Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

2 мыңнан аса шетелдік көліктің иесі жауапқа тартылды

15 тамыз 2023, 17:59

Қазақстанда 2 мыңнан аса шетелдік көліктің иесі жауапқа тартылды. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Halyq Uni.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, министрлік 2023 жылғы 1 шілдеге дейін шетелдік көліктердің заңдастырылатынын хабарлаған.

 

Кім автомобилін заңдастырып үлгермеді? Өтінімді беріңіздер дедік. 1 шілдеге дейін түскен барлық өтінімді әрі қарай қарастырамыз. Бүгін бұл жұмыс жүргізіліп жатыр. Осындай 15 мыңға жуық көлікті уақытша есепке тіркедік, үлгермегендердің (өтіштерін) әлі де қарастырамыз, - деді Қайсар Сұлтанбаев.

 

Оның айтуынша, биыл көлікті шетелден әкеліп, оны рәсімдемей, заңды бұзып, автомобиль тізгіндейтін жүргізушілер де бар. Қазір ведомство түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр.

 

«Көлікті сақтандыру мерзімі аяқталса, оны басқаруға болмайды. Мұндай жүргізушілерге Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекс шеңберінде 10 АЕК (34 500 теңге, 1 АЕК – 3 450 теңге) айыппұл төлейді. Мұндай жағдай бірінші рет болып тұрған жоқ. Қазір біз алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. (Қайта заң бұзылса) екінші рет әкімшілік хаттама толтырылып, көлік айыппұл тұрағына қойылады.

Бүгінде көлікті сақтандырусыз, сақтандыру полисінсіз, техникалық байқаусыз басқарған 2 мыңнан аса көлік иесін анықтадық. Жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 1,7 мыңға жуық көлік айыппұл тұрағына қойылды, - деді комитет төрағасы.

 

 

Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz