіліне деген махаббатын оятып, отансүйгіштікке тәрбиелейді.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 698    Пікірлер: 0

сенбі, 27.10.2018, 15:28

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30