Ассамблея

Петропавлда ІІІ қайрымдылық бал-маскарады өтті

  • Петропавлда ІІІ қайрымдылық бал-маскарады өтті

    Петропавлда ІІІ қайрымдылық бал-маскарады өтті

Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев елдегі қайымдылық қызметінің бас үйлестірушісі болып Ассамблея табылатынын атап өтті.


Қазақстан тарихында тұңғыш рет «Қайрымдылық туралы» Заң қабылданды, осымен Ассамблея қайрымдылықты дамытуға ықпал етуге заңнамалық құзыреттілік алды.


Тұрақтылық, қоғамдық келісім және жалпыұлттық бірліктің маңызды факторлары ретінде қайырымдылық мәдениеті мен меценаттылықты, қоғамда жанашырлық құндылықтарын, гуманизм және қайтарымсыз өз-ара көмек көрсетуді дамыту мақсатында Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан облыстық ассамблеясымен «Қайырымдылық арқылы бірлік» ұранымен жыл сайын Қайырымдық балын өткізеді. Бұл-бұкіл солтүстікқазақстандықтар үшін жақсы дәстүрге айналған орасан зор іс-шара. Осылайша, бұрын өткізілген екі балдан түскен қаажаттарды есептегенде жиналған қаажат 5 млн.теңгеден асты. Жиналған қаражатпен қымбат емделуді қажетсінетін 7 балаға көмек көрсетілді.


2018 жылғы 15 мамырда Петропавл қаласында «Түркістан» қонақ үй кешенінің «Ақ тілек» мейрамханасында III қайырымдылық бал-маскарады өткізілді.


Іс-шараның алдында барлық қонақтар тамаша жанды оркестр музыкасынан, әсем фото-зонадан, сонымен қатар арнайы ресімделген декорациялардвн ләззат алды.


Қайырымдық балына қатысуға Петропавл қаласы мен облыстың ірі кәсіпкерлері, жергілікті атқарушы және өкілетті билік, этномәдени және басқа қоғамдық бірлестіктер, қорлар өкілдері, сонымен қатар меценаттық саласына айрықша көңіл аударатын адамдар шақырылды. Залға қайрымдылық жасап, емделуді қажетсінетін балаларға көмек көрсеткісі келген 300-дей қонақтар жиналды.


«Қайырымды ел» акциясы аясындағы ІІІ Қайырымдық бал-маскарадын ащқан, құрметті қонақ Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Андреевич Прокопенко болды. Ол жиналғандарды өңірде ғана емес, сонымен қатар жалпы елде өткізіліп жатқан ең маңызды оқиғалардың бірімен құттықтады, бал ұйымдастырушыларына, соның ішінде Қазақстан халқы Солтүстік Қазақстан ассамблеясын және «Қоғамдық келісім» КММ-не елдегі қайырымдылық қызметіне деген айрықша назарлары, қоғамдағы меценант ролін нығайтуға, сонымен қатар қазақстандықтардың өзекті проблемаларын шешуге оң көзқаас танытқандары үшін алғыс білдірді .


Бал қонақтарын Петропавл қаласы, облыстың шығармашылық ұжымдары мен әншілерінің, басқа өңірден келген қонақтардың, би сессиялары, дебютанттардың тамаша өнерлері: полонез, вальс, танго кұтіп тұрды. Кештің «көркі» болып 5 жастан 10 жасқа дейінгі жас дебютанттардың орындауындағы вальс болды,олар өздерінің таланттары мен нәзіктігімен мереке қонақтарын пәктік пен жүректі елжіретіп таң қалдырды.


Қайрымдылық-аукцион балының негізгі кезеңі басталмастан бұрын- барлық қонақтар карнавалдық және маскарадтық маскаларын алып, юеттерін игі істер жасау үшін ашты.


Аукцион үшін барлығы 28 лот дайындалды: құнды спорт лоттары (боксшылар Серік Сәпиев және Жанат Жақияновтың автографтарымен), зергерлік бұйымдар, авторлық суреттер, қолдан жасалған бұйымдар және т.б. 


Еркенұр Ерзия




Көрілген: 3345    Пікірлер: 0

сенбі, 26.05.2018, 19:26

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31