Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына орай тұрған үйі мұражайға айналмақ

Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойына  орай тұрған үйі мұражайға айналмақ

Биыл Қазақстанның халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның 90 жылдық мерейтойы. Тіліп түсер турашылдығымен ел есінде қалған қоғам қайраткерінің 90 жылдық мерейтойын өз деңгейінде атап өту үшін түрлі шаралар қолға алынуда. Соның бірі қазіргі таңда оның Жуалы ауданы Талапты ауылында тұрған үйін музейге айналдыру жұмыстары қолға алынуда. 
Сондай ақ халық жазушысының туған жері Жамбыл облысы 90 жылдық мерейтойдың тиісті деңгейде аталып өтуі үшін басқа да қажетті шаралар қабылданып жатқанын жеткізді. Атап өтер жайт, осы өңірдегі төрт мектеп қабырғалы қаламгердің есімін еншілеген көрінеді. Бұл туған жерінің өз ұлын мақтаныш етіп, болашақ ұрпаққа үлгі етуінің бір айғағы екені анық. Алдағы уақытта біртуар тұлғаның ескерткішін салу мәселесі де қарастырып жатқанын ескерсек, биыл мерейтойға орай біршама істердің қолға алынып жатқанын байқаймыз. 

2018 жылы 86 жасында қайтыс болған жазушының артында  "Ай мен Айша" сынды ұлматты заманды шынайы суреттеген мұралары қалды. Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қайраткерлігі туралы баяндалатын "Қызыл жебе" романы да шынайылығымен халықтың сүйіспеншілігіне айналған шығармалардың бірі.

Бүгінде қазақ журналистикасында Шерағаң басқарған тұста қазақ баспасөзінің ерекше түлегенін аңыз етеді. Мәселен Шерхан Мұртаза «Лениншіл жас» газетіне келген кезде оның таралымы 30 мың данаға әрең жететін шамада болған, ал Шерағаң оны 150 мың данаға дейін көтерсе, кейін «Жұлдыз» журналы ол басқарған уақытта таралымы 4-5 мың данадан 255 мың данаға дейін өсіп, рекордтық көрсеткішке жеткен! Бұл халыққа не керегін біліп, уақыттың тамырын дөп басқан тұлғаның салада мықты менеджер болғанын аңғартады. Халық сүйіспеншілігіне бөленген тұлғаның мұндай әрекеттері мен өткір мінезі аңызға айналған. 

Ерзия Ерсұңқар

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста