Ассамблея

Сингапур еліміздің этносаралық және дінаралық келісімді сақтау жолындағы тәжірибесіне қызығушылық танытуда

  • Сингапур еліміздің этносаралық және дінаралық келісімді сақтау жолындағы тәжірибесіне қызығушылық танытуда

    Сингапур еліміздің этносаралық және дінаралық келісімді сақтау жолындағы тәжірибесіне қызығушылық танытуда

Еліміз бейбітшілік пен тұрақтылықтың, бірлік пен ынтымақтың арқасында қарқынды түрде дамып келеді. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін егемендігімізді нығайтып, енсемізді көтеру жолында қаншама іргелі істер атқарылып, Елбасымыздың ұстанған сындарлы саясатының арқасында тыныштық пен ынтымақтың алтын бесігіне айналды. Сондықтан Қазақстанның тұрақтылықты сақтап даму жолына көптеген елдер назар аударып, өздеріне үлгі ретінде алуға ниет білдіруде. Соның бірі Сингапур Қазақстанның этносаралық және дінаралық келісімді сақтау мен алға жылжытудағы тәжірибесіне қызығушылық танытуда.

Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Берік Арын Сингапурдың Қазақстандағы Елшісі Зулкифли бин Бахарудинмен кездесіп екі ел арасындағы дін және этносаралық келісімнің, сондай-ақ азаматтық қоғамды дамытудың, жастар саясаты мен Министрліктің құзыретіне кіретін басқа да салалардағы ынтымақтастықты орнату жолдарын талқылап, келелі мәселер жөнінде ойларын ортаға салды.

Берік Сақбайұлы Сингапур тарапын ведомство қызметінің негізгі бағыттарымен, атап айтқанда, түрлі этникалық топтар мен діндердің өкілдері арасындағы бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз етудегі Қазақстанның табысты тәжірибесімен таныстырды. Сонымен қатар, вице-министр Елбасымыздың Қазақстан халқы Ассамблеясын құру арқылы бірлік пен келісімнің бірегей моделін қалыптастыру жөніндегі бастамалары туралы айтып, жақында ғана Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезіне де кеңінен тоқталып өтті.

Өз кезегінде Сингапур дипломаты көпұлтты елдің бейбіт және тұрақты дамуын, Қазақстандағы ішкі саясатты жоғары бағалады. Елші Сингапур мен Қазақстан көп ұлтты мемлекет болғандықтан, осы жағынан ұқсастығы туралы ой қозғап, Қазақстанның тәжірибесін зерделеуге қызығушылық білдірді. Сондай-ақ, осы салада тұрақты тәжірибе алмасу және ақпарат алмасу мақсатында тығыз байланыс орнатуды ұсынды. Ұсыныста Сингапурдың Қазақстандағы Құрметті консулдығы арқылы, екі жақты ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған қатынастар жөнінде атап көрсетілген.

Екі жақты кездесуде тараптар көптеген мәселелерді талқылап, ортақ шешімдерге тоқталды. ҚМДБ мен Сингапурдың «Halal Quality» орталығымен арасында бекітілген Меморандум шеңберінде «халал» индустриясын дамыту, жастардың арасында волонтерлік қызметті дамыту және өзектендіру, азаматтық қоғам институттарына азаматтық қоғам институттарын тартуға жәрдемдесу, тұрақты даму мақсаттарын қамтамасыз ету, сондай-ақ діни экстремизм көріністерін болдырмау сияқты салаларда ынтымақтастық орнатуға мүдделілік танытты.

Осы ретте өз тарапымыздан айтып өткен жөн, этносаралық және дінаралық татулық – еліміздің тұрақты дамуының негізі деуге болады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанды тұрақты даму жолына салып, зайырлы мемлекет қылып қалыптастырудағы еңбегі ерен. Сондықтан болар сырт көз Республикамыздағы этносаралық және дінаралық келісімнің жарқын үлгісін үнемі мойындайды. Өйткені ұлттарды ұйытудағы, тыныштықты сақтау жолындағы атқарылған істер орасан зор. Этносаралық және дінаралық келісімді сақтау еліміздің қасиетті қағидасы. Сондай-ақ Қазақстанның зайырлы және демократиялық үлгісі діни бірлестіктер мен мемлекет арасындағы ынтымақтастықтың түрлі формаларын қалыптастырып, әрдайым оны дамытып келеді.

Бүгін міне Сингапур тарапының қызығушылық білдіруі даму жолындағы бағытымыздың айқындығының арқасы деуге болады.

Ресми мәліметтерге қарағанда әлемде көп ұлтты елдер басым екен. Соның бірі – осы Сингапур. Сингапур малай тілінің синга — «арыстан» және санскрит тіліндегі пура — «қала» деген сөздерінен құралған. Яғни «Арыстан қала» деген мағынаны білдіреді. Сингапур аралдардан құралаған мемлекет. Жалпы саны 63 арал. Олардың ішіндегі ең бастысы Пулау Уджонг. Ал, жер көлемі 719 шаршы км. құрайды.

Сингапурдағы жалпы халық саны 5,6 млн екен, оның ішінде 3,9 млн адам тұрақты тұрғындар, ал 1,7 млн адам бейрезидент шетел азаматтары. Негізінен халықының 74,3 пайызын қытайлықтар, 13,3 пайызын – малайлар, 9,1 пайызын – үнділер, 3,3 пайызын – басқа ұлттар құрайды. Олардың 51 пайызы буддизм мен таоизм, 15 пайызы – христиан діні, көбінесе католицизм мен протестанттар, 14 пайызы – ислам және 4 пайызы – индуизм дінін ұстанушылар екен.


Нұрлы Еділов




Көрілген: 1053    Пікірлер: 0

жұма, 26.10.2018, 13:17

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30 31