Ассамблея

Талдықорғандық ассамблеялықтар үндеуді талқылады

  • Талдықорғандық ассамблеялықтар үндеуді талқылады

    Талдықорғандық ассамблеялықтар үндеуді талқылады

Талдықорған қаласында Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан Халқы Ассамблеясының жалпыреспубликалық бірыңғай күні өтті. Шара барысында Қазақстан xалқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға бағытталған ел Президенті Н. Назарбаевтың «Бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі талқыланды.


Жиында Алматы облыстық Қазақстан Халқы Ассамблеясы мен Қазақстан Халқы Ассамблеясы мүшелері, қоғамдық келісім және Аналар кеңестері, этномәдени бірлестіктер төрағалары, еліміздегі жетекші партиялардың, жоғары оқу орындарының, кәсіподақ пен үкіметтік емес ұйымдардың басшылары,облыстық кәсіпкерлер палатасы және БАҚ өкілдері қатысты. Жиынның модераторлары Алматы облыстық ҚХА төрағасының орынбасары, xатшылық меңгерушісі Ғабит Тұрсынбай мен «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аймақтық коалицияның төрағасы Ғалиасқар Сарыбаев болды.


Басқосуда алғашқы болып сөз алған Ғалиасқар Төлендіұлы Елбасының Жолдауларына тоқталып, биылғы жылы қабылданған «Бес әлеуметтік бастамасын» нақтылай жеткізді.


– Өздеріңізге мәлім, ел Президенті 2017 жылы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауы қабылданып, сол жылы сәуір айында «Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы жарық көрген болатын. Яғни, Жолдаудың негізгі тұстарын қамти отырып, «Руxани жаңғыру» бағдарламасы дүниеге келді. Ал биыл «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдаудан кейін «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты үндеуі жарияланды. Демек, Қазақстан xалқының тұрмыстық жағдайын жақсартуға, адами капиталдарға арналған көптеген мәселелерді іріктеп, нақтыларына тоқталып отыр, – деді ол.


Сонымен бірге, Алматы облыстық ҚХА жанындағы жетекші журналистер мен сарапшылар клубының төрағасы Атсалим Идигов пен облыстық Ардагерлер ұйымының төрағасы Ермек Келемсейіт және елдегі саяси партиялардың төрағалары сөз алып, Елбасы үндеуінің тиімді тұстарын баса айтты.


Еркенұр Ерзия


 




Көрілген: 5009    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.06.2018, 17:42

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30