Алматыда көшелердің біріндегі қозғалыс кестесі өзгереді

05 қаңтар 2023, 14:56

Алматы Қалалық мобилділік басқармасы Рысқұлов даңғылында жол қозғалысы сызбасының өзгергенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі , деп Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

"Көлік ағынын өткізу қабілетін арттыру мен қақтығыстардың алдын алу мақсатында 2023 жылғы 5 қаңтардан бастап эксперименталды түрде Рысқұлов даңғылы мен Момышұлы көшесінің қиылысында Рысқұлов даңғылынан батыс және шығыс бағытта солға бұрылуға тыйым салынады", - делінген Алматы Қалалық мобилділік басқармасы хабарламасында.

 

2023 жылғы 1 наурызға дейін мамандар аталған аумақтың, бағдаршам нысандары мен бұрылу орындарының көлік өткізу қабілетіне талдау жасап, оның нәтижесіне сәйкес шешім қабылдайды.