Ассамблея

Тараптарға тиімді тәсіл – татуласу

  • Тараптарға тиімді тәсіл – татуласу

    Тараптарға тиімді тәсіл – татуласу

Біздің елімізде азаматтық, қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру бағытында ҚР «Медиация туралы» заңы қабылданды. Үшінші, бейтарап, дау-жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін медиация рәсімінде үшінші тарап ретінде медиатор танылады. Кәсіби және кәсіби емес негізде медиация жүргізетін медиатор даудың немесе сотта қаралатын істің қатысушыларына белгілі бір келісімге келуге көмектеседі.

Қазіргі кезде әлем мемлекеттерінде медиация институты арқылы көптеген даулы мәселелерді бітімге келтіріп, оң шешім тауып жатыр және бұл тәжірибе елімізде де қолданылуда. Жаңадан қолданысқа енгізілген Азаматтық процестік кодекстің басты жаңашылдықтарының бірі – татуласу рәсімдері. Кодексте оның бірнеше түрі, яғни, тараптардың дауды бітімгершілікпен, медиация тәртібімен немесе партисипативтік рәсіммен реттеп, келісімге келуі қарастырылған. Бір сөзбен айтқанда, бітімгерлік рәсімдерді қолдану шаралары кеңейтіліп, медиация институты жетілдіріліп, партисипативтік рәсім жаңашылдыққа айналып, сот ісін жүргізу жеңілдеді. Одан бөлек медиация жүйесін дамыту елімізде Қазақстан Халқы Ассамблеясына да жүктеліп отыр. Бүгінгі күні аталмыш орган медиацияны дамыту үшін көптеген ЖОО-мен, құқықтық үйымдармен меморандум жасасып қол қойылуда. Осылайша медиацияның тынысы ашылып келеді.

ҚР Азаматтық процестік кодексінің 115-бабына талап қоюдан бас тарту, татуласу келісімі немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім, арызды қараусыз қалдыру кезінде сот шығыстарын бөлу қарастырылған. Ол бойынша, талап қоюшы талап қоюдан бас тартқан кезде ол жұмсаған сот шығыстарын жауапкер өтемейді. Талап қоюшы жауапкерге істі жүргізуге байлнысты оның жұмсаған сот шығыстарын өтейтіні, егер талап қоюшы талап қою берілгеннен кейін жауапкердің оларды ерікті түрде қанағаттандыруы салдарынан өз талаптарын қолдаудан бас тартса, сот талап қоюшының өтінішхаты бойынша жауапкерден барлық жұмсаған сот шығыстарын өндіріп алады. Егер талап қою жауапкердің кінәлі мінез-құлқынан туындамаса, онда сотта жауапкер талап қоюды мойындаған жағдайда сот шығыстары талап қоюшыға жүктеледі. Көрсетілген баптың 2-бөлімінде тараптар бірінші, апелляциялық сатылардағы соттар бекіткен татуласу келісімін немесе дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім, дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасқан кезде, төленген мемлекеттік баж толық көлемде бюджеттен қайтарылуға жататыны, кассациялық сатыдағы сотта татуласу келісімі, дауды (жанжалды ) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасалған кезде, төленген мемлекеттік баж кассациялық сатыдағы сотқа жүгіну кезінде төленген соманың елу пайызы мөлшерінде бюджеттенқайтарылуға жататыны көрсетілген. Басқа сот шығыстарын сот татуласу келісімінің, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің немесе дауды партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарттарына сәйкес тараптар арасында бөлетіні, келісімдерде мұндай нұсқау болмаған жағдайда олар өзара өтелген деп есептелетіні көрсетілген.

Татуласу рәсімінің ғасырлар бойы жалғасып бүгінге дейін жеткені, оның құқық саласында алатын орны ерекше екенін байқатады. Ежелгі заманда қалыптасқан заңдар бойынша татуласуды өз талаптарына сай ыңғайластырған болса, бүгінгі таңда өркениет пен адам санасының дамуы арқасында татуластыру рәсімінің ауқымы кеңи түсті. Қазіргі уақытта татуластыру рәсімі қылмыстық және азаматтық істер бойынша белсенді түрде кеңінен қолданылуда. Дауларды соттан тыс шешудің кеңінен қолданылуы (мысалы сөйлесу, делдалдық), онша ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстық істер бойынша жәбірленушімен татуласу бітімгергішілікке келудің тиімді жолы екендігінің айқын көрінісі.

Қанат СЫРЛЫБАЕВ,

Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының төрағасы


 




Көрілген: 1359    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 24.09.2018, 17:07

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    7 Қыркүйек 2018
    Кечиөрен көшесі ашылды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30