Ассамблея

Облыстық ассамблеяның жетістігі жетерлік

  • Облыстық ассамблеяның жетістігі жетерлік

    Облыстық ассамблеяның жетістігі жетерлік

Жер жәннаты Жетісуда бірлік пен ынтымақтың берік орнығуы­мен халықтың жағдайы күн санап жақсарып келеді. Жүзден астам этнос өкілдері мекендеген өңірде ұлыс өкілдерінің салт-дәстүрі, тілі мен мәдениетін өркендетуге мей­лін­ше мүмкіндіктер жасалған.


Алматы Об­лыстық Қазақстан халқы Ассамб­лея­сы бүгіндері 71 этномәдени бір­лестіктің жұмысын үйлестіріп отыр. Бұл еліміздегі жақсы көрсеткіш десек, бірлестіктер Талдықорған төріндегі жаңа Достық үйіне қоныстанғаннан бергі кезеңде этностық топтардың шын мәніндегі орталығына айналып, оларды елге сыйлы, көзқарасы қалыптасқан азаматтар басқару үстінде. Нұрсұлтан Назарбаевтың Қа­зақ­­стан халқына арнаған “Жаңа он­жылдық – жаңа экономикалық өр­леу – Қазақстанның жаңа мүм­кін­діктері” атты Жолдауына орай өткен мерзімде жекелеген этнос өкіл­дері тығыз орналасқан аймақ­тарда ақ­параттық-насихаттық топ­тар құры­лып, түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Бұл жұмысқа облыстық Ассамблея атынан сай­ланған депу­тат­тардың қосып жат­қан үлесі қо­мақты. Сонымен бірге, өткен жылы облыстық ішкі саясат департа­менті­мен бірлесіп, қоғам­дық пікірді зерт­теу мақсатында 4 әлеуметтік сауалдама жүргізілді. Оған 8 мың­­нан аса респондент қа­тыс­ты. Нәти­жесінде халықтың басым бөлігі еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалға оң көзқарастарын білдірсе, облыс тұрғындары кез кел­­ген мәселе бойынша адамдар­дың ұлтына емес, олардың адами қа­сиеттеріне көңіл бөлетінін айтқан.


Алматы облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясы, этномәдени бірлестіктер облыстық, респуб­ли­калық, халықаралық жобаға қаты­суға талпынуда. Мысалы, “Видер­гебурт” неміс этномәдени бірлестігі әлемдік экологиялық қормен бір­лесіп, өлкеміздің экологиялық таза­лығы үшін жұмыс жүргізді, яғни Балқаштың ішкі өңіріндегі 200 гек­тар жерге азайып бара жатқан сексеуіл ағашын отырғызды. Ал, Текелі аймағында табиғаттың био­ло­гиялық әртүрлілігін сақтау үшін күрескен бірлестік туризм мен альпи­низмді дамытуға да назар аударып келеді.


Жастардың “Бір­лік” қауымдастығы “Алматы облы­сындағы экономикалық және қар­жы жүйесін тұрақтандыру жұмы­сын түсіндіру” тақырыбы бойын­ша, ал корей этномәдени бірлестігі “Этносаралық және конфессия­ара­лық түсіністікті қалыптастыруды ұйымдастыру” тақырыбы бойынша мемлекеттік тапсырыстардың жеңім­пазы болды. Олар осы бағыт­та тұрғындармен көптеген жұмыс­тарды бірлесе атқарып келеді. Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы – ұлттық салт-дәс­түрі­міз бен тілімізге деген берік көзқарасты әрдайым басты мәселе ретінде қарастырып келеді. Халқы­мыз “Тіл – буынсыз, ой түпсіз” деген ғой. Сол түпсіз ойды қорыт­сақ, ана тіліміздің келешегіне өзіміз қамқор болып, ауқымын кеңейтсек, нұр үстіне нұр.


Мемлекеттік тілді меңгеру мәселесіне Қазақстан хал­қы Ассамблеясының қосар үлесі де айтарлықтай. Осы орайда қазақ тілін үйрену орталықтарының жүйе­сін кеңейтіп, әр ауданда, жо­ғары оқу орындарында орталықтар ашудың маңыздылығына мән берілуде. Елбасы мемлекеттік тілді меңгеру Үкіметтің қолдауына ғана байла­нысты емес, жалпы қоғам өкілдері­нің белсенділігіне, этно­мәде­ни бірлестіктердің бастама­шыл­дығына да байланысты деген болатын. Бұл жерде облыстық орыс этномәдени бірлестігі жұмысын ерекше атап өтуге болады. Бүгінде 9 мемлекеттік тілді меңгеру орта­лығы құрылса, 3-еуі Александр Бузыкиннің қаржылай көмегінің арқасында Көксу ауданын­да жұмыс істеп жатыр. Конфессияаралық түсіністікті қалып­тастыруда Қазақстан мұсыл­ман­дарының діни басқармасы мен орыс православие шіркеуінің және еліміздегі өзге де діни орталық­тар­дың алатын орны ерекше. Жұмыс барысында бұл мәселеге де барын­ша көңіл бөлініп, рухани сенім арқылы жетісулықтардың түсініс­тік­те, татулықта тірлік жасауына назар аударылуда. Облыстық Ас­самблея жанынан құрылған ақ­сақал­дар алқасы да ортақ іске өзін­дік үлесін қосып келеді. Бұл жерде Светлана Зунунованың басшылы­ғымен жұ­мыс істейтін “Ұлағат” ақ­сақал­дар ал­қа­сының қызметін атап айтуға болады. Облыстық Ассамблея ұрпақ сабақтастығын қалыптастырып, қоғамдық ұйымдар мен жергілікті биліктің бірлесе жұмыс жасауына үлес қосуы тиіс деп ойлаймыз. 


Әрине, облыстық Қазақстан хал­қы Ассамблеясының жұмыс­тарын толық айтып шығу мүмкін емес. Мәжілістер мен форумдар, фестивальдар өлкеміздегі татулық пен бірліктің қалыптасуына өз үлесін қосқаны анық. Бастысы – хал­қымыз татулық, келісім ахуа­­лын­да өмір сүріп, мемлекетіміздің ертеңіне деген сенімдерінің берік­тігімен ерекшеленуде. Облыстық Ассамблея халық бір­лігін, этносаралық келісімді сақ­тау, өсіп келе жатқан ұрпақ бойын­да қазақстандық патриотизм идея­ларын қалыптастыру үшін қызмет етіп, ежелгі қазақ жерінде қоныс тепкен барлық этностардың мүдде­сін көздейді. Сондай-ақ мемлекет құрау­шы ұлт – қазақтардың ерлік­ке толы өткені мен бүгіні төңіре­гінде ой қорытып, әрдайым еліміз­дің іргесі тыныш, шаңырағы биік болуы жолында тер төгіп келеді.

 Еркенұр Ерзия




Көрілген: 4730    Пікірлер: 0

бейсенбі, 14.06.2018, 18:34

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31